* * *
Жүсіпті көрген қатын таң боп кетті,
Адасып ақылынан қаңғып кетті.
Тамақ ішіп-ішпегені есінде жоқ.
Үсті-басы шиедей қан боп кетті.
Түрік қиссаларында (Əли, Жүсіпбек) Зылиханың Жүсіпке
ғашықтығын айтып, «елттіру» желісі сыпайылық межеден
аспай жырланады. Ал, парсы нұсқаларында (Табари, Ансари,
Жəми) Зылиха Жүсіптің екі рет еркектік намысына тиген
соң, шыдай алмай Зылихаға берілмекші болады (Хисамов
Н.Ш., 1979-52). Əлиде: Зылиха Жүсіптің қолынан ұстаған
кезде, ол күлімсірейді де, Алладан хабар келген соң, бұры-
лып кетіп қалады. Ал, Ж.Шайхұсламұлында Зылиханың
Жүсіптің қолынан ұстауы айтылмайды, бірақ, Жүсіп нəби
Алладан дауыс келген соң, қатты қорқады:
Ғайыптан Жүсіп садық үн есітті,
Жаман істен қолыңды тартқын депті.
Ол аятты есітіп, қатты қорқып,
Онан соң Жүсіп нəби сабыр етті
(Ғашық наме. 1976-409).
Жүсіптің бұл арадағы іс-əрекетін бір адамның басындағы
махаббат жəне Алланың парызы деген екіұдай сезімнен ту-
ған деп түсінуге болады. Өйткені, Жүсіптің Зылиханы жек
көруі туралы əңгіме жоқ. Ол тек Алланың берген пайғам-
барлығына адал болуды ойлайды. Бұл желі Əлиде махаббат-
тан гөрі Аллаға адалдығын баса көрсетуінен байқалады.
Жалпы, Жүсіп мифтерінің еуропалық нұсқаларында: «Иосиф
Прекрасный» болса, мұсылман мифтері «Жүсіп Сыддық»
(сенімді) деген эпитет қосып айтылады.
Жүсіпбек кемел патша бейнесін Жүсіпті Мысырға сату-
ға əкелген Мəлік Дуғарға айтқызады:
Əуелі, орта бойлы, гауһар көзді,
Екінші, өзі сұлу, көркем жүзді.
Үшінші, жетпіс екі тілді білер,
Сөйлесе, балдан тəтті, жұмсақ жүзді.
Төртінші, шапағатты, инабатты,
Бесінші адал, жүрек, бек айбатты.
Алтыншы, қырық кісінің жігері бар,
Бір өзі қырық кісіден һəм қайратты.
Жетінші, діні, таза, диянатты,
Сегізінші, залым емес, ойлар хақты.
Тоғызыншы, пайғамбардың нəсілінен,
Оныншы, мінезі артық, шапағатты.
Бұл жерде Жүсіпбектің дастан қаһарманына он қасиет бе-
руі мынаған байланысты болса керек: 10 – мифтік санын
қасиеттеп айту дəстүрін ұстанған. (Дүние жеті тұтастықтан
131
130
тұрады жəне үш əлем, оған тағы: жер беті, жұмақ, тозақ
қосылады. Жеті тұтастықтың төртеуі – төрт тарап).
Жүсіп Баласағұни де Хас Хажыпқа он түрлі қасиет береді:
Хажыптыққа он қасиет табылсын,
Ажарымен, ақылымен танылсын. (2487).
Осы он түрлі қасиеттің алғашқыларының бірі – көрікті
болу: «Болу керек өңді, күндей оянған». Баласағұни жасаған
кемел ел басқарушысының бұдан басқа да жақсы қасиеттері:
ақыл, білім, діндарлық, тектілік, кең пейілді, құлқы түзу
(парақорлыққа қарама-қарсы ұғым ретінде беріледі А.Қ.),
сондай-ақ, ұяты бар, арлы, үні күшті, сөзі мəнді, ойлы орман
(Баласағұни Ж., 1986-252-255).
Көптеген туындыгерлер Жүсіптің қайратты, күштілігіне
мəн бе-реді. Табари «Тəфсірінде» Жүсіп керуеннен ибн
Иəмин атты інісін алып қалу үшін соғысады. Фирдоусиде:
пілдей күркіреп, орнынан тұрған кезде айналасындағылар
қалтырап қоя береді. Ал, Дүрбек қиссасында ағаларымен,
əуелі, Жүсіптің ұлы Мишам жекпе-жекке шығады. Иаһуда
мен Шамғұнды жеңген соң: «Əкем менен де күшті!», –
дейді. Ағалары Жүсіптің ұсынысымен, далада жатқан ауыр
тасты көтеріп көріп, орнынан да қозғай алмайды, ал Жүсіп
аяғымен түртіп қалғанда, тас қаңбақ құрлы болмай, шырқай
ұшып, аспанға бір-ақ жетеді. Ғалымдар бұл бөлігі түрік
фольклорынан енгендігін атап көрсетеді.
Ал, Əли мен Жүсіпбек қиссаларында патшаның аса
күштілігі бірінші орында емес. Жоғарыда суреттелген он
қасиеттің ең негізгілері: «сұлу, жетпіс екі тілді біледі, жұм-
сақ жүзді, мейір-шапағатты». Əлиде: «шафағатлы, марұтлы».
Жүсіптің жетпіс екі тілді білуі сандық нышанға (числовая
символика) байланысты.
Жүсіптің тағы бір жақсы қасиеті əкесімен қарым-қатына-
сы арқылы көрінеді. Жақыптың Жүсіпті жақсы көру себебі
қиссаларда баяндалып жатпайды, оның төркіні Жақып
жайындағы мифтерде сақталған.
Жүсіптің ағалары Лия мен оның күңі жəне Рахилдің
күңінен туған болатын (Рахил – Жүсіптің анасы). Сол
себептен Жақыптың Жүсіпті жақсы көруі өзінен-өзі
белгілі болып есептелініп, қиссада дəлелденіп жатпайды.
Ілгеріде айтып өткеніміздей, Рахил Жақыптың ең сүйікті
жары болған. Бұл жердегі əңгіме өзегі Жүсіпке байланыс-
ты өрбиді.
Жақыпқа балалары «Жүсіпті қасқыр жеп қойды», – деп,
көйлегін қанға бояп əкелгенде, сол қасқырды куəлікке ша-
қырады. Ол өзі жоғалған бөлтірігін іздеп шыққан екен. Бұл
тұста ежелгі мифтер бойынша алынған бөрі – бір тайпа ел
бейнесі болуы мүмкін (бөрі төтемі). Көйлекті қанға бояп
көрсету желісі «Қорқыт ата кітабында» да бар. Банушешек-
тің ағасы Қаршар Бамсының көйлегін қанға бояп, Байындыр
ханға əкеледі:
– Ей, бұл не көйлек? – деді.
– Сұлтаным, бұл – Бəйректің көйлегі, оны Қара Дербендте
өлтірген, – деді.
Көйлекті көрген бектер бұған нанып, өкіре-өкіре жыла-
сып, айғай-шу, азан-қазан болды (Қорқыт... 1995-58).
Жақыптың баласына деген махаббаты шексіз. Құлдыққа
сатылып кеткен Жүсіптің хабарын самал желден сұрайды:
Ақырын аскіл сабах йел не етерсің,
Сен хақиқат Иүсүфмден иіс дұтарсың.
Жарахатым үлгірімге сен йетарсың,
Сен өсəлі бен мафрұх олдым емді.
133
132
Аудармасы:
Ақырын ес, самал жел, соқпай кетпе,
Сенде ақиқат Жүсібімнің иісі бар.
Жарақатым жүрегімде сен жазарсың,
Сен ескен соң, мен қуанышты болдым енді.
Жүсіп құлдыққа сатылғанда, ең əуелі, əкесін ойлайды.
Мысалы: «Ағламақтан екі көзі көрмез емді» – «Жылаудан
екі көзі көрмей қалар». «Аһ, дариға, ғазиз едім далил (қор)
бодым», – деп жылайды.
Зылиха Жүсіпке арнап сарай салдырып, оған Жүсіпті
шақырып, өзіне көндірмек болғанда, Жəбірейіл əкесінің
кейпінде келеді. Нəпсісін тыйып, сабыр қылуға ақыл
береді (Оқиғаның бұл бөлігі Жүсіпбек қиссасында жоқ).
Фирдоуси дастанында Жүсіпке жазуы бар қол көрінеді.
Онда: «Аллаға бəрі де аян!», – деген сөз бар екен. Оған да
көнбей, Жүсіптің пендешілік оты маздай бастайды. Қол та-
ғы көрініп: «Бұл істің жұмаққа барар жолындағы үмітіңді
үзеді», – деген жазу шығады. Сол кезде Жəбірейіл Жақып
кейпіне кіріп келіп тоқтатады. Əкесін сүйген Жүсіп, сонда
ғана сабырға тоқталады.
Фирдоуси сюжеті бойынша, Жүсіп Египетке патша бол-
ған кезінде əкесін сағынып, оған сəлем айтатын кісі іздейді.
Ол Ханааннан келген адам болуы керек еді. Ақыры, базарда
бір кісінің түйесі Жүсіпті көріп, тоқтай қалады. Үстіндегі
кісі аң-таң болып, «Сен кімсің?» – деп сұрайды. Жүсіп Ха-
наандық кісі екенін білген соң: «Жақып аман ба?» дейді.
Көзінен жасы сорғалап тұрады. Əлгі араб: «Он екі баласы
бар еді, біреуін қасқыр жеді», – деген кезде: «Ол баласы мен
едім», – деп, басынан өткен оқиғасын баяндап береді (Хиса-
мов Н.Ш., 1979-79).
Əлиде Ханаандық кісіні Жүсіп зынданда отырған кезде
көреді. Өзі қайғыланып отырған Жүсіптің туған елінен кел-
ген кісіні көріп, көзіне жас алуы онда сенімдірек беріл-
ген. Арабтың түйесі зынданның қақпасының алдына шөгеді
де, Жүсіпке Ханааннан келгенін жəне Жақыпты білетінін
айтады:
Иүсүф айдыр: Қанғаннан күлүрмүсін,
Анда бір қаба йығач білүрмүсін?
Чөресінде бұтақлары білүрмүсін,
Ол бұтақлар он екі му тамам емді?
Ғараб айдыр: аңладым бұ сөзіңні...
Аудармасы:
Жүсіп айтты: Ханааннан келдің бе сен?
Онда бар бір биік ағаш білдің бе сен?
Жəне тағы бұтақтарын білдің бе сен?
Ол бұтақтар он екі ме – бəрі түгел?
Араб айтты: аңдадым бұл сөзіңді...
Жүсіпбек бұл тұста Əлиді қайталай отырып, эпостық жыр
дəстүрімен жырлайды:
Жүсіп сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
Қанғаннан мұнда келдің бе?
Ол шаһардың ішінде,
Қаба ағаш білдің бе?
Он екі бұтақ басында,
Түгел ме екен көрдің бе?
Ғараби сонда сөйлейді...
(Ғашық наме. 1976-418).
Мұндағы «қаба ағаш» – биік ағаш, əлем үйлесімінің
135
134
нышаны – бəйтерек бейнесі болуы керек. Арабтан əкесінің
хабарын естіген:
Жүсіп қатты жылады,
Атасы жайын есітіп,
Сүйегі жаман сынады,
«Уа, дариға, атам», – деп,
Жер бауырлап құлады,
Атасын ондай деген соң,
Қайтіп шыдап тұрады?
Жүсіп бейнесіндегі адамгершілік қасиеттері анасы Рахил-
дің бейітінің қасынан өтіп бара жатып, зар еңіреп жылауы
арқылы, еміреніп, егілуі арқылы берілген:
Зары қыбылб айдыр: «Анам – Үммі Рахил!
Бенім халым нетелгін көзің көргіл.
Қардашларым сатты бені, байан білгіл,
Азад ердім, бенделікке дүшдім емді».
Аудармасы:
Зарын қылып айтты: «Анам – Үммі Рахил!
Менің халым не болды, көзіңмен көр.
Бауырларым сатты мені, оны біл,
Азат едім, бенделікке (құлдыққа – А.Қ.) түстім енді.
Осы кезде аспан күркіреп, қар аралас жаңбыр төгіп жібе-
реді. Оқиғаның бұл тұсын Жүсіпбек Əли мəтінін сақтай
отырып, əдемі баяндайды:
Мейірбан ғарып анам, халым көргін,
Ағаларым сатты ғой мені, білгін.
Күншілдікпен қас болып, залымдық қып,
Нұр шұғыласын көп көрді жарық күннің.
Ағаларым үстемдік жүрдірді ғой.
Қасірет отпен жанымды күйдірді ғой.
Қол-аяғым шынжырлы, мойным бұғау,
Ғарбат тонын үстіме кидірді ғой.
Жүсіпке айтқан анасының зары, аналық мейірінен төгіл-
ген сөздері «Қорқыт ата кітабындағы» Бұқаштың анасының
зарына, эпостық жырлардағы аналар зарына ұқсас келеді.
Жүсіпбек Шайхұсламұлы Əли қиссасындағы жолдарды
мағыналық жағынан айнытпай қайталайды. Əли:
Анасының молдасынан бір үн келді,
Иə, Жүсібім, халың неге бұлай болды?
Ағаларың бұл қорлықты неге қылды,
Ғапыл болып бұл бəлеге түстің енді
(Хисамов Н.Ш., 1979-113).
Жүсіпбек:
Үн келді қабірінен анасының,
«Жүсібім, халың қиын, қарашығым.
Ағаларың неліктен мұндай қылды,
Неліктен сенен алды бар ашуын?
Достарыңызбен бөлісу: |