Құранды (дифтонг) дауысты дыбыстар О дыбысы (6.4-сурет)
О дауысты дыбысы (екінші сыңары) жақтың қысаң ашылып,
тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай
жоғарылы дауысты дыбыс болып табылады. Одыбысын айтқанда
ерін сүйірленіп басталып, дөңгеленіп аяқталады. Еріннің қатысына қа-
рай
сүйір ерін дауысты дыбыс болып табылады. О дыбысын айтқанда
тіл ауыз қуысының кейінгі жартысына орналасады. Тілдің көлденең
қалпына қарай
кейінді дауысты дыбыс болып табылады.
Дауысты тілдің тік қалпына қарай – жоғарылы, ерін қатысына қа-
рай – сүйір еріндік, тілдің көлденең қалпына қарай – кейінді дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері: жоғарылы, сүйір еріндік, кейінді да-
уысты дыбыс.
Ө дыбысы
Ө дауысты дыбысы (екінші сыңары) жақтың қысаң ашылып, тілдің
жоғары көтерілуі арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай
жоға- рылы дауысты дыбыс болып табылады. Өдыбысын айтқанда ерін
сүйірленіп басталып, дөңгеленіп аяқталады. Еріннің қатысына қарай
сүйір еріндік дауысты дыбыс болып табылады. Ө дыбысын айтқан-
да тіл ауыз қуысының ілгері жартысына орналасады. Тілдің көлденең
қалпына қарай
ілгерінді дауысты дыбыс болып табылады.
Дауысты тік қалпына қарай – жоғарылы, ерін қатысына қарай –
сүйір еріндік, тілдің көлденең қалпына қарай – ілгерінді дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері: жоғарылы, сүйір еріндік, ілгерінді да-
уысты дыбыс.
7.4-сурет. О және Ө дауысты дыбыстарының үйлесім моделі
6.4-сурет. О және Ө дауысты дыбыстарының үйлесім моделі
Е дыбысы (6.5-сурет)
Е дауысты дыбысы (екінші сыңары) жақтың қысаң ашылып, тіл-
дің жоғары көтерілуі арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай