Алматы №1 (135) 2012


ПРОФЕССОР ТАЛҒАТ САЙРАМБАЙҰЛЫ САЙРАМБАЕВТЫҢ



Pdf көрінісі
бет11/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   446
ПРОФЕССОР ТАЛҒАТ САЙРАМБАЙҰЛЫ САЙРАМБАЕВТЫҢ 
ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
 
 
Талғат Сайрамбайұлы 1937 жылы 19 ақпанда 
Оңт‰стік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, 
Жиенқұм ауылында д‰ниеге келген. Әкесі 
Қонысұлы Сайрамбай ақсақал өз ортасының 
беделді кісісі болған. Ал анасы – Қарашаш 
көрікті әрі сабырлы кісі болады. Анасынан 
ерте айырылған Талғат Ұлпа атты аса мейі-
рімді екінші анасының тәрбиесінде өседі. Он 
төртке келгенде әкесі д‰ниеден өтіп, алдағы 
арман – д‰ниеге Талғат Сайрамбайұлының өз 
еңбегімен, өз қабілетімен, өз жолымен сапар 
шегуіне тура келеді.
Онжылдықты Арыс қаласындағы мектеп-
интернатта бітіріп, бір жылдан соң М.Әуезов 
атындағы Шымкент пединститутының фило-
логия факультетіне т‰сіп, оны 1961 жылы ой-
дағыдай бітіреді.
Ғылым жолына т‰су сапары Қазақстан 
Ұлттық Ғылым академиясының Тіл білімі 
институтының аспиранты, профессор Мәулен 
Балақаевқа шәкірт болуынан басталады.
Талғат Сайрамбайұлының ғылыми-педаго-
гикалық еңбек жолы Қызылорда қаласындағы 
(1965-1971) қазіргі Қорқыт Ата университе-
тінде басталды. Содан кейінгі қызметі негі-
зінен Қазақ ұлттық университетінде (1971-
2009) өтті. Алматыда өз алдына шаңырақ кө-
терген «Қайнар» университетінде де (2002-
2009) қосымша профессорлық лауазымда қыз-
мет атқарды.
Талғат Сайрамбайұлының шығармашылық 
жолына келсек, ең басты еңбектері 1967 жылы
қорғаған «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім мен 
сан есімнің етістікпен тіркесі» атты канди- 
даттық диссертациясы мен 1984 жылы қор-
ғаған «Қазіргі қазақ тіліндегі к‰рделі сөз тір-
кестерінің құрамдық-семантикалық типтері» 
атты докторлық диссертациясы. Талғат Сай-
рамбайұлы не жазса да сол нысаналы тақы-
рыбы – сөз тіркесі мәселесі туралы жазды. 
Сондай-ақ сөз тіркесі жайлы жазылған еңбек-
терді талдап, авторлық көзқарастарын қолдап, 
қалайда осы тақырыптың көкжиегін кеңейтуге 
ерекше ниетті ғалым болды. Өзінің жетекші-
лігімен қорғаған 38 ғылым кандидаты мен 3 
ғылым докторының да зерттеу жұмыстары-
ның басым бөлігі осы сөз тіркесі мәселесі бо-
латын.
Талғат Сайрамбайұлы Сайрамбаев қазақ 
тіл білімі синтаксис саласының ішіндегі сөз 
тіркесі мәселесімен т‰бегейлі айналысты. Осы 
мәселеге өзінің барлық шығармашылық еңбе-
гін, кандидаттық, докторлық диссертацияла-
рын, 15-ке тарта монографиялық зерттеулерін, 
230-ға тарта ғылыми мақалаларын арнады. 
Жұмыстарының ішінде жеке өзінің автор-
лығымен шығарғаны 12 еңбек (монография-
лар, оқу құралдары), 7-8 еңбек қосымша ав-
торлықпен шыққан оқу құралдары, 5-6 еңбек 
қосымша авторлықпен шыққан сөздіктер, 
қазақ тілі тілашарлары, 14-і әдістемелік құ-
ралдар (әдістемелік нұсқаулар, пәндік бағдар-
ламалар). Одан басқалары ғылыми мақалалар 
болып табылады.
Қазақ тіл білімі тарихында сөз тіркесі 
мәселесі – соңғы 50-60 жыл көлемінде ғана 
зерттеле бастаған жаңа бағыт. Бұл мәселеге 
синтаксис мамандарының көпшілігі арнайы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет