Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет32/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   446
24 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
оның кейбір т‰рлеріне ғана тоқталған болатын 
[2]. Ал Т. Сайрамбаев қарастырған ‰ш не одан 
да көп зат есімдердің қабыса байланысуы 
т‰ркі тілдеріндегі зат есімді тіркестерді, әсі-
ресе изафетті тіркестерді зерттеген С. Майзель 
еңбегінде де қарастырылмаған [3]. Ғалым
Т. Сайрамбаев нақты тілдік фактілер негізінде 
‰ш немесе көп сөзді зат есімдердің әрбір екі 
бағыныңқы сыңарлары, өзара т‰йдекті тіркес 
құрай келіп, бір-бірімен сатылана байланысу 
негізінде к‰рделі сөз тіркесін құрау м‰мкін-
діктерін айқындап, оның семантикалық топ-
тарына талдау жасайды. Ғалым осы еңбегінде 
сол кезеңде қазақ тіл білімінде талас тудырып 
ж‰рген –ғы/-гі формалы синтаксемалар мен де 
көмекші етістігімен, сондай-ақ нумеративті 
сөздер мен шылаулардың қатысы арқылы 
жасалған тіркестердің лигвистикалық мәрте-
бесінің айқындалуына айтарлықтай ‰лес қос-
ты [4].
Көрнекті ғалым А.Ф. Иоффе: «Ғылыми 
жұмыс өмірдің мазмұны мен мақсатына 
айналғанда ғана жемісті болмақ», - деген екен. 
Т. Сайрамбаев та ғылымды өмірлік мақсатына 
айналдырған жан деуге болады. Қазақстанның 
іргелі жоғары оқу орнындағы ұстаздық қыз-
метінде өзінің ғылыми жұмысы мен оны 
практикада интеграциялау нәтижесінде ұзақ 
жылдар бойы республикамыздың жоғары оқу 
орындарының филология факультеті студент-
теріне арналған оқулықтар мен оқу құрал-
дарын, жалғы ғылыми қауымға монография-
лар жазды. Соның бірі – «Сөз тіркесі мен жай 
сөйлем синтаксисі» атты еңбегі. Автор бұл 
еңбегінде орыс тіл біліміндегі кейбір ғалым-
дардың сөз тіркесінен номинативті мән іздеуін 
сынға ала отырып, қазақ тіл біліміндегі жа-
наса байланысу формасы және оның жасалу 
жолдарын айқындап берген, сөз тіркесінің 
басыңқы сыңарын ортақ басыңқы т‰рін қосу 
арқылы байытқан, ал сөздердің байланысу 
тәсілін бұрынғыдай аналитикалық және син-
тетикалық деп бөлудің барлық тіркестердің 
табиғатын аша алмайтынын дәлеледеу негі-
зінде оны ‰шінші тип – аналитика-синтети-
калық тәсілмен толықтырады. Бұл еңбекте 
сондай-ақ тілдің қазіргі қолданыс аясында 
қалыптасқан т‰рлері – жаңа тіркесімділіктер 
мен тілдік экономияның сөз тіркесі мен 
сөйлемге қатысы, бір байланыс формасының 
екінші байланыс формасына ауысуы сияқты 
теориялық мәні зор тақырыптар қамтылып, 
тың тұжырымдар жасалған.
Ғалым мұраларының ішінде өзіндік орны 
бар еңбегінің бірі – 1991 жылы жарық көрген 
«Сөйлемнің тұрлаулы м‰шелері» атты еңбек. 
Атына қарасаңыз, «таңданарлық ешнәрсе жоқ, 
бастауыш пен баяндауышты кім білмейді?» 
деген к‰дік туындайтыны анық. Бірақ ХХ ға-
сырдың басында басталған сөйлем м‰шелері-
не қатысты ғылыми айтыстар, әрт‰рлі көзқа-
растар к‰ні б‰гін де толас тапты деп аййтуға 
болмайды. Бұл, бір жағынан, синтаксис ғы-
лымының динамикалық табиғатынан туын-
дайды. Ғалым қазақ тіліндегі сөйлем м‰шесі- 
не берілген ережелерге талдау жасай келе:
«... бұл пікірлердің кейбірі сөйлем м‰шелері 
‰шін қажет болса, бірі керісінше ойлануды 
қажет етеді. Кейде бір сөйлем м‰шесі ере-
жесіне жаңадан пікір қосуға немесе кейбір 
пікірлерді алып тастауға әкеп тірейді. Сөйлем 
м‰шесі дегенімізде, ең алдымен, нендей мәсе-
лелерді қамтиды, оның объектісіне нелер қа-
тысты деген мәселені де негізге алу керек 
сияқты», дей келіп, сөйлем м‰шесіне тән 5 
белгіні айқындайды да, аталған синтаксистік 
категорияның жаңа сипатты анықтамасын 
ұсынады[5]. Бұл – қазақ тіл біліміндегі бас-
тауыш пен баяндауышқа арналған тұңғыш 
іргелі еңбек. Сондықтан да аталған еңбекте 
тұрлаулы м‰шелердің лингвистикалық сипат-
тамасы барынша кеңінен талданады, синтак-
систер тарапынан ескерілмей келе жатқан 
аталған екі м‰шенің коммуникация процесін-
дегі жаңа қырлары айқындалады. Осы еңбекте 
ғалым сөйлем м‰шелерінің жасалу жолдарын 
қарастыра келе, сөйлемнің де сөйлем м‰шесі 
болу туралы өзбек ғалымы Ш. Шаазизов, та-
тар ғалымы М. Закиевтің пікірлерін қолда-
майды және бұл мәселеде қазақ синтаксисінің
бұл мәселеге қатысты тұжырымының әлде-
қайда озық екенін А. Байтұрсынұлынан бас-
тап өзіне дейінгі пікірлерді саралай отырып 
нақты дәйектермен дәлелдейді. Ғалым осы 
жұмысында басталған кейбір мәселелерді ін-
дете зерттеу ‰шін өз шәкірттеріне тақырып 
етіп бергенін білеміз. Сөйлемнің анықтауыш, 
пысықтауыш, толықтауыш м‰шелерінен бас-
қа, парцелляция құбылысы, сөз-сөйлемдер т.т. 
туралы идеялар да осы еңбекті жазу бары-
сында туындаған болар. Кейіннен ғалымның 
шәкірттері аталған тақырыптарды сәтті қор-
ғап шықты.
Қазақ тіл біліміндегі соңғы жаңалықтарға 
да Т.Сайрамбаев лайықты ‰лес қоса білді. Бұл 
жөнінде ғалымның әріптес шәкірттерінің бірі, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет