- жуан езулік әуез дәйекшесіз беріледі, яғни дәйекшенің жоқтығы
жуан езулік әуезді көрсетеді;
- жіңішке езулік әуез сызықша дәйекшемен беріледі, яғни
сызықша дәйекше жіңішке езулік әуезді көрсетеді;
- жуан еріндік әуез шеңбер дәйекшемен беріледі, яғни дөңгелек
дәйекше жуан еріндік әуезді көрсетеді;
- жіңішке еріндік әуез сызықша дәйекше+шеңбер дәйекшемен
(қосақталып) беріледі, яғни қосақталған сызықша және шеңбер
дәйекше жіңішке еріндік әуезді көрсетеді.
Дәйекше белгілер
- [] – жуан езулік әуез нөлдік белгі (белгіленбейді);
- [’] – жіңішке езулік әуез;
- [°] – жуан еріндік әуез;
- [’°] – жіңішке еріндік әуез.
Үндесім дауыстылар
Қазақ тіліндегі үндесім құбылысы төрт әуезден құралады, олар:
жуан әуез, жіңішке әуез, езулік әуез және еріндік әуез.
Жуан әуезді дауыстылар:
А, Ы, Ұ, О
Жіңішке әуезді дауыстылар:
Ә, І, Ү, Ө, Е
Езулік әуезді дауыстылар:
А, Ә, Ы, І, Е
Еріндік әуезді дауыстылар:
Ұ, Ү, О, Ө
Алайда қазақ сөзінің құрамында үндесім әуездер таза күйінде
кездеспейді. Тілдің ілгерінді/кейінді көлденең қалпы мен еріннің езулік/
113
еріндік қалпы өзара араласып келіп, күрделі әуез түрінде кездеседі: жуан
езулік әуез, жіңішке езулік әуез, жуан еріндік әуез, жіңішке еріндік әуез.
Соның нәтижесінде дауыстылар әрі қарай іштей тағы жіктеледі.
Үндесімге байланысты тілдің жоғары/төмен (ашық/қысаң) қалпы
ескерілмейді.
А, Ы – жуан, езулік үндесім дауыстылар (5.1-сурет).
Тіл ауыз қуысында кейін шегініп жатады, ерін бейтарап қалады,
яғни дөңгеленбейді.
6.4-сурет. А және Ы дауысты дыбыстарының жуан, езулік үндесім моделі
5.1-сурет. А және Ы дауысты дыбыстарының жуан, езулік үндесім моделі
Ә, І, Е – жіңішке, езулік үндесім дауыстылар (5.2-сурет).
Тіл ауыз қуысында ілгері жылжып жатады, ерін бейтарап қалады,
яғни дөңгеленбейді.
6.5-сурет. Ә және І дауысты дыбыстарының жіңішке, езулік үндесім
моделі
5.2-сурет. Ә және І дауысты дыбыстарының жіңішке, езулік үндесім моделі
Ұ, О – жуан, еріндік үндесім дауыстылар (5.3-сурет).
Тіл ауыз қуысында кейін шегініп жатады, ерін дөңгеленіп тұрады.
114
6.6-сурет. Ұ және О дауысты дыбыстарының жуан, еріндік үндесім
моделі
5.3-сурет. Ұ және О дауысты дыбыстарының жуан, еріндік үндесім моделі
Ү, Ө – жіңішке, еріндік үндесім дауыстылар (5.4-сурет).
Тіл ауыз қуысында ілгері жылжып жатады, ерін дөңгеленіп тұрады
6.8-сурет. Ү және Ө дауысты дыбыстарының жіңішке, еріндік үндесім
моделі
5.4-сурет. Ү және Ө дауысты дыбыстарының жіңішке, еріндік үндесім моделі
Достарыңызбен бөлісу: |