«Əбілхарыс – Əбуғалисина» дастаны Орта Азиялық сю-
жетке жазылып, қазақ арасында кең тараған. Оның алты
баспа нұсқасы жəне төрт қолжазбасы бар (Дастандар. 1990-
313). Баспа нұсқаларының ішінен Кашафуддин Шаһмар-
данұлы жазған «Халуа Фұрұш» (1898) қазақ қиссасын оқып
шықтық. Бұл «Əбуғалисина» сюжетінің бір тарауы екен.
Халуа сататын Фұрұш деген жігіттің Əбу Синаға кездес-
кені, оның кебектен халуа шығарып берген, ағашты жігітке
айналдырған ғажайыптарын суреттейді. Бұл сюжеттің Қуа-
ныш Баймағамбетов жазған толық нұсқасы 1990 жылы
басылып шықты (Сонда).
Дастанның оқиғасы Бұхара қаласында Əбілхарыс –
Əбуғалисина атты егіз бала тууымен басталады. Екеуі ғы-
лымды меңгеріп, батыс мемлекеттерін де еркін аралап жү-
ріп, жылына бір рет үш сағатқа ашылатын үңгір ішіндегі
кітапхананың хабарын естіп, бір жыл дайындалып, ішіне
кіреді. Кітапхананы жасаған Писағұрұс деген ғалым екен.
Харис пен Ғалисина көптен қалып,
Білтеге шақпақ шағып, етті жарық.
Даярлап құралдарын кірісті олар,
Шығуға қайткенде де ғылым алып.
Екеуі бір жыл отырып, білтенің жарығымен дүние жазу-
287
286
ды ау-дарады. Келесі жылы есік ашылып, жұрт ішке қарай
лап бергенде, сақал-шашы, тырнағы өсіп кеткен екеуі іштен
шығады. Бұлардан секем алып, өлтірмекші болғанда, жұрт-
тың көз алдында көлшікке айналып, жоқ болады.
Сол қалпымен Əбілхарис Бағдаттан шығады. Орманнан
қырық шырша кесіп алып, қыз жігітке айналдырады. Ғажа-
йып монша салдырады.
Моншаға түсуге келген патшаның арманы – Сапа деген
кісінің асқан сұлу қызы Ділəфруз екен, ол қызды тылсым
күшпен əп-сəтте бір жігіті алып келеді.
Осы уақытта Əбуғалисина Нілмен жүріп отырып, Мы-
сырдан шығады. Дəруіш болып, базарға барып халуа сатқан
бір жетім балаға көмектеседі (бұл оқиға «Халуа Фұрұш» атты
жеке дастандарға да өзек болған). Балаға өмірі таусылмас
өнер үйреткісі келеді, бірақ оған халуадан басқа ештеңе
керек болмағанына ренжиді. Əбуғалисина жиырма қап кебек
алдырып, «Жақсы халуа болыңыз!» – дейді.
Жігіт халуасы жүріп, байиды. Мысыр патшасының қызы
Мəликеге ғашық болады:
Бір кезде жарқ етті күн есік ашып,
Шұғылалы төңірекке сəуле шашып.
Қараса күннен сұлу қыз келіп тұр,
Жігіттің жүрегіне сызған машық.
Халуашы жігіт Ғалидің өтінішімен Əбуғалисина патша
қызын қаптаған қыз-əйел, əскердің ортасынан білдірмей,
суырып əкеледі. Келесі жолы əуре-сарсаңға түскен патша
қызының бес саусағын зағыпыранға малып, кірген үйінің
маңдайшасына белгі соғуға ақыл береді. Тағы да тылсым
күшпен зымыратып ала жөнелгенде Мəлике кірген үйінің
есігіне бес саусағын баса қояды. Ертеңіне мұны біліп қалған
Əбуғалисина өз сиқырымен қаладағы барлық үйге сондай
белгі соқтырады. Əуре болған патша көмекке Əбілхарыстың
даңқын естіп, соны шақырады. Оны білген Əбуғалисина
ғылыммен жер мен көкті қарап жаратқан Əбілхарысты
тылсыммен шатыстырады.
Харистің қарап жатқан барлық жолын,
Табуға, адастырды, бермей орын.
Үндістан теңізіне ауыстырды,
Патшаның қызы барып тұрған жерін.
Оның есесіне Əбілхарыс Əбуғалисинаның моншасына
қыс орнатып, мұз қатырып қояды. Осыны көрген халуашы
жігіт Ғали патшаның қызы Мəликені құшқанына қанағат
қылмай, Əбуғалисинаға ғылым үйрет деп жабысады:
– Мұхиттың теңізіндей ғылымыңнан,
Бір тамшы бермедіңіз маған қиып, – деп,
Əбуғалисина оған:
– Жүргем жоқ мұны, балам, саған қимай,
Қаупім бар қала ма деп ішке сыймай, –
деп, «ғылымның бір жеңілін» үйретеді. Ғали жігіт ұстазы-
нан «адамға көрінбейтін өнерді» алады. Осы өнерін пайда-
ланып, Мəлике қызға барып жүріп, білініп қалады. Жігіттің
көрінбей келгенін біліп, патшаның өтінішімен көмекке кел-
ген Əбілхарыс есікті құлыптап тастайды. Ғали сыртқа шы-
ғайын десе, бəрі жабық, жаны қиналған кезде көзі суланып,
«ғылым сүрме» ағып кетеді де, халуашының тең жарымы
көрініп қалады. Оны көрген жұрт: «Жарты адам жүр», – деп
қуады. Ұсталып қалған жерінен ұстазы жендеттердің орта-
289
288
сынан тылсыммен суырып алып кетеді. Патша бұл жігіт-
тің ұстазы бар екенін біліп, соны ұстауға амал іздейді. Əбу-
ғалисина Ғалиға:
Үйретпеуім емес еді сараңдық,
Қараңғылық – міне, осындай надандық.
Енді он минут бармағанда кешігіп,
Өз басыңды жойып едің тамам ғып, – дейді.
Əбуғалисина өзін ұстамаққа келген патша жендеттерінің
бірін маймыл қылып базарда ойнатып қояды, екіншісін май-
мыл мінетін ат қылады, үшіншісін итке айналдырады. Кейін
рақым етіп, адам күйіне түсіреді.
Уəзірді əйелге айналдырып, бір кесе судың ішіне түсіріп
жібереді. Су дегені – айдала болып, əйел екен деп бір қор-
қынышты зəңгі ұстай ала бергенде, Əбу Сина дауыл болып
қасына жетіп келеді. Уəзір жатып жалынады.
Екінші біреу қызық көріп, арабқа айналып, ол да кесенің
ішіне түседі. Оның алдынан ер түрік шығып, басын алмақ-
шы болады. Əбу Синаға жалынып, кеседен əрең шығады.
Олардан Ғалиға патша қызының қосылуына жəрдемші бо-
латын уəдесін алады.
Əбу Сина отырған кісілердің бəріне де сондай таң-тамаша
көргізеді. Патшаның өзін де мойындатады. Қызын Ғалиға
алып береді.
Дастанның соңында Əбу Сина екі таудың арасынан үш
жүз алпыс бөлмесі бар мектеп ашып, əр бөлмеге елу бала-
дан отырғызып оқытады. Өзі ажалдың арғы түбін жоюдың
амалын тауып, монша жасатады:
Жасапты жеті жұлдыз төбесіне,
Жеті ыдыс жасады оның өресіне.
Қасиетін жеті ыдысқа қосты үркердің,
Білімнен сақтап таза оны есіне.
Ғылыммен жеті ыдысқа дəрі толды,
Өлгенде жан енетін денесіне.
Бар өнерін Жамас деген шəкіртіне тапсырып, өзі өлген
соң, не істеу керек екенін үйретеді.
Əбу Сина өлген соң, Жамас ұстазының үйретуімен: мəйітті
келіге сап түйеді, қазанға қайнатады, қамырланған соң,
көрсеткен шыншадағы сұйықты үстіне құяды, оны мəрмəр
қалыпқа салады. Қырық күнде сүйек бітеді. Тағы екі шын-
ша сұйық құйғанда көзін ашып, шəкіртінің бетіне қарап,
«бəриз», – дейді. Онысы: «жəне бір құй», – дегені. Енді бір
құйса, дүниеде мəңгі тірі жүрмек екен. Ақырында шəкірті:
Келетін менің бақыт кезегіме,
Кез болып, бермес бедел ықтиярын, –
деп соңғы шишаны бір ұрып, сындырады. Содан Əбу Сина
салған моншадан осы күнге дейін «бəриз» деген үн шығып
тұрады екен.
Бұл ғажайып, керемет оқиғалы дастанды оқыған кісінің
қиялы дамып, ой-өрісі өсіп, жан дүниесі шар тарапты қамтуы
аян. Ғылымның əлемді өзгертудегі рөлін, мəнін жақсы көр-
сете алған шығарма. Қуаныш Баймағамбетовтың ғылыми
жағдайларды ақындық тілмен оралымды да əдемі жеткізе
алуы таң қалдырады.
Біздің ойымызша, бұл дастанның бастапқы төркіні Орта
Азияға, бүкіл дүниеге белгілі ғалым, медицинаның білгірі
«Медицина Каноны» кітабын жазған Əбу ибн-Синаның
аңыздағы бейнесіне құрылған. Оны негізгі кейіпкер етіп
291
290
алып, қиялмен таңғажайып оқиғалар қосып, тұтас шығарма
тудырған. Дастанның негізгі ойы – ғылым мен білімнің құ-
діретін көрсету. Бұл шығарма арнайы зерттеуді қажет ете-
тін, мəнді де мағыналы дүние демекшіміз.
Орта Азиялық сюжеттерге, сонымен бірге, «Бозжігіт» те
жата-ды. Қазақ, татар, башқұрт, өзбек арасына кең тараған
Ақылбек Сабалұлының бұл дастаны ғасыр басында он бес-
тен астам рет кітап болып шыққан. Оқиғасы «Қозы Көрпеш –
Баян сұлуға» ұқсас. Ауыз əдебиетіне тым жақын стильде
жазылып, қазақтың төл шығармасы болып кеткен. Ы.Дүй-
сенбаевтың (1973), Ш.Сəтбаеваның (1982), Б.Əзібаеваның
(1990) еңбектерінде жан-жақты талданған шығарма болған-
дықтан, арнайы тоқталуды артық көрдік.
Орта Азия сюжетіне жататын тағы бір қисса-дастан
«Ибраһим-Адһам». Ақылбектің «Ибраһим-Адһам» қисса-
сында Ибраһим деген диуана Балх патшасының қызы Мə-
ликеге ғашық болады. Оған «Сырдарияның түбінен екі гау-
һар əкелсең ғана қызды береміз» деген шарт қояды. Ибраһим
Сыр суын үш жыл бойы шелектеп төгеді. Оны көрген кі-
сілер: «Сыр суы мың жыл бойы төксе де, таусылмайды», –
деп, ерлігіне риза болып, 400 гауһар береді. Ибраһим гау-
һарды алып, Балх қаласына келген жерінен, оны ұры деп
қуады. Бұл қайғыға шыдамай, сүйген қызы өліп кетеді. Қызды
жерлегеннен кейін Ибраһим жүрегінің жылуымен тірілтіп
алады.
Əдебиетімізде «Бақтиярдың қырық бұтағы» атты топ-
тама қисса-дастандар да бар. Бұл қазақтың бір тақырып-
тың төңірегінде қырық дастан шығаратын дəстүрлі жайы
(«Қырымның қырық батырын» еске алайық).
«Бақтиярдың» қырық бұтағына жататындығы анықтал-
ған қиссалар: «Шəкір – Шəкірат», «Шеризат», «Дастарқан»,
«Жамсап», т.б., кейде: «Ағаш ат», «Жəхəнша», «Əмір – зада»,
«Алтын балық», «Хасен-Мəлике», «Атымтай Жомарт», «Шаһ-
маран», «Шəмсия», «Теміртаяқ» қиссаларын да жатқызады
(Мыңжани Н., 1994). Сондай-ақ, «Бақтиярдың зары», «Қы-
рық уəзір» тікелей Бақтияр оқиғаларына жатады.
Біздің ойымызша, Шайхызада мен Ақылбек Сабалұлы-
ның «қырық уəзірі» де осы бұтақтың бірі болуы тиіс. Оқиға
ұқсастығы мен жалғастығын көру үшін əуелі «Бақтияр»
қиссасымен таныса кетейік.
Достарыңызбен бөлісу: |