Алланың 99 есімі ﷲ



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата22.09.2022
өлшемі190,39 Kb.
#39863
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Алланың
99 есімі
ُحﺎ ﱠﺘ َﻔﻟا ӘЛ-ФӘТТАХ
Жақсылық жасаушы. Асқан мейірімінен құлдарына төгіп беріп,
жақсылық істейді. Шындықты әшкерелеп, өтірікті өрге
асырмайды. Кімде-кім өзінің оң қолын кеудесіне қойып Алла
Тағаланың бұл әдемі есімін таң намазынан кейін 70 рет қайталаса,
жүрегі нұрланады,көңілі шаттанып жәй табады.
@ G U L M I R A U S T A Z
@ T A N G Y M A R A F O N 2
ُﻢﻴِﻠ َﻌﻟا ӘЛ-АЛИМ
Бәрін білуші, Терең білім иесі. Ол әр нәрсені толық біледі және
де Ол білмейтін ешнәрсе жоқ. Алла Тағала – білушілердің
білушісі. Алла Тағала ғайыпты да, көмескіні де біледі. Кім бұл
есімді атап, зікір етіп жүрсе Алла Тағала оған білім мен
даналықтың есіктерін ашады.
ُ
ﺾِﺑﺎ َﻘﻟا ӘЛ-ҚАБИД
Қысып алушы. Кімге қаласа, ризығын береді, қаласа бермейді.
Кім бұл есімді қайталап айтып жүрсе, аш-зарыққан болмас.
ُﻂ ِﺳﺎ َﺒﻟا ӘЛ-БАСИТ
Жаюшы. Өз ризық нығметтерін қалаған құлдарына береді.
21
22
19
20
ُ
ﺾ ِﻓﺎَﺨﻟا ӘЛ-ХАФИД
Түсіруші. Алла Тағала кәпірлерді тозақтың түбіне түсіреді
және кәпірлерге қайғы, мұң-зар мен азап береді. Кім Алла
Тағаланың бұл ғажайып есімін 500 мәрте зікір етсе, Хақ
Тағала оның дұғасына жауап береді.
23


Алланың
99 есімі
ُﻊ ِﻓا ﱠﺮﻟا ӘР-РАФИҒ
Көтеруші, Биіктетуші. Өзіне жақын құлдардың беделін бұл
дүниеде де, ақыретте де көтереді.
@ G U L M I R A U S T A Z
@ T A N G Y M A R A F O N 2
ﱡﺰ ِﻌ ُﻤﻟا ӘЛ-МУИЗ
Қуат беруші. Өзінің мүмин құлдарына мықты қуат береді.
Олардың мойынсұнғандары үшін күнәларын кешіріп, жәннатта
құрметті орын береді.
ﱡل ِﺬ ُﻤﻟا ӘЛ-МУЗИЛ
Кемсітуші. Кәпірлерді мойынсұнбағандықтары үшін
кемсітеді, оларға «азап үйін» – тозақты дайындайды.
ُﻊﻴ ِﻤ ﱠﺴﻟا ӘС-СӘМИҒ
Әр нәрсені Есітуші. Әр естілетін дыбыс ғайып айтылса да Оның
есітуінен тыс қалмайды. Ол құпияның бәрін біледі. Оның ести
алмайтын нәрсесі жоқ. Ол T барлық сыбыс, дыбысты естиді.
26
27
24
25
ُﺮﻴ ِﺼ َﺒﻟا ӘЛ-БАСИР
Көруші. Ол бәрін Көреген. Адам және басқа мақлұқтар
көрмейтінін бәрін көреді. Оған көрінбейтін зат жоқ. Ол
ғайыпты да көреді.
28




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет