1. اللهАлла – Оның (Алла Тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.
2. الرَّحْمَنُ Әр-Рахман – Аса қамқор. Оның қамқорлығы Өзі жаратқан бүкіл мақұлықтарына тиесілі. Қамқоршы Алла Тағала мұсылмандардың, сондай-ақ кәпірлердің өмірлік қажеттерін өтейді. Алланың бұл есімін зікір еткен адамның ойлау және жаттау қабілеті күшейеді. Сондай-ақ, ол адам қаталдықтан арылады.
3. الرَّحِيمُ Әр-Рахим – Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді болады. Кімде-кім бұл есімді 100 рет атап жүрсе, қайғы-қасіреттен аман болады.
4. المَلِكُ Әл-Мәлик – Патша, Ол қалай басқарам десе де Өзі біледі. Оған кеңесші керек емес. Оған барлығы тәуелді. Мұсылман адам бұл есімді зікір етіп жүрсе, қаржыдан қысылмайды.
5. القُدُّوسُ Әл-Қуддусу – Қасиетті, Өте пәк, кемшіліктерден пәк және адам баласының ойына келетін пішін-келбеттен тыс.
6. السَّلاَمُ Ас-Сәлам – Есендік беруші. Жетіспеушіліктерден пәк. Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді. Егер бұл есімді 99 рет оқып, науқасты ұшықтаса, шипа табады.
7. المُؤْمِنُ Әл-Мумин – Қорғаушы, Сенуші. Өзі туралы ұлық кітаптар мен пайғамбарлар арқылы білдіртеді. Өзінің сүйікті құлдарын қауіп-қатерден сақтайды.
8. المُهَيْمِنُ Әл-Мухаймин – Үстем, Қорғаушы. Баршаның үстінде билік жүргізеді және бәрі де Оның иелігінде. Жаратқан мақұлығының үстінен қарап, бақылап тұрады. Кімде-кім бұл керемет есімді ғұсыл алғаннан кейін екі рәкағат намаз оқып, 100 мәрте шынайы ықыласпен айтса, Алла Тағала оны рухани тазартады.
9. العَزِيزُ Әл-Азиз – Аса зор, Ұлық, Қуатты, зор кеңшілік Иесі. Онымен ешкім теңесе алмайды. Кімде-кім Алланың бұл көркем есімін таң намазынан кейін 40 рет қайталап оқыса, Алла Тағала оны қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.