4 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 бет бұрған жоқ еді. Ал тіл білімімен айна-
лысқан әрбір ғалым халық танымына жақын
мәселелерді бұл ілімнің барлық саласы
бойынша жан-жақты зерттеді, тереңдетті,
толықтырды, тілдің біртұтас заңдылығын
қалыптастырды. Келешекке мұра етіп қал-
дырды.
Сөз тіркесі мәселесіне синтаксисте бір
ғалым ғана білек сыбана кіріскен болатын. Ол
әйгілі ұстаз – ҚР Ұлттық Ғылым академия-
сының корреспондент м‰шесі, филология ғы-
лымдарының докторы, профессор Мәулен
Балақаев еді.
Ол кісінің шәкірті Т.Сайрамбаевтың да
шығармашылық жұмысының дені – сөз тіркесі
мәселелері. Атап айтқанда, «К‰рделі сөз тір-
кестерінің кейбір мәселелері» (1976), «Қазіргі
қазақ тіліндегі к‰рделі сөз тіркестері» (1981),
«Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» (1991),
«Сөйлемнің тұрлаулы м‰шелері» (1996), «Син-
таксис туралы ойлар» (1996), «Синтаксистің
кейбір мәселелері» (2004), «Жақ категориясы-
ның функционалдық көрінісі» (2005), т.б. оқу
құралдары мен «Мәулен Балақаев» атты зерт-
теу-эсселік монографиясы (2007) жарық көрді.
Талғат Сайрамбайұлының «Мәулен Бала-
қаев» атты монографиялық еңбегі профессор
М.Балақаевтың 1939-1992 жылдар аралығын-
да шыққан еңбектеріндегі сөз тіркесі мәсе-
лесін талдап, жинақтап, б‰гінгі к‰нмен ‰йле-
сімді етіп жалғастырған. Сөз тіркесі мәселесі
– М.Балақаевтың кандидаттық та, докторлық
та жұмыс тақырыбы емес, ғалымның қазақ тіл
білімін дамытудағы жаңа көзқарасы. Сөз
тіркесі мәселесі зерттеуді к‰тіп тұрған тілдік
құбылыс екенін, бұл мәселені М.Балақаев
дөп басып қолға алғанын, оны ерінбей зерт-
теп, жалықпай жазғандығын тарихи жылдар
бойынша Т.Сайрамбаев аталған еңбегінде
жан-жақты ашып көрсеткен.
Талғат Сайрамбайұлы – осы ұстаздың шә-
кірті. Ол ұстаз ілімін жалғастыра, дамыта,
жетілдіре ж‰ріп, өмірінің соңына дейін осы
идеяны насихаттады, өз шәкірттері арқылы
тереңдете т‰сті.
Профессор Т.Сайрамбаев қоғамдық жұ-
мыстарды да бір кісідей әділ де шебер ат-
қарған қайраткер болды. ҚазҰУ-де қызмет ат-
қарған 38 жылының бір бөлшегі жалпы
университеттің дайындық бөлімінің деканы
және орынбасары болып істеген 6 жылында
ауыл жастарын, білімнен қол ‰зіп қалған
жастарды жоғары білімге тартуда көп еңбек
етті. Әрбір талапкердің өндірістегі ерен
еңбегін, армия қатарындағы айбынды істерін
бағалап, бір де бірін кейін қайтармай, олардың
университет студенті болуына барлық көмегін
жасағанын дайындық бөлімінде оқып, кейін
лауазымды қызметте ж‰рген тұлғалар жыр
қылып айтып ж‰ргенін талай естідік. Бірнеше
жыл өзі қызмет ететін филология факуль-
тетінің партия ұйымының хатшысы, өзі ашып,
өзі топтастырған қазақ тілі кафедрасының 10
жыл меңгерушісі болып қызмет атқара ж‰ріп,
көптеген шәкірттерді ғылымға баулыды.
Әрбір талапкерді ғалым етіп шығару оңай
шаруа емес. Әркімнің қабілетіне орай тақы-
рып таңдау, оның ғылыми жоба-жоспарын
жасау, сол мәселе бойынша ауқымды кеңес
беру, сол тақырыпқа қызығушылығын ояту да
Талғат Сайрамбайұлының кезекті шаруасы
болатын. Одан соң жазылған жұмыстың жа-
рияланымын, оның сауаттылығын бақылап,
әрбірінің дер кезінде қорғауын мұқият қада-
ғалап отыратын. Ең бастысы, диссертанттың
ғылымға қосар жаңалығына көзі жетпейінше
тынымсыз жұмыс ж‰ргізетін. Ал олардың
қорғау сәтінде де қиналыс аз болмайтын.
Балапанын қорғаған құс секілді қиындықтар-
ды бастан кешіретін. Қашан қорғалған жұмыс
Жоғары аттестациялық кеңестен бекіп кел-
генше көңілі орнына т‰спейтін ұстаз болды.
Т.Сайрамбайұлының әрбір шәкіртінің қор-
ғаған ғылыми жұмыстарының қай-қайсысын-
да да ұстаздың пікірі өшпестей өріліп жатады.
Ол шәкірттер ойымен өрбіп, жалғасып кете
береді...
Профессор Талғат Сайрамбайұлы өзінің 44
жыл оқытушылық жұмысындағы ең с‰йікті ісі
– студенттерге дәріс беру, т‰рлі формадағы
сабақтар өткізу жұмысы еді. Ұстаздың терең
мәнді, мазмұнды лекциялары, тартысты сабақ-
тары әрбір студенттің біліміне білім қосып,
сол ғылымды қабылдауға деген танымдық
белсенділігін арттырып отыратын. Көбіне сту-
денттерді шығармашылық жұмысқа баули-
тын. Б‰гінгі ғылым кандидаты болып ж‰рген
шәкірттерінің көпшілігі – өзінің сабақ берген
бұрынғы студенттері.
Б‰гінгі студенттер, магистранттар және
кең байтақ Қазақстанның жер-жерінде қазақ
тілі мен әдебиетінен сабақ беріп ж‰рген әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін
бітірген мұғалімдер мен жас ғалымдар білім
берудегі с‰йікті ұстаздары Талғат ағайлары-
ның есте қаларлық ‰лгілі сабақтарын және