Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет52/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65
Байланысты:
kyraubaeva alma shygystyk kissadastandar 3 tom

«Баһрам»  қиссасында  (1908, 1912. белгісіз  туындыгер-
дікі)  Пері  қызы – Гүлəндам  сар  далада  киік  болып  мұ-
нарланып,  көрген  кісіні  есінен  адастырады.  Баһрам  киік 
болған  Гүлəндамды  қуа  келіп,  оның  суретін  көріп  ғашық 
болуынан  оқиға  дамиды.  Дастанды  оқи  келе  ойға  оралған 
нəрсе,  бұл – шығарманы  түгелдей  ғашықтық  жырлар  қата-
рына жатқызғанға қосылар едік. Өйткені, туындыгер дастан-
ды бастау кезінде-ақ айтқалы отырған тақырыбының ғашық-
тық  мəселесі  екенін  ашып  жазады. «Дүниеде  жеті  ғашық 
бар: бірі – Жүсіп пен Зылиха, екіншісі – Лəйлі мен Мəжнүн, 
үшіншісі – Ғабділмəлік,  төртінші – Зияда  мен  Шаһмұрат, 
бесінші – Ғайын – Жамал, алтыншы – Құсайын мен Шаһар-
бану («Дариға қызды» айтады):
Жетінші ғашық болған Ер Баһрам,
Өз əкесі – Үрүмде Ұлғаш хан, – дейді. 
Ендеше, «Баһрам-Гүлəндамды»  ғашықтық  дастанға  жат-
қызған  дұрыс  болар.  Ал,  Баһрамның  асқан  ерліктері – оны 
жер  шетіндегі  пері  қызын  алуға  лайық,  мінсіз,  əсерлі  кейіп-
кер жасау жолындағы əрекеттер.
Енді  «Баһрам»  қиссасына  негіз  болған  «Шаһнамадағы» 
«Баһрам»  баянын  алатын  болсақ  (Фирдоуси. 1964. Сказ.  о 
Баһраме),  іс-əрекетті  үш  бейне:  Баһрам – Үрүм  қызы  Азаде 
– киік арқылы дамиды. Азадені Баһрам аңға бірге алып шы-
ғады.  Садағын  қолына  алып,  қашып  бара  жатқан  құралайды 
көздеп,  Азадеге: «О,  айым,  мыналардың  қай  жерінен  тигі-
зейін?», – дейді.  Азаде: «О,  арыстаным,  қарақұйрыққа  оғын 


269
268
қай  жігіт  тигізбейді  дейсің,  ол  аса  мақтаныш  болмас.  Əуелі, 
киіктің  еркегін  ұрғашы  қылып  бер.  Тағы  бір  жебеңді  жай 
оғындай  зымыратып  жібергенде,  қарақұйрықтың  құлағының 
түбінен  зу  ете  түссін.  Қарақұйрық  аяғымен  құлағын  қаси 
қалар. Сол кезде екінші оқпен құлағы мен аяғын иығына тіге 
қой», – дейді.
Бұған  тіксініп  қалған  Баһрам,  сыр  бермей,  екі  жебені 
қатарлай  салып,  көздеп  тұрып  тартып  қалғанда,  əп-сəтте 
киіктің  екі  мүйізін  жоқ  қылады.  Келесі  тартқанда,  құралай 
құлағын  қаси  қалып  еді,  енді  бір  оқпен  құлағы  мен  аяғын 
иығына тіге қойды.
Үрүм  қызы  Азаденің  көзінен  парлаған  жас  бетін  жуып: 
«Саған  Құдай  адамнан  бөлекше  қасиет  берген  екен.  Сен 
еркек  емес,  жын  шығарсың», – дейді.  Сол  кезде  Баһрам 
қызды  салып  жібереді.  Жерге  ұшып  түскен  қызды  түйенің 
табанымен  таптап  тұрып: «Ақылсыз  қыз,  осыншама  сынға 
салдың.  Оғым  сен  айтқандай  қарақұйрыққа  тимей  кетсе, 
нетер едім. Бүкіл үрім-бұтағыма таңба болатын еді», – дейді.
Осыдан  былай  Баһрам  аңға  əйел  алып  шықпайтын  бо-
лыпты.  Шығыс  салтындағы  аң  аулауға  əйел  алып  шықпау 
себебін Баһрам оқиғасы тиянақтай түсті.
Баһрам  жайындағы  қазақ  қиссасы  «Шаһнамадағы»  Баһ-
рамныңүш  объектісі:  Баһрам – Үрүм  қызы – Киікті  алады 
да,  оны  белгілі  ғашықтық  дастандардың  құрылы  жүйе-
сіне  салады.  Бірақ, «Шаһнамадағы»  батырлық  іздері  сақта-
лады:
Аң аулайын деп бір күн шықты аңға,
Көрді де бір киікті, қалды таңға.
Безенткен гауһар таспен үсті-басын,
Ұмтылады салайын деп батып санға.
(Батырлық  дастандар. 1995-128). Ары  қарайғы  оқиға: 
Баһрамның  Гүлəндамды  іздеп  шығуы,  түсінде  көруі,  Гүлəн-
дам  Ирамбақтағы  пері  қызы  болуы,  диюмен  соғысуы,  теңіз, 
керуен  оқиғалары  «Сейфүлмəлікке»  ұқсас  болып  кеткен. 
Сондықтан  «Баһрам  қиссасын»  тек  қана  «Шаһнамаға»  сү-
йеніп жазған дей алмаймыз, əділдігі: «Шаһнама» жəне «Мың 
бір түн» сюжеттерінен алынған.
Баһрам  бейнесін  Фирдоуси,  Низами,  Деклеви,  Науаи, 
Сайқалилер  жасаған.  Науаидың  атақты  «Фархад – Шырын» 
дастанында  Баһрам – негізгі  қаһарман  Фархадтың  досы. 
Фархадтың  өлімін  есітіп,  досы  Баһрам  Арменияға  келіп 
Шируяны  жеңеді.  Арменияда  біраз  патша  болып,  елдің  қа-
мын  жасаған  соң,  тағын  Мехин  Бануға  беріп,  өзі  дүние-
ден  баз  кешіп,  Фархадтың  моласының  маңайында  өмір  сү-
реді.  Кейіпкердің  ел-жұрттан,  пендешіліктен  алыстап,  оңа-
шалануы  əдебиетте  бұған  дейін  де  болған  (Одғұрмыш, 
Йассауи).
Науаидың  «Хамсасындағы» (Бес  кітап)  төртінші  дастан 
«Жеті  аруда» (1484) Иранның  сасанидтер  дəуіріндегі  пат-
шасы  Варахранның (421-438 жж.  патша  болған)  өміріне 
қатысты  сюжеттер  алынған.  Қазақтың  «Қисса  Баһрамы-
нан»  көп  өзгеше.  Əзірге  қай  нұсқадан  алынғандығы  анық 
емес.  Сайқалидың  «Баһрам  ва  Гүландамынан»  таныс  болуы 
мүмкін (Күмісбаев Ө., 1995-183).
Науаида  қыздың  аты – Диларам.  Аңға  шығып  бара  жат-
қанда, жолда бір байғұс кезбеге жолығады (Мани). Ол қытай 
жұртында  асқан  сұлу  бір  қыз  бар  екенін  айтады.  Патша 
адамдарын  жіберіп,  сатып  алады.  Патшалығының  бар  мə-
селесін бетімен жіберіп, қыз қасынан шықпайды.
Оқиғаның  негізгі  өзегі – «Шаһнамадағыдай»,  Диларам-


271
270
ның  Баһраммен  бірге  аңға  шығуы.  Диларам («Шаһнамада» 
–  Азадэ)  алдында  мергендігін  көрсетіп,  мақтанған  Баһрам-
ды  тəкаппар  сұлу  қолдай  қоймайды.  Күнде  аңшылық  құрып 
жүрген  кісіге  қиын  ба? – дейді.  Сол  арада  Баһрам  патша-
лық  намысына  тиген  қыздың  қолын  өзінің  қолаң  шашы-
мен  байлап,  айдалаға  тастап  кетеді.  Артынша  ашуы  қайтып, 
іздесе, таба алмайды.
Баһрамды қайғы басып, түрлі-түсті жеті сарай салдырып, 
жеті сарайға жеті патшаның жеті аруын отырғызып қойса да, 
көңілі  толмайды.  Жеті  ертегішіге  кезек-кезек  əңгіме  айтқыз-
са  да,  қайғыдан  арыла  алмайды.  Қисса-дастан  дəстүрі  бо-
йынша,  ғашық  кейіпкер  жеті  теңізге  түсіп,  зəңгілер  еліне 
келіп, т.б. жеті қиыншылықты, азапты басынан өткізу керек. 
Науаи  өз  кейіпкерін  алыс  сапарға  жібермейді,  бірақ  жеті  са-
райға  түнеген  Баһрамның  жан  арпалысы,  көңіл-күйі  соның 
бəріне  теңдес  келеді.  Ертегішілердің  айтқан  əңгімелері  оқи-
ғаны  қоюландырып,  молайта  түседі.  Жетінші  əңгімеші  Хо-
резмде  күй  аспабын  керемет  шертіп,  əн  салатын  бір  қыз  ту-
ралы  айтады.  Ол  Дилорам  болып  шығады.  Екеуі  қайта 
қосылады,  бірақ  аңшылық  құрып  жүріп,  құлан  қуып  кеткен 
Баһрам қайта оралмайды (Наваи Алишер., 1978-162).
Баһрам оқиғасы қазақ оқырманына осылайша тараған.
«Шаһнамадан»  тараған  қалыпты  желілердің  бірі – əке-
сінен бөлек өскен баланың кейін табысуы. Бұл – атақты Сам 
батырдың  өз  баласын  ақ  шашты,  салпы  ерін  болып  туғаны 
үшін айдалаға апартып тастап, оны (Дастанды) Самұрықтың 
асырап  өсіруі  туралы  желі.  Сондай-ақ,  Дастанның  баласы 
Рүстемнің  Тұран  патшасының  қызы  Таһминаға  ғашық  бо-
лып  үйленіп,  одан  туған  өз  ұлы  Суһрабты  кейін  жекпе-жек-
те  танымай,  өлтіріп  алуы.  Міне,  осындай  əке  мен  бала  ара-
сындағы  оқиға  төңірегіне  құрылған  бірнеше  қазақ  дастан-
дары бар. 
Оның  бірі – «Еренғайып-шаһ  Ғаббас»  (Мұхаммедғали 
Өндір байұлы жазған).
Бұл  оқиғада  қаһарман  (əдетте  патша  не  батыр)  болашақ-
тағы  ерен  ұлының  анасын  жолаушылап  жүріп  кездестіреді. 
Өзінің  патша  екенін  айтпай,  сиыршы  шалдың  ақылды,  дана 
қызын  некелеп  алып,  қасында  бес  ай  тұрған  соң,  қайтпақ 
болады. 
“Ұл туса айтарсың:
Мекенім Асмания шаһарында,
Шаһ Ғаббас падишаның тарапында.
Жетім Ғаббас дейтұғын қайыршымын,
Əкем сол деп іздесе, табар сонда”, –
деп  белгі  ретінде  алтын  медаль  алып  береді. «Ұл  туса, 
Еренғайып ат қоярсың», – дейді (Еренғайып – ғайыптан бол-
ған ер, батыр).
Қиссаның  екінші  бөлімі  Еренғайыптың  əкесін  іздеп  шы-
ғуына  арналады.  Екеуінің  бірін-бірі  тануы  дар  алдында 
болады.  Əкесін  іздеп  келген  жерінен,  сол  қалада  Шаһ 
Ғаббастың  уəзірінің  қызы  «қолына  түсіріп»,  еріксіз  ойнап-
күліп  жүреді.  Оны  патша  жасырын  жаман  киім  киіп  келіп, 
біліп  қояды («Мың  бір  түнде»  Халифа  һарон  Рашид  жа-
сырын елін аралайды).
Дар алдында тұрған бала көрген түсін баяндайды:
Қап  тауының  бақшасында  алтын  қапаста  сайраған  екі 
құсты,  гауһар  тақты  көреді («Мың  бір  түнде»,  сол  сияқты, 
дастандарда да оқиға осы алтын-гауһармен өрнектелген тақ-
тың  маңында  өрбіп  отырады).  Тақтан  аждаһа,  одан  соң 
арыстан  ұмтылады,  есепсіз  əскер  шығады.  Соның  бəрі  əлгі 


273
272
екі  құстың  құзырында  болады.  Құс – жын  мен  адамзаттың 
екі  арасынан  шыққан  Шəмшібану  деген  қыз  екен.  Əкесі – 
Тайырмəлік. 
Осыдан  соң  Еренғайыптың  қиыншылықтары  суретте-
леді.  Ол  əдеттегідей,  теңіз  оқиғасы,  белгісіз  шаһардағы  бел-
гісіз  қызды  құтқару («Сейфүлмəлікте»  дию  қолындағы  қыз. 
«Мың бір түндегі» «Дандан уəзір əңгімелері»).
Ақырында  шаһ  Ғаббас  бұл  жігіттің  өз  баласы  екенін 
біледі.
Падиша мұны есітіп тақтан ұшты,
Баяғы өз жұмысы еске түсті.
«Ай дариға, білмедім, перзентімді», – деп 
Зар жылап, баласының басын құшты.
(Батырлық жырлар. 1995-121). 
Осыған  ұқсас  сюжеттің  бірі – «Ғарып  патша»  (Қазақ 
қиссалары. 1986-ІІ).  Бұл  қиссада:  Елін  бейбіт  басқарған 
Қандем  деген  патшаның  кəнизəгінен  туған  Ғарып  туралы 
əңгіме  болады.  Қандем  патшаның  бəйбішеден  туған  тентек 
баласы  əкесін  өлтіріп,  патша  болады. «Əкеңнен  қалған  тағы 
бір  ұрпақ  бар  екен,  сол  сенен  кек  алады», – дегенге  барлық 
əйелдер  мен  кəнизəктерді  жинап  алып,  тексереді.  Аяғы 
ауыр  кəнизəкті  екі  жендет  алып  кетеді.  Біраз  оқиғалардан 
соң,  қамыстың  қалқасына  тығылған  кəнизəк  əйел  аман 
қалып,  елсіз  жерде  босанады.  Аңға  шыққан  Мардас  əкімге 
жолығып,  оған  күйеуге  шығып,  бір  бала  табады.  Атын 
Саһум қояды. Ғарып пен Саһум қатар өседі. Бір күні Мардас 
қонаққа  кеткенде  оның  Мариям  деген  қызын  Мажин  хан-
ның  Жамал  деген  ұлы  жасақпен  келіп,  алып  қашып  кетеді. 
Ғарып  Саһумды  ертіп  жаудың  артынан  қуып  барып  Ма-
риямды  алып  қалады.  Мариям  Мардас  əкімнің  алғашқы 
əйелінен  туған  қызы  еді,  оған  Ғарып  ғашық  болады.  Бұл 
жайды естіген Мардас əкім Ғарыпты өлтірмек үшін: «Алыс-
та  зеңгілерге  барып,  оларды  бағындырсаң,  қызымды  бе-
рем», – дейді.
Ғарып  зəңгілерді  бағындырып,  оның  тұтқыны  болған 
елдерді  азат  етеді.  Сол  азат  еткендердің  ішінде  түрік  ханы 
Шафурханның  қызы  Пахара  да  бар  еді.  Ғарып  Пахараны 
Шафурханға  апарады.  Риза  болған  Шафурхан  той  жасап, 
қызын Ғарыпқа береді.
Тағы бір соғыста Ғарып Мұратша деген батырмен жекпе-
жекке  шығады.  Ғарып  Мұратшаны  зорға  жеңіп,  оны  байла-
тып тастайды, Мұратшадан жөн сұрайды. Сөйтсе, бұл бұдан 
20  жыл  бұрын  Пахарадан  туған  бала  екен,  сол  жерде  жы-
ласып  көріседі.  Ғарып  Пахарамен  де  кезігеді.  Ең  соңында 
бір  елге – Саһум,  Мұратша – бір  елге,  ал  Ғарып  күллі  Азия 
еліне патша болады.
Қазақ  арасына  кең  тараған  «Мұңлық – Зарлық»  қиссасы 
да осы желімен жазылған.
«Шаһнаманың»  əдебиетте  танымал  екінші  бір  желісі – 
өгей  шешенің  ғашықтығы  мен  қырсығы. (Суһраб  пен  өгей 
шеше  Судабе. «Қисса  Жүсіпте» – Зылиханың  Жүсіпті  зын-
данға салдыруы).
Осы  желі  бойынша  жазылған  қазақ  қиссаларының  бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет