93
5.40-сурет. З
ы
және Ж
ы
дауыссыз дыбыстарының жасалым
моделі
4.40-сурет. З
ы
және Ж
ы
дауыссыз дыбыстарының жасалым моделі
Ұяң дауыссыз дыбыстардың жасалуына дауыс желбезегінің қа-
тысы жартылай болады, яғни дауыс желбезегі жартылай тербеледі.
Сондықтан ұяң дауыссыздар тобын жеке қарастырған кезде дауыс
желбезегінің қатысы ескерілмейді. Сонда ұяң дауыссыздардың жаса-
лым белгілерінің жүйесі (системасы) жасалу орны мен жасалу тәсіліне
байланысты болады. Ол үшін төмендегідей шартты сызықтар пайда-
ланылады:
Жасалым орны (бүтін сызық)
Жасалым тәсілі (үзік сызық)
Ұяң дауыссыздар өзара тоғысыңқы-жуысыңқы болып жіктеледі.
Тоғысыңқы дауыссыздар өзара ерін, тіл ұшы және тілшік (тіл ортасы)
болып жіктеледі: Б – ерін, тоғысыңқы, Д – тіл ұшы, тоғысыңқы,
Ғ(-Г) – тілшік (тіл ортасы), тоғысыңқы/жуысыңқы. Тоғысыңқы
дауыссыздардың жасалым моделі олардың үш
айырым белгілеріне
лайық үшбұрыш болып шығады (4.41-сурет). Модельдің барлық
бұрыштары (ұялары) толып тұр. Бос қалған бұрыш жоқ.
Ұяң жуысыңқы З, Ж дауыссыздарының өз ерекшелігі бар. Бірін-
шіден, екеуі де тіл ұшы дауыссыздар (суретте – жоғарғы үшбұрыш).
Екіншіден, олардың жинақы-жайылыңқы белгілері тек өз арасында
ғана жүреді. Өзге ұяң дауыссыздар үшін жинақы-жайылыңқы айы-
рым белгілерінің фонетикалық мәні жоқ. Ендеше, ұяң дауыссыздар-
дың құрамын қарастырғанда ол екеуі біріктіріліп, тіл ұшы жуысыңқы
дауыссыздар ретінде модельдің бір бұрышына орналасады. Және қа-
зақ тіліндегі Ғ(-Г) дауыссыздары
сөз басында тоғысыңқы, сөз орта-
сында жуысыңқы болып айтылады. Сондықтан модельдің жоғарғы
Жасалым орны (бүтін сызық)
Жасалым тәсілі (үзік сызық)
94
оң жақ бұрышына тағы да сол дауыссыздар орналасады. Сонда
үшбұрыштың бір басы бос қалады.
Модельдің құрамындағы ұяң дауыссыздардың әрқайсысының
өз фонетикалық мәні бар. Дауыссыз орналасқан бұрыштың мәні мен
мағынасы сол бұрыштағы дауыссыздың айырым белгілері болып та-
былады. Соның арқасында бос қалған бұрышта қандай дыбыс болуы
мүмкін екенін жорамалдауға болады. Қазақ
тілінің төл дыбыс құра-
мында жоқ, бірақ болуы мүмкін дыбысты табуға болады. Ендеше, сол
бос тұрған бұрышта қандай дыбыс болуы мүмкін?
Модельдің төменгі жағына тоғысыңқы дауыссыздар орналасқан.
Жоғарғы бөлігінде жуысыңқы дауыссыздар орналасқан. Төменгі
жақтағы бұрыштар толық, бос орын жоқ. Ендеше, тоғысыңқы дауыс-
сыздар түгел деген сөз. Жоғарыда бос орындар бар, ендеше, жаңа жуы-
сыңқы дауыссызға әлі орын бар деген сөз. Төменгі сол жақ бұрышта
тіл ұшы, тоғысыңқы
Д дауыссызы орналасқан. Ал оның үстіңгі тұ-
сына тіл ұшы, жуысыңқы
З(-Ж) орналасқан. Тіл ұшы Д және З(-Ж)
дауыссыздары жасалу орны жағынан жұптасып тұр. Айырмасы:
бірі – тоғысыңқы, екіншісі – жуысыңқы. Ал енді осы ретпен пайымда-
сақ, оң жақ төменгі бұрыштағы тоғысыңқы, тілшік
Қ(-Г) дауыссызы-
ның үстіндегі бос бұрышта қандай дыбыс тұру керек? Ол
жерде тек
қана жасалу орны жағынан тілшік (тіл ортасы) тоғысыңқы
Ғ(-Г) дауыс-
сызымен жұптаса алатын тілішік (тіл ортасы) жуысыңқы дауыссыз ды-
быс тұру керек. Ондай тілшік (тіл ортасы), жуысыңқы дауыссыз дыбыс
Ғ(-
Г) болып табылады. Олар бір дегеннен орнына қойылды. Өйткені
тоғысыңқы
Ғ(-Г) дауыссызының жуысыңқы аллосингемасы (варианты)
ретінде кездесе береді: аға (айтылымы
аºға), егін (айтылымы
еºгін).
Ал енді осы ретпен тағы да бір болжам жасауға болады. Төменгі
ортадағы бұрыштағы ерін, тоғысыңқы
Б дауыссызының үстінде бос
бұрыш тұр. Онда қандай дыбыс тұруы мүмкін?
Ол жерде де тек қана ерін-ерін, тоғысыңқы
Б дауыссызымен жа-
салу орны жағынан жұптаса алатын ерін-ерін жуысыңқы дауыссыз
дыбыс тұру керек. Ондай ерін-ерін, жуысыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс
º
Б болып табылады (оған
арнайы таңба болмағандықтан, ал халық-
аралық фонетикалық таңбасы [ß] күрделі болғандықтан, орыс тілінің
тіс-ерін, жуысыңқы, қатаң
В дауыссызымен шатыстырып алмау үшін,
шартты таңба алынды: негізгі Б таңбасы дыбыстың ерін-ерін екенін,
[º] дейекшесі оның жуысыңқы болып айтылатынын көрсетеді). Қазақ
тілінде орыс тілінің үлгісіндегі тіс-ерін, жуысыңқы
В дауыссызы жоқ.
95
Сондықтан да «вагон, волейбол» т.б. сөздердің қазақы айтылымы «бә-
гөн, бәлейбол» болып жүр. Тіптен, орыс тілінен енген сөздердің құра-
мындағы
В дауыссызын сол орыс тілі үлгісінде айтуға тырысқанның
өзінде ол жуысыңқы тіс-еріндік болып шықпай, ерін-еріндік
ºБ болып
айтылады. Мұның өзінің фонетикалық заңдылығы бар. Қазақ тілінің
айтылымында (орфоэпиясында) сөз ортасындағы тоғысыңқы
Б дауыс-
сызы жуысыңқы аллосингема болып айтылады: абай (айтылуы
аºбай),
түбір (айтылуы
түºбүр) т.б. [Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі].
Б
З-Ж
Д
Ғ-(Г)
5.41-сурет. Ұяң дауыссыздардың
көрнекі моделі
Ғ-(Г)
4.41-сурет. Ұяң дауыссыздардың көрнекі моделі
Сонымен, дыбыстарды модельдеу арқылы төл дыбыстар (олардың
варианттары) мен кірме дыбыстардың басын ашып алуға болады.
Ұяң дауыссыздардың сингема және аллосингема мәртебесіндегі
жұмсалым реті көрнекі көрсетілді. Сонымен қатар егер қазақ тілінің
даму тарихында жаңа ұяң дауыссыз дыбыс пайда болатын болса, онда
ондай дыбыс модельдегі бос бір орынға ғана (ерін-ерін, жуысыңқы
ºБ
болып) орналаса алады.
Қазақ тілі ұяң дауыссыздарының толық көрнекі моделінің ішінен
кез келген дауыссыздың өзге дауыссыздармен
арасындағы айырым
белгілерінің түрін анықтап, санын түгендеп беруге болады. Ұяң
дауыссыздардың моделі бүгінгі қазақ әліпбиіндегі төл ұяң дауыссыздар
мен кірме ұяң дауыссыздардың басын ашып береді, модельге енген ұяң
дауыссыздар төл дыбыстар болады да, модельден орын табылмаған
ұяң дауыссыздар кірме дыбыстар болып табылады.