Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар


Қиссадағы  кемел  əкім  бейнесі



Pdf көрінісі
бет29/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
Байланысты:
kyraubaeva alma shygystyk kissadastandar 3 tom

Қиссадағы  кемел  əкім  бейнесі.  «Қисса  Жүсіпте»  Пла-
тонның,  əл-Фарабидің,  Ж.Баласағұнидің  тұтас  идеал  ел  жү-
йесі  жалғасын  тапты.  Орхон  ескерткіштерінде  де  ел  қамын 
ойлап, «күндіз  отырмайтын,  түнде  ұйықтамайтын,  қызыл 
қанын  ағызып,  қара  терін  төгетін»  кемел  көсемдер  бейнесі 
жасалған болатын. 
Түрік  əдебиетінде  Баласағұни:  басшысы – əділ,  ақылды, 
мейірбан;  уəзірі – ақылман,  елмен  қарым-қатынасты  жетік 
білетін;  хас  хажабы – (сарай  министрі)  сырты  сұлу,  жібі 
түзу, жаны бай; қазаншысы – арамдыққа жол бермейтін мем-


121
120
лекет  жүйесін  жасады.  Онда  көршімен  қарым-қатынас,  жар 
таңдау,  ұл-қыз  тəрбиесі – бəрі-бəрі  айтылады. «Ай  маңдай-
лы  ұл-қыз  туса  алдында,  үйінде  өсір,  бөтен  жерде  қал-
дырма».
Баласағұнидің  ел  басқарған  бекке  қояр  талабынан  мінсіз 
билеуші бейнесі көрінеді:
1. Бек: көрікті болсын – жауы күйінсін, 
Орта бойлы болсын – көзің сүйінсін. (20836)
2. Шарап ішпе, зинақорлық қылмағын, 
Құтың қашар, басыңа мұң шырмалып. (2091)
3. Кішіпейіл, болсын жарқын мінезі,
Кішілерді кешіре алсын бір өзі. (2022)
4. Ел ханына лайық ойдың теңізі,
Ел сүйінер шындық болсын лебізі. (21246)
5. Бірі – елге əділ заңды қаратқын,
Екінші – əскер, ерге күміс таратқын. (2133)
6. Жаны жұмсақ, сақилығы жарасып,
Мейіріммен жүрсе жұртқа қарасып. (2073)
7. Болсын бектің сөзі берік, ісі анық,
Халық сенсін! Халық сенсе – күш алып! (2038)
8. Болу керек бек жігерлі, бек сергек,
Салғырт болса – оған қалай ел сенбек! (2014)
 9. Ұят – қасиет, нұр құяды өңіне,
Ол сүйрейді ізгіліктің өзіне. (2009)
10. Болу керек бек білікті, ақылды,
Емде ақылмен ауру шалмас басыңды (1969), – дей келіп:
 
Осындай бек – болар халық көсемі,
Ұрпағы өссе – даңқы өседі, – деп түйіндейді.
Біздің  ойымызша,  Баласағұни  осы  кітабын  жазғанда,  бұ-
рынғы  Білге  мен  Тоныкөк,  Күлтегіндерді  біліп,  солардың 
жырдағы  тұлғасына  қарап,  оны  елестете  отырып  жазған 
болса  керек.  Ақын  оларды: «Өтүкен  бектері»  деп  атаған. 
Осы  атау  əдемі  де  сəтті  табылып  айтылған  секілді,  бүгін  де 
белгілі  түрік  көсемдерін  «Өтүкен  бектері»  десе,  орынды-ақ 
болар еді деген ойдамыз. 
Орхон  ескерткіштерінде  «автор  соғыс  жүргізіп  барып  қа-
ратып  алған,  өзге  елмен  шектесетін  мекеннен  ертедегі  түр-
кілер əуелде орда көтерген мекенді – «түріктің ыдұқ (қасиет-
ті)  жер-суын»  бөліп  айтады.  Ол – Орхон  өзені,  Өтүкен 
тауы,  Алтай  мен  Жоңғар  (Сол  қар – сол  қол).  Ол – Алатау 
сілемдері,  Іле  бойы.  Автор  сол  «ыдұқ  жер-суда»  түркі  хал-
қын  қозғалмай  отыруға  үгіттейді.  Түркі  ордасының  бөлі-
ніп,  жерді  тастап,  қаша  көшуге,  əсіресе,  Хуанхэ  өзеніне, 
Ордосқа  қарай  баруына  қарсы.  Ол: «Сен  көшпе,  ол  жерге 
барсаң, түркі халқы, құрып бітесің. Өтүкен жерінде отырып, 
алым  үшін  керуен  жіберіп  тұрсаң,  дүниең  көп,  қайғың  жоқ 
болады.  Өтүкенде  отырсаң,  мəңгілік  бірлігің  бұзылмайды», 
–  дейді  (Өмірəлиев  Қ., 1985-45). Олай  болса,  осы  сөздерді 
айтып  отырған,  оны  тасқа  қашап  жазып  кеткен  VІІІ  ға-
сыр  түріктерінің  көсемін  «Өтүкен  бектері»  деуі  көңілге 
қонымды көрінеді. Баласағұни былай дейді:
Не дегенін тыңда, Өтүкен бегін де,
Есті сөзбен ер атанған тегінде:
Шыншыл, сара басшы керек халыққа,
Халық үшін түсіп шығар тамұққа.
Халыққа жақ, көңілі – тоқ, көзі – тоқ,
Ойы терең, тілі майда, сөзі – шоқ...


123
122
Жасай алар ізгілік пен ірілік,
Заң, ұятты сақтай білер жүгініп. (1692-1965)
Өтүкен – түрік  жұртының  қасиетті  мекені,  ежелгі  шаңы-
рақтың  шамын  жағып,  түтінін  түтеткен,  сүттей  ұйып,  тір-
шілік еткен жер ретінде жазба əдебиетте қалған.
Түрік  жұрты  елінің  бүтіндігі  үшін  жан  беріп,  жан  алған 
Алып – Ер Тұңға бекті де қадірлей еске алып, оған арналған 
жоқтау  жырында  ел  бегінің  кемел  бейнесін  жасайды.  Ол 
Фирдоусиде – Афрасияб,  Авестада – Франграсиан,  бауыры-
ның  аты – Агрерата.  Яғни,  зороастр  діні  шыққан  заманның 
өзінде мифке айналып үлгерген бейне (б.д.д. ХV ғ.).
Осының  өзі  Афрасиябтың  жиынтық  бейне  екенінің  дəле-
лі болса керек. Зерттеуші, жазушы Т.Жұртбаев та осы пікірді 
айтыпты.  Ар  Афрасиябты  «Ишпақай  немесе  оның  немересі 
–  Мəди  патша» – деген  ұсынысын  ғалым  өз  дəлелдерімен 
толықтыра түсер (Жұртбаев Т.,1994-94).
Алып – Ер  Тұңға  патшаның  «Жоқтау  жырындағы»  бей-
несінен мынаны көреміз:
1.  Аяулы  ер:  Түрік  көсемінің  өліміне  елдің  қабырғасы 
қайысып, «жүрегі  жыртылып,  қайғы  солдырып»,  əйелдердің 
«меңді жүзі сарғайды».
2. Бектердің бегі: «Бектердің бегін алып кетті,
Қашса қалай құтылар».
3. Атқан оғы дəл тиіп межені күйретер күшті ер:
«Оғын атса дəл кезеп,
Кім тоқтатар көлбеу кеп.
Тауды атса көздей кеп,
Шың шатқалы қақырар».
4. Білімді батыр: «Білімді батыр жүнжіді,
Замана аты жаншыды».
5. Ізгі: «Ізгілер тəнді жидіді,
Жерге тиіп сүртілер» 
(Өмірəлиев Қ., 1985).
Баласағұни  жасаған  бектердің,  Өтүкен  бектерінің,  Алып 
– Ер Тұңға бектің де кемел бейнелері ХІІІ-ХІV ғасыр əдебие-
тінде  жалғасын  тапқан.  Сəйф  Сараидың  «Гүлстан  би-т-түр-
киіндегі»  Əмір  Тейхасбегі,  Хорезмидің  «Махаббат  намасын-
дағы» Қожабегі – кемел патша бейнесі желісіне қызмет етеді. 
Сəйф Сараидың Əмір Тейхасбегінің сипаты төмендегідей:
Ол – мейірім бұлағы, қайырымдылық – қанында,
Ізгі аты – дəйім ел аузында.
Дін, дүние, атақ-даңқ – бəрі өзінде. 
Білімнің бұлағы, тамаша жан,
«Гүлстанның»  сəні – Тейхасбек  (Ежелгі  дəуірдегі... 1991-
269).
«Тейхасбек  төрелік  айтса,  қара  қалды  қақ  жарады,  Ха-
тымтайдай  мырза,  сөзі – жауһар,  арыстан  жүректі  ер» 
(Сонда).
Əділ  патша  бейнесін  «Қабуснамада» (1082-1083), өзінің 
ұлы  Гиланшаһқа  арнап,  пайғамбар  жасына  келгенде  Кей-
қауыс  дана  да  жазған.  Ақыл-кеңестері  түгелімен  Баласа-
ғұни мен Əли ойларына үндеседі:
«Ей,  перзентім,  егер  падиша  болсаң,  өзіңді  жаман  істер-
ден  аулақ  ұстай  білгін...  Жан  дүниең  таза  болсын.  Əрдайым 
шыншыл болып, кем сөйлеп, аз күлгін... Əрдайым кешірімді 
болуға  əрекеттен,  Құдайдың  пенделеріне  рақымды  бол.  Ал 
рақымсыздарға  рақымсыз  болу  артық  емес...  Алты  нəрсені 
əрдайым  есіңнен  шығарма.  Олар:  сестілік,  əділеттілік,  қа-
йырымдылық,  мейірімділік  пен  мəдениеттілік,  шындық», – 
дейді (Қабуснаме. 192-145).


125
124
ХІІІ  ғасырдағы  түрік  əдебиетінде  осы  дəстүрді  жал-
ғастырушы  Əли  «Қисса  Жүсіпте»  негізгі  кейіпкер  Жүсіп 
бейнесі  арқылы, «əділ  де  қадірлі  патша  қандай  болуы  ке-
рек?» – деген  сұраққа  жауап  іздейді.  Сөйтіп,  мінсіз  патша-
ның тұлғасын жасап шығады. 
Жүсіп – сұлулық  нышанына  айналған  кейіпкер.  Өйткені, 
Таурат-Інжіл,  Құрандағы  Жүсіптің  бірінші  қасиеті – сұлу-
лығы  болатын  (Иосиф  Прекрасный).  Бірақ,  Жүсіп  пайғам-
бар бала күнінде өзін айнадан көріп, таң қалғаны үшін, мақ-
танға  салынғаны  үшін,  Алла  Тағала  жазалайды.  Оны  кейін 
ағалары  Мысырға  құл  қылып  сатып  жібергенде,  Жəбірейіл 
періште былай дейді:
Иа, Иүсүф, сен көзге бақтыңмеді,
Көзгуде көркүң көрүп ұқтұңмеді,
Бен сатылұр құл олсам дедіңмеді,
Бенім баһам кім еткүрүр дедің емді.
Аудармасы:
Иə, Жүсіп, сен айнаға қарамап па ең,
Айнадан көркің көріп таңданбап па ең?
«Мен сатылар құл болсам, – демеп пе едің?
Менің бағама кім жетер!» – демеп пе едің?
Сөйтіп, «бағама  кім  жетер!», – деп  мақтанған  Жүсіптің 
түкке  тұрғысыз  болып  сатылғанын  келтіреді.  Патша  болған 
кісіге  мақ-таншылық  жараспайтынын  қиссада  екі  рет  ескер-
теді. Екіншісінде, Құддыс бегі Жүсіптің жүзін көріп, ол келе 
жатқан керуенге айрықша құрмет көрсетеді, тіпті оны сатып 
алып,  иеленген  Мысыр  көпесінен  тартып  та  алмақшы  бо-
лады.  Сонда  Жүсіптің  жүзін  бір  көрген 12 мың  əскер  түгел 
есі ауып, құлап қалады. Жүсіпке:
«Беңа беңзар һеч кімсана иоқдүр емді».
«Маған  тең  келер  ешкім  жоқ  енді», – деген  мақтаныш 
көңіліне  кіреді.  Бұл  жерін  Жүсіпбек  Шайхұсламұлы  былай 
суреттейді:
Он екі мың кісі еді келген шауып,
Бірі қалмай құлады есі ауып.
Керуен күштеп жөнелді аман-есен,
Дұшпаннан кетті алысқа қылмай қауіп.
Олардың басы айналып, естен танды,
Керуен халқы бұл іске қайран қалды.
«Мендей көрікті жаһанда жан бар ма!» , – деп,
Жүсіп тағы бұл істі көңіліне алды.
(Ғашық... 1976-388).
Алла Тағала Жүсіпті онда да тəубасына келтіреді. Керуен 
тағы  бір  жерге  барғанда,  Жүсіпке  ешкім  қарамай  қояды. 
Сөйтсе,  ол  қаланың  адамдары  Жүсіптен  де  сұлу  екен.  Оның 
себебін  түсінген  Жүсіп,  Алла  Тағаланың  ісіне  шүкірлік  қы-
лады.  Осы  екі  мысал  арқылы,  Əли  патшаға  мақтансүйгіш-
тіктің керек емес екенін ұқтырады. 
Жүсіп  сұлулығы  Зылиханың  сөзімен  де  беріледі.  Бұл  үр-
діс  «Махаббат  намада»  да  бар.  Онда  қыз  сұлулығы  жігіт 
аузымен  сипаттау  арқылы  беріледі.  Осындай  ұқсастық  «Ма-
хаббат  нама»  мен  «Қисса  Жүсіптің»  суреттеу  тəсілдері  мен 
тілінде бар екені кездесіп қалып отырады. «Қисса Жүсіпте»:
Айдыр, айа Иүсүф, сенің сөзің датлу,
Ұсанымдан дыңламаға не рахатлу.
Иүзүң лəтайф, құлажың хүб марұтлу,
Ешітсем рахатым артар емді.
Уəсəлің ділəрам жан рахатым,


127
126
Жамалың құйал кебі, ғишқың қатты.
Суретің ғажаб, тарафа лұғазың йетті,
Ханжар кебі жанымдын кечəр емді.
Аудармасы:
Айтшы, ай, Жүсіп, сенің сөзің тəтті,
Шаршамай тыңдай берсем, қандай рахат!
Жүзің жұмсақ, лебізің сүйкімді,
Естіген сайын рахаттана беремін.
Кездесуді күткен кезім – жан рахаты,
Жамалың күн сияқты, ғашықтық қатты.
Суретің ғажап, шартарапқа тілің жетті,
Қанжар сынды жанымды алар енді. 
ХІІІ  ғасырда  жазылған  осы  суреттеуді  өз  нұсқасынан 
оқығанда,  шығыстың  поэтикалық  жүйесі  аңғарылып  тұрса 
да,  құлағымыз  үйренген  қазақ  өлеңінің  əуенін  естігендей 
боламыз.  Əлидегі  Зылиханың  Жүсіпке  айтқан  бұл  сөздерін 
Ж.Шайхұсламұлы  айна-қатесіз  қайталайды,  бірақ  өз  зама-
нының оқырманына лайықтап жазады:
– Ай, Жүсіп, жүзің нұрлы, сөзің – шырын,
Бұл күнде ішкен асым – у мен ірің.
Сен сөйлесең, көңілімнен сабырым кетер,
Сөзімнің тыңдамайсыз бір де бірін.
Менің сізден тілегім – жан нəубеті,
Нұр жүзіңнің ыстығы ішіме өтті. 
Қанжардай тілді бауырымды нұрлы жүзің,
Суретің, ғажап түрің, лебізің тəтті.
Пиала сипатындай қастарыңыз,
Тіс – меруерт, қызыққандай достарыңыз.
Өз қолыммен өруге лайық дүр.
Жұпар, сүмбіл секілді шаштарыңыз.
Біз  сілтеменің  ұзақ  болып  кетпеуін  ескеріп,  Əлидің  де, 
Жүсіпбектің  де  қиссаларынан  осы  үзіндіні  қысқартып  беріп 
отырмыз.  Ал  түгел  салыстырып  қарағанымызда,  суреттеу 
атрибуттары  мен  нышандарының  түгелге  жуық  сəйкес 
келетініне көзіміз жетті. 
Əли  қиссасында  Жүсіптің  кейпіне  қыпшақ  атрибуты  қо-
сылады.  Яғни,  жігіттің  шашын  тарап-өру.  Зылиха  оның  ша-
шын тарап, 12 өрім қылып өреді (Рабғузиде – 40 өрім). Бірақ, 
кейінгі  ақындар  бұл  жерін  қабылдамаған  секілді,  өйткені, 
уақыт  өте  келе,  бұл  салттың  өзі  де  қалған.  Мысалы,  Жүсіп-
бекке  «шашын  тарау»  дерегі  сақталғанмен,  толық  көрсетіл-
мейді:
Өз қолымен Жүсіптің шашын тарар,
Інжу-маржан, меруертпен байлап, орар.
Күннен күнге артады ғашық оты,
Көрген сайын қалмайды сабыр-қарар 
(Ғашық наме. 1976-403).
Қиссада  Жүсіптің  сұлулығы  да  мынандай  бір-екі  тұстар-
дан толықтырылады:
Бірінші,  Жүсіптің  ағалары  алдына  келіп  (бірақ  Жүсіпті 
танымайды),  бір  інісі  болғандығын,  оны  жас  кезінде  қасқыр 
жеп  қойғандығын,  оны  əкесінің  бəрінен  артық  көргендігін 
айтқанда, Жүсіп, əдейі: «Ол қалай, пайғамбар жұрттың бəрі-
не бірдей болмай ма?», – дейді, Ағалары:
«Сəуар һəм сен оны һазар жандан,
Сен көрмəдің уəсфін нете қалам емді».


129
128
Аудармасы:
«Сүйер едің сен де оны жаннан артық,
Көрген болсаң оның жүзін қаламменен сызғандай», – 
деп, Жүсіп сұлулығын əсерлей түседі. 
Екінші, Мысыр əйелдерінің Жүсіпті көргенде, сəбіз кесе-
мін  деп,  өз  қолдарын  кесіп  алуы  Жүсіп  көркіне  психология-
лық əсерлілік беріп, сендіре түсу қызметін атқарады. 
Қолдарын қызыл қан ғып турап отыр,
Ғашық дертке қатындар улап отыр.
Ісі жоқ қолыменен қатындардың,
Қолдарынан қандары зулап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет