119
118
ғармаларының дəстүрін жалғастырғаны жөнінде Қожа-тү-
рік Анкарадан шыққан «Түрік əдебиеті тарихы» (1964) ең-
бегінде: «Йассауидің діни шығармаларында қалыптасқан
түрік төрттағандары үлгісінде өлеңмен жазылған Əли ро-
маны қандай тамаша!» – деп тамсанады.
Əлидің «Қисса-Жүсібі» қарапайым, түсініктілігімен ерек-
шеленеді. Өйткені, онда ежелгі «Иосиф» мифтерінен (ол
ту ралы бірінші тарауда айтып өткенбіз) Иосиф пен Потифар-
дың жұбайының оқиғасы ғана бөлек алынып, басқаларын
осы фабулалық желінің айналасына жинақтаған. Сөйте тұра,
өзіне дейін Фирдоуси, Ансари жазған парсы поэзиясының
ықпалына берілмей, түрік өлеңінің үлгісімен, төрт жолды
өлең түрімен шығарады. Тағы бір ерекшелігі – түрік фольк-
лорын пайдаланады. Осылардың өзі Əли шығармашылы-
ғынан түрік Оянушылығының көріністері байқалатынды-
ғының куəсі деуге болады. Осы тұста Е.Э.Бертельстің мына
пікірін келтіре кеткен жөн:
«Əли парсылық туындыгерлердің ізімен кеткен жоқ. Өз
халқының өлең үрдісін сақтап отырып, шығармасын төрт-
таған түрінде
ааба схемасымен жазып шыққан. Бұл өлең
түрі бірқатар түркі халықтарында қазіргі күнде де қолданы-
лады (Бертельс Е.Э., 1939. №9).
«Қисса-Жүсіптің» көшірмелері Берлин, Дрезден, Ленин-
град, Қазан қалаларында сақтаулы. Қазан кітапханаларынан
жəне жеке адамдардан жүзге жуық көшірмелері табылған
(Джавад Алмаз, 1960). Бірнеше рет кітап болып басылған.
Бұл қиссаның қазіргі қазақ тілінде белгілі қиссашыл ақын
Жүсіпбек қиссасын қатар ала отырып қарастырдық.
Жүсіп пайғамбар оқиғасын парсы-түрік тілдерінде көпте-
ген ақындар жазды. Оның түпкі нұсқасы, əрине, Құранның
12-сүресі жəне Фирдоуси жырлаған «Жүсіп-Зылиха». Бірақ
Əли, Жəми, Дүрбек – үшеуі сүйенген бір ортақ негіз ХІ
ғасырда өмір сүрген Герат ғалымы Абдаллах Ансаридің
(1006-1088) прозалық сюжеті екені анықталып отыр. Оны
алғаш салыстырып зерттеген Е.Э.Бертельстің шəкірті өзбек
ғалымы Э.Р.Рустамов (1966), татар ғалымы Н.Ш.Хисамов
(1979) болды. Ал Фирдоуси «Жүсіп-Зылихасын» жазғанда
ІХ ғасырда өмір сүрген Табаридің Құран тефсірін қарағаны
мəлім. Рабғузидің «Қисас-ул əнбиасындағы» «Қисса-Жүсі-
бі» Ансаридің ғазал аралас келіп отыратын прозалық шы-
ғармасы «Анис Мүридин уа шамс ал-маджалисіне» «Мүрид-
тер досы жəне мəжілістер күні») сүйеніп жазылған деген
пікір бар.
Əли бұл шығармасын араб-парсы тіліндегі кітаптардан
алған-дығын өзі де көрсеткен:
Исуф саучы қиссасын қылдұқ ғайан,
Ғараб ғажам діл етдінче қылдұқ байан.
(Қисса мəтіні Қазан баспасынан түсірілген микрофильм-
нен жəне Хисамов Н.Ш. ұсынған нұсқалардан алынды. Ау-
дармасын өзіміз жасадық).
Достарыңызбен бөлісу: