Мына жарық дүниеге сән беріп, жылу мен мейірім төгіп, шуақ шашып



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата15.03.2017
өлшемі14,91 Mb.
#9855
  1   2   3   4   5

№2 (656)

ақпан,

2016 жыл

Мына жарық дүниеге сән беріп, жылу мен мейірім төгіп, шуақ шашып 

тұрған Сіздерсіздер. Дүниеде ананың балаға деген махаббатынан, 

мейірімінен асқан құдірет жоқ. Ана болмаса жарық дүниенің қадірін 

білмес едік, мейірім мен шапағаттың не екенін сезінбес едік. Бір қолымен 

бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп отырған асыл жандарға, ардақты 

аналарымызға, ханымдар мен аруларға деген құрметіміз шексіз. 

Әйел – тіршіліктің тұтқасы, ұрпақ жалғастырушы. Бүгінгі таңда әйел азаматшалар отбасы 

ұйытқысы болумен қатар, мемлекеттік мәселелерге араласатын қоғамның белсенді мүшесі болып 

отыр. Отбасы шаруасымен бірге қоғамдық жұмыстарды да қоса атқарып, Тәуелсіз Қазақстанның 

өсіп-өркендеуіне, әлем таныған елге айналуына, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін Сіздер 

де өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Жасап жүрген еңбектеріңіздің берекесін, отбасының бақытын 

көріңіздер! 

Баршаңызға мықты денсаулық, алаңсыз өмір тілеймін! Ортамызда күндей күлімдеп, гүлдей құлпырып, 

ер азаматтардың тірегі болып аман-есен жүре беріңіздер. 

Құрметпен, 

ректор                    Ескендір Бейсембетов       

Ардақты 


аналар, арулар!

Сіздерді кґѕілге ќуаныш сыйлай келетін кґктемніѕ алєашќы 

мерекесі – 8-Наурыз – Халыќаралыќ əйелдер кїнімен, тґл 

мерекелеріѕізбен шын жїректен ќўттыќтаймын!

-Наурыз — Халыќаралыќ əйелдер мерекесі ќўтты болсын!

8

Шығыс халықтарының 



арасында, жалпы 

мұсылман əлемінде 

əйел затын бөлекше 

бағалайтын, 

қарындасты қатты 

қадірлейтін халықтың 

бірі де, бірегейі де 

– біздің қазақ.

 

Нұрсұлтан Назарбаев 



ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ

Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, 

Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. 

Жат біреуге бақыт болып туатын, 

Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір. 

Әйелді ылғи еркелеткен ер оңар, 

Әйелдерсіз тірлігіміз не болар? 

«Қой» дейтұғын қожаң 

                                   егер болмаса, 

Еркек байғұс азып-тозып жоғалар. 

Әйел – сенің аспазың да күтушің, 

Әйел барда биіксің де бүтінсің. 

Әйел барда жалынсың – сен, 

                                      отсың – сен, 

Әйел жоқта бықсыған сен түтінсің. 

Әйел – сенің ақылшың да, айбарың, 

Ол барында естімейсің қайғы әнін. 

Әйел – сенің күзетшің де, 

                                          сақшың да, 

Әйел – сенің мерекең де, мейрамың. 

Әйел сені, сен әйелді сүйгенсің, 

Сен әйелден, әйел сенен сый көрсін. 

Өз елінің ұлы болам деген жұрт, 

Әйелдерге құл болуды үйренсін. 

Әйел, әйел – арман әні, жол әні, 

Дүниенің кешкі қоңыр самалы

Әйел сені құл қып алмай алдымен, 

Құдай құлып көтермейді жоғары. 

Сыйла әйелді, жоғарыдан бер орын, 

Көтер оның мерейі мен беделін. 

Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің, 

Өз анаңды мәңгі құрметтегенің. 

1000 Добрых дел!

Наш студенческий актив вполне плодотворно работает на уровне города и республики. С 2015-16 учебного года 

все председатели университетского актива  г. Алматы, состоят в Молодежной организации G38! За разработку 

логотипа организации G38 взялась сама, наши студенты – будущие дизайнеры справились с этой задачей за пару 

часов.

Молодежная организация G38 в рамках Плана “1000-летие Алматы – 1000 добрых дел” организует системную 



работу  по оказанию помощи, нуждающимся в тесном взаимодействии с бизнес-сообществом, неправительствен-

ными организациями и рядовыми алматинцами, которым небезразлична судьба соотечественников, оказавшихся 

в  затруднительном  положении.  В  реализации  данного  масштабного  проекта  к  нам  на  встречу  пошли  Акимат 

г.Алматы.

В рамках данного проекта в первый день, мы, активисты университета, вместе с волонтерами города объездили 

100 семей.

Цель  данной  акции  —  оказание  благотворительной  помощи  социально  уязвимым  слоям  населения: 

малообеспеченным  и  многодетным  семьям,  ветеранам  Великой  Отечественной  войны  и  труженикам  тыла, 

одиноким пожилым людям, людям с ограниченными возможностями, детям-инвалидам и сиротам.

Искренне радует, когда видишь, что работа идет, что она приносит пользу людям. Ведь каждое доброе дело – это 

составление плана работы, разработка маршрута, переживания по поводу реализации проекта. 

Ждите новых новостей! Мы планируем, создаем, осуществляем. Мы –  активны!



Мадина ЕРКИНОВА,

председатель КМО, член редакционной коллегии “РАС”, 

студентка 2-курса Института геологии и нефти газового дела им.К.Турысова

Әйел - сенің 

ақылшың


2

1-наурыз — тўѕєыш рет ґткізіліп отырєан Алєыс айту кїні



Қарттарға біз 

қарыздармыз

Қазақстан Республикасы 

Президентінің пәрменімен 1-наурыз – 

Алғыс айту күні болып белгіленді. Бұл 

мереке биыл бірінші рет өткізілгелі 

отыр. 


Қазақта  «Батаменен  ер  көгерер,  жауынменен 

жер  көгерер»  немесе  «Қарғыс  алма,  алғыс  ал» 

деген  секілді  мақал-мәтел,  сөз  тіркестері  бар. 

Ал,  бұрын-соңды  болмаған  Алғыс  айту  күнінің 

белгіленуі  өте  құптарлық  нәрсе.  Алғысты  кімге 

айтамыз?  Мұны  әркімнің  өзі  біледі.  Десе  де 

бәрімізді  де  ата-аналарымыз  дүниеге  әкелгені 

хақ.  Тоғыз  ай  құрсағында  көтерген  анамыз 

жыласақ астыңды құрғатып, емізіп, түн ұйқысын 

төрт  бөліп,  сенің  бабыңды  тауып,  ақ  сүтін  беріп 

ержеткізді.  Әкең  екеуі  өсірді,  бақты,  қақты. 

Мектепке  апарды.  Сенің  өмірдегі  әр  жеткен 

жетістігіңе,  табысыңа  қуанды.  «Ұл  –  қоныс,  қыз 

– өріс» деген, сенің өмірлік серігіңді жаңылыспай 

тауып,  отау  құрғаныңа,  үйлі-баранды  болып, 

немере  сүйгізгеніңе  «тәубә!»  деп,  үміттерін 

ақтағаныңа жүздері тағы шырайланды. 

Өмірде бәрі де тақтайдай тегіс бола бермейді 

ғой.  Сүрінсең  –  қайғырып,  қапаланды.  Азамат 

болып,  өмірден  өз  орныңды  тауып,  еселі 

еңбегіңмен  ел  қадірлейтін  дәрежеге  жетсең, 

қуанып,  жүзі  жадырады.  «Біздер  өсірген  бала 

осындайда осындай» деп, шаттанды. Сондықтан 

әке мен шешенің өнегесі мен өсиетіне ұйып өскен 

Сіз дәл сол кісілердей тура басып, тура жүретініңіз 

кәміл.  Қандай  перзент  болмасын  ешқашан  да 

ата-анасының  алдындағы  парызы  мен  қарызын 

мәңгілік  өтеп  бітіре  алмасы  хақ.  Демек,  алғыс 

айтуды алдымен өз ата-анаңнан, өз отбасыңнан 

бастаған дұрыс. 

Әліппені  танытқан  алғашқы  ұстазыңды 

қуантуды  ұмытпаған  абзал.  Өмір  иірімдері,  өмір 

сабақтары  өз  кезегімен  кей  сәттерде  сынаққа 

алатыны  да  бар.  Ширасын,  шымырлансын  дей 

ме, шыдас берсең – қиындықты жеңгенің, ал, оған 

мойынсұнсаң  –  көнгенің.  Мұндайда  асылы  ақыл 

айтатын, жаныңа медет болар, сенен жан жылуын 

аямайтын,  көмегі  мен  қолұшын  көрсете  білген 

кісілерге  де  алғыс  сезіміңді  білдіргенді  жөн  деп 

есептеймін. 

Бір күтпеген жерден ісің тығырыққа тіреліп, істеп 

жүрген  шаруаң  шалқалақтап  кеткен  жағдайда 

азаматтық  танытып,  ақыл  қосқан  ағайын-

туғаныңа,  жора-жолдас,  достарыңа  да  шын 

көңілден шыққан жылы сөзіңді аяма бұл күні. 

Біз  –  бейбіт  өмір  кешіп  жатырмыз.  Ол  бүгінде 

қатары мүлде сиреген, қауқары жоқ, қалтыраған 

қолы  мен  дірілдеген  тізесін  әзер  қозғайтын,  күні 

кеше ғана Ұлы Жеңістің 70 жылдығын кең көлемде 

тойлаған  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  ардагерлері 

мен  майдангерлердің  арқасы.  Біздер,  ардагер-

майдангерлерге  мәңгілік  қарыздармыз!  Жеңісті 

жақындатып,  от  кешкен,  кеудесін  оқ  тескен, 

толқыған  теңіз  дауылындай  жастық  шақтары 

қанмайданда қалғандарға айтар алғысымыз мың 

мәрте  шексіз  болуы  тиіс  деп  ойлаймын.  Ақын 

Әбу  Сәрсенбаев  мүгедек  майдангерлер  туралы 

кезінде «Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым! 

Ол  ақшаға  сатқан  жоқ,  тізеден  кесіп  аяғын!» 

деп  жырласа,  ақиық  ақын  Мұқағали  Мақатаев: 

«Неменеге  жетістің,  бала  батыр?  Қариялар 

азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, 

Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр» деп майдангерлерге 

мәңгілік қарыздар екенімізді, құрметтеп қадірлеу 

қажеттігін  осынау  бір  шумақ  өлең  жолдарына 

сыйғызып,  жөн  көрсетті.  Ал,  сол  соғысқа  соңғы 

қатысқандар  1925  жылы  туылғандар  еді, 

олардың жасы бүгінде 90-н асты. Жалпы, ағайын, 

жақсы  ісіңізбен  үлкендерден  алғыс  алып,  өзіңіз 

құрметтеп, қадірлейтін кісіге бүгінгі Алғыс айтатын 

күнді есіңізден шығармаңыз. 

 Марат ӘБДІХАЛЫҚ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Университетімізде  академик,  профессор,  инженер-

ғалым, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Хозе Рахымханұлы 

Қазыханов атындағы «Машиналар мен механизмдердің 

теориясы» атты зертхана ашылды. Аталмыш іс-шараға 

ғалымның  үзеңгілес  әріптестері,  туған-туыстары, 

жары  Роза  Әлімжанова  және  ұлы,  Қазақстанның 

Ұлыбританиядағы елшісі Ержан Қазыханов қатысты. 

 Жиынның ашылу салтанатында алғашқылардың бірі 

болып сөз алған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 

ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының 

академигі, профессор Ұлықпан Сыдықов жиналғандарды 

бүгінгі  зертхананың  ашылуымен  құттықтап,  алғысын 

білдірді.  Жиналғандар  ғалымның  өмір  жолдарынан 

сыр  шертіп,  өз  естеліктерімен  бөлісті.  Жиында  сөз 

алған  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТЗУ-дың  ғылым, 

халықаралық  байланыс  және  жоғары  оқу  орнынан 

кейінгі  білім  жөніндегі  проректоры  Найман  Бөбейұлы 

Қалабаев  жиналғандарды  бүгінгі  айтулы  мерекемен 

құттықтай  келе,  ғалымның  еңбекқорлығы  мен  артына 

қалдырған  үлкен  еңбегіне  тоқталып  өтті.  Ғалымның 

Қазақстанның  теориялық  және  қолданбалы  механика 

саласын  дамытуға  қосқан  мол  үлесін,  қарапайым 

да  нағыз  зиялы  адам  болғанын,  көп  уақытын  жас 

ғалымдарды тәрбиелеуге жұмсағанын тілге тиек етті.

  Академик  Хозе  Рахымханұлы  Қазыханов  өзінің  30 

жылдан астам саналы ғұмырын Қ.И.Сәтбаев атындағы 

университетте  ұстаздықпен  өткізді.  Ол  1937  жылдың 

18  қарашасында  Шығыс  Қазақстан  облысының  Аягөз 

ауданында дүниеге келген.

1960  жылы  Ленинград  инженерлік-құрылыс  институ-

тын бітіріп, Алматыдағы көлік және жол белгілері зауыты-

на жұмысқа орналасады. 1961 жылы жарқырап тұратын 

жол  белгілерін  ойлап  тауып,  Халық  шаруашылығы 

жетістіктері көрмесінің медалімен марапатталған. Кейін 

Мәскеудегі Бауман атындағы техникалық оқу орнында 

оқи жүріп, еңбегін аэроғарыштық зерттеулерге арнады.  

Қазақстанның  жетекші  ЖОО-рында  ұстаздық  қызмет 

етті.

Ғалымның  жетекшілігімен  күрделі  техникалық 



жүйелерді  модельдеудің  кешенді  бағдарламасы 

жасалды. 

Жетпісінші 

жылдары 


Х.Қазыханов 

АҚШ 


университеттерінде  еңбек  тәжірибесінен  өтті.  Елге 

келгеннен  кейін    ірі  техникалық  проблемаларды 

шешудің  америкалық  ғалымдар  жасаған  байланыс 

кескіндері әдісін дамытты. Оның жетекшілігімен күрделі 

техникалық  жүйелерді  динамикалық  модельдеуге 

арналған бағдарламалар кешені, атап айтқанда, атақты 

“Дон-1500” астық жинаушы комбайнды, тау-кен шахтасы 

жабдықтарын модельдеу бағдарламасы жасалды. 1990 

жылдары  Хозе  Қазыханов  Түркия  университеттеріне 

оқытушылыққа  жіберілді,  ол  жақта  2003  жылға  шейін 

жұмыс істеді. Түркияда “Механизмдер мен машиналар 

теориясы”  атты  оқулық  шығарды,  бұл  еңбегі  түрік 

тіліндегі 1995 жылдың үздік оқулығы ретінде Стамбұл 

техникалық  университетінің  бірінші  сыйлығына  ие 

болды.  Отанына  оралғаннан  кейін  ғалым  2008  жылға 

дейін Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық 

университетінің профессоры болып қызмет атқарды. 

Техника  ғылымдарының  докторы,  Халықаралық  ки-

бернетикалық  техника  академиясының, Халықаралық 

Ресей  инженерлік  академиясының  корреспондент-

мүшесі болған Хозе Қазыханов ҚР Ұлттық инженерлік 

академиясының  академигі.  АҚШ  инженер-механиктер 

қауымдастығының  мүшесі,  ғылым  саласындағы  ерен 

еңбегі үшін «Құрмет» орденінің иегері еді.

Салтанатты  жиында  Х.Қазыхановты  жақсы  білген, 

онымен қызметтес болған басқа да бірқатар азаматтар 

сөйлеп, есімі ұмытылмас тұлға туралы жақсы пікірлерін 

жеткізді. Соңында ұлы, Қазақстанның Ұлыбританиядағы 

елшісі  Ержан  Қазыханов  ҚазҰТЗУ-нің  басшылығына, 

барша ұжымына алғыс сезімін білдірді.



Меншікті тілшімізден

1-НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАС ТҰЛҒАЛАР

Хозе Қазыханов атындағы 

зертхана ашылды

ЖАТАҚХАНА ӨМІРІМЕН ТАНЫСТЫ

Қаңтар  айының  соңында  Ө.Байқоңыров  атындағы  Тау-кен-

металлургия институтының директоры Зейнеш Садырқызы Әбішева 

екі  орынбасары  Кеңес  Жолдасбайұлы  Әйтенов  және  Сайфимәлік 

Серікбайұлы  Мырзахметовпен  бірге  университетіміздің  №2 

жатақханасында студенттермен жиналыс өткізді. Олар студенттердің 

жатақханадағы  күнделікті  өмір  тіршілігімен  танысты.  Бірі  кешкі 

сабақтан  жатақханаға  енді  келіп  жатса,  енді  бірі  кешкі  тамақтарын 

жасап, бөлменің тазалығына көңіл бөліп жүр. Жатақхана коменданты 

Ғалия Мамытқанқызы да студенттердің жатақхана ережесін сақтап, 

өзі  тәртіп  жағына  баса  көңіл  бөліп  жүргенін  айтты.  Жатақханадағы 

мәжіліс  залда  институт  директоры  студенттермен  өткізген  жиналыс 

барысында оқу, білім, тәртіп, мәдениет  жайында сөз қозғады. Студент жастардың біраз сауалдарына жауап берді. 

Институт директоры сөзінің соңын университетіміздің жастары жан-жақты білімді, білікті, үш тілді меңгерген техника 

саласының мамандары, өз Отанының шынайы патриоттары болады деген сенімдемін,-деп қорытындылады.  

Берікбол РЫСБЕКОВ,

 Ө.Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты

түсті металдар металлургиясы кафедрасының инженері 

ҚЫСҚА ХАБАРЛАР


3

20-наурыз – Парламент Мəжілісі мен жергілікті мəслихат депутаттарын сайлау кїні

ҚР Парламенті   Мәжілісінің   кезектен  тыс  сайлауын  өткі-

зу  – қазіргі қиын-қыстау сәтте дер  кезінде  қабылданған 

оңтайлы шешім деп есептеймін. Сондықтан Елбасымыз 

Н.Назарбаевтың  ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары 

мен  жергілікті  мәслихат  депутаттары  сайлауын  өткізу 

туралы Жарлығын толығымен қолдаймын. Бүгінгі таңда 

еліміздің  алдында  көптеген  мақсат-міндеттер  тұр.  Бұл 

туралы  Елбасы  өзінің  жуырда  ғана  жарияланған  «Ұлт 

жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты 

саяси мақаласында жан-жақты тоқталған еді. 

 Қазіргі кезеңде көпшілікті алаңдатып отырған басты 

мәселе – әлемдік дағдарыс болып отыр. Жер бетіндегі 

көптеген  елдерге  зардабын  тигізіп  отырған  әлемдік 

дағдарыстың  салдарын  жеңілдету  –  біздің  де  басты 

міндетімізге айналды. Елбасының тікелей бастамасымен 

елімізде жаһандық дағдарысқа қарсы тұрудың арнайы 

жоспарлары  құрылғаны  белгілі.  «Жұмыла  көтерген 

жүк  жеңіл»,  демекші,  енді  осы  жоспарларды  сәтті 

жүзеге  асырып,  алға  қойған  міндеттерді  тыңғылықты 

орындауымыз қажет. 

  Әрбір  азамат  елінің  дамуына  өзінше  үлес  қосады. 

Туған  елге,  Отанға  деген  сүйіспеншілік  адам  баласын 

қашанда  биіктерге  жетелейтіні  сөзсіз.  ҚР  Парламенті 

Мәжілісі  депутаттары  мен  жергілікті  мәслихат 

депутаттарының сайлауын өткізу арқылы біз қарапайым 

халықтың  мүддесін  қорғайтын,  елі  үшін  аянбай  еңбек 

ететін,  халықтың  қалаулысы  болуға  лайықты,  білімі 

мен біліктілігі ұштасқан қазақ халқының нағыз патриот 

азаматтарын  іріктей  аламыз.  Еліміздің  басқа  түскен 

кез-келген  тығырықтан  жол  тауып  шығып,  ары  қарай 

дамып, өсіп-өркендеуін бәріміз де қалаймыз. Сондықтан 

баршамыз жұдырықтай жұмылып, тек алға қарай қадам 

басайық  дегім  келеді!  Тәуелсіз  Қазақстанның  беделі 

әрдайым биік, абыройы асқақ болсын!

  

 Жанна  БАЙТЕЛЕСОВА,

ҚазҰТЗУ оқытушысы, филология ғылымдарының 

кандидаты, доцент

Алғаш  сөз алған университеттің ғылым,  халықара-

лық байланыстар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 

беру жөніндегі проректоры Найман Бөбейұлы Қалабаев 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өскелең 

ұрпақты  тәрбиелеу  және  дамыту  мәселесіне  ерекше 

назар аударып келе жатқанын, жастармен жұмыс істеу 

үшін  тиімді  модельдер  құрылғанын,  жастардың  жан-

жақты  дамуына  қолайлы  жағдайлар    жасалынғанын 

атап    өтті.  Жастар  бағдарламалары  «Болашақ», 

«Жасыл  Ел»  және  т.б.  жобаларды  жалғастыру 

табысты жүзеге асырылуда.  Бұл бағдарламалардың 

негізгі  мақсаты  –  жастарға  өз  елінің  игілігі  үшін 

олардың  барлық  әлеуетті,  білімді,  инновациялар  мен 

технологияны  пайдалану  мүмкіндігін  беру  болып 

табылады. Сондай-ақ, Н.Б. Қалабаев жастарды «100 

нақты  қадам»  Ұлт  жоспарын  іске  асыруға  белсенді 

қатысуға шақырды. 

Сөз  алған  аталмыш  департамент  өкілі  М.А.Анапин 

мемлекеттік  қызметтің  рөлі  жайлы  және  жастар 

үшін  «Халыққа  қызмет  ету  -  біздің  міндетіміз»  атты 

мемлекеттік  қызметкерлер  ұранының  маңыздылығын 

түсіндірді.  Ол  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  сту-

денттердің  құқықтық  сауаттылығын  арттыру  және 

мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасын  жақсарту 

мәселесін сөз етті.

Ұлт  жоспары  –  Мемлекет  басшысының  100  нақты 

нұсқаулары елді жүйелі жаңғыртуға бағытталған. Бес 

институционалдық  реформалар  жөніндегі  іс-шаралар 

сапасын  арттыру  Қазақстанның  әлемнің  ең  дамыған 

30  елінің  қатарына  кіруіне  мүмкіндік  береді.  Бұл 

тұрғыда  заңдардың  орындалуы,  адами  капиталды 

дамыту, экономиканың жоғары технологиялық әлеуетін 

насихаттау, халықтың өзара ынтымақ-бірлігін нығайту 

және  дамыту,  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  патриоттық 

идеяларын  насихаттау  маңызды  болып  табылады. 

Мемлекет  басшысының  бес  институционалды 

реформасы – елі үшін жасалынған жүйелі бес қадам. 

Оны жүзеге асыру — өркендеуіміздің кепілі.

Кездесуді қорытындылаған проректор Н.Б.Қалабаев 

Н.Назарбаевтың  көреген  стратегиясы  баршамызға 

болашаққа  сенімділік  арттыратынын,  ҚазҰТЗУ 

ұжымының  толық  мүмкіндікті  барынша  пайдаланып, 

инженерлік  білім  беру  жүйесін  дамыту  және  жоғары 

білікті кадрлармен инновациялық өндірісті қамтамасыз 

ету  үшін  жаңа  міндеттер  жүктейтінін  тілге  тиек  етті. 

Сондай-ақ,  Қазақстанда  2017  жылдан  бастап  тегін 

кәсіптік білім беру енгізілетінін еске салды.

Кездесуде департамент өкіліне сыбайлас жемқорлық 

пен  мемлекеттік  қызметке  байланысты  сұрақтар 

қойылды және оған жауап алынды

Меншікті тілшімізден

Белсене 

қатысайық

                   



Біз егемендіктің 25 жылдығына аяқ 

бастық. Осы уақыт аралығында еліміз 

көптеген асулардан өтті. Экономикамыз 

жақсарып, алға қарай адымдап келеміз. 

Әлі де алдымызда көптеген мақсат-

міндеттер тұрғаны  белгілі. 

Оған Елбасы Н.Назарбаев өзінің 

жуырда ғана жарияланған «Ұлт жоспары 

– қазақстандық арманға бастайтын жол» атты 

саяси мақаласында, Жолдауларында жан-

жақты тоқталған болатын. Елбасымыз «100 

нақты қадам» – Ұлт жоспарының, маңызды 

мемлекеттік жобалардың жүзеге асырылу 

жолдарын көрсетіп берді. Енді біз бар күш-

жігерімізді осы іске жұмсауымыз қажет. 

Ел болашағын, өз келешегін ойлаған 

әрбір азамат болашаққа бүгіннен нақты 

қадам жасауы тиіс. Университетіміздің 

ұжымы Мемлекет басшысының жүргізіп 

отырған салихалы саясатын қолдап, 

белсенділік танытып келеді. Наурыз айының 

жиырмасында Парламент Мәжілісі мен 

жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау 

өтеді. Бұл да мемлекетіміз үшін маңызды 

шара. Елі үшін аянбай еңбек ететін 

патриот азаматтарды іріктеуге атсалысу 

– баршамыздың міндетіміз деп ойлаймын. 

Елбасымыз Н.Назарбаевтың  ҚР Парламенті 

Мәжілісі депутаттары мен жергілікті мәслихат 

депутаттары сайлауын өткізу туралы 

Жарлығын толығымен қолдай отырып, бұл 

дер кезінде қабылданған дұрыс шешім деп 

есептеймін.

Депутаттар — сайлаушылар өкілі, халық 

қалаулысы. 20-наурыздағы сайлауға 

біркісідей қатысайық!   

Сағидолла ОМАРҒАЛИЕВ,

Еңбек қорғау бөлімінің бастығы

 Ақпараттық және телекоммуникациялық 

технологиялар институтының ұжымы 

«Робототехника және автоматиканың 

техникалық құралдары» кафедрасының 

меңгерушісі Өжікенов Қасымбек Әділбекұлын 

«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2015» атағын 

алуымен құттықтайды және одан арғы 

ғылыми-ағартушылық қызметіне жетістіктер 

тілейді.


“ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ - 2015”

ЌЎТТЫЌТАЙМЫЗ!



БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМА

Мемлекеттік қызмет және жастар

ҚазҰТЗУ-да университет студенттері 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет 

істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-

қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша 

департаментінің өкілі М.А. Анапинмен кездесті. 

Онда жастарға мемлекеттік қызмет рөлі туралы 

түсіндірілді.

Бәрі де халық 

мүддесі үшін

Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет