І. Қ Азақ тіл біліміндегі таным теориясының Әдіснамалық негіздері



бет1/14
Дата21.10.2023
өлшемі180,13 Kb.
#120265
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Арысова Гүлмира Муталиевна




А.Байтұрсынұлының зерттеулері бойынша қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік аспектісі

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ......................................................................................................................3


1 І. Қ АЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ (А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ БОЙЫНША) ...........................................................................................................6
1.1 Қазақ тіл білімінде таным теориясының қалыптасуы....................................6
1.2 Таным теориясының ғылыми негіздері..........................................................15
1.3 Таным теориясын оқытудың философиялық негізі........................................25


2 ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ (А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ БОЙЫНША) .....................................................................................................................................36
2.1 Таным теориясының педагогикалық негізі ...................................................36
2.2 Қазақ тіл білімінде таным теориясын оқыту әдістері.....................................74
2.3 Таным теориясы және жаңашыл технологиялар............................................96
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 96


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................... 99

КІРІСПЕ


Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздік алып, егеменді болуы барша қазақ халқының ұлттық қасиеттерінің, мәдениетінің, өркениетінің асқақтауына жол ашты. Тіл білімінің даму кеңістігінде тарихи-салыстырмалы әдіс кеңінен қолданыла келіп, жүйелі-құрылымдық зерттеулермен қоса, антропоцентристік бағыт қалыптасты. Адамзаттың қалыптасу, даму тарихында оның түрлі болмысын, қасиеттерін, ой-санасын, ұлттық ерекшеліктерін, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, психологиясын, ділін тереңінен зерттеу бүгінгі таңда аса маңызды. Ғылыми ізденіс барысында адам баласын өмір сүрген қоғаммен, әлеуметтік ортамен байланыстыра отырып, осы күрделі құбылыстардың тіл арқылы бейнелену табиғатын зерттеу жалпы адамзат қасиеттерін, тілдің табиғатын жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.
Қазақ лингвистикасында қоршаған әлеммен адамдық факторлардың байланысын жан-жақты қарастыра отырып, адам болмысын дүниетаным негізінде зерделеу ғылымдар тоғысында жаңа бағыттардың дамуына игі ықпал етіп, лингвомәдениеттаным, этнолингвистика, культурология, психолингвистика, этнопедагогика, әдебиеттану ілімдеріне қатысты өзекті де өрісті мәселелерді өмірге әкелді. Лингвистика тіл мен танымның, тіл мен адамның, тіл мен сананың, тіл мен ойдың, тіл мен қоғамның, тіл мен ұлттың, тіл мен мәдениеттің сабақтастығын терең зерттеуге бет бұрды. Халықтың тілі арқылы оның дүниеге деген көзқарасынан, ұлттық ерекшеліктерінен, салт-дәстүрінен, менталитетінен, әлемнің тілдік бейнесінен ақпарат алып, ұлттық құндылықтарымызды тереңінен танып, қайталанбас болмыс қасиетімізді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – тіл ғылымындағы жаңа бағыттың басты нысаны. Осыған орай, қазақ тіл білімінің ғылыми ұстанымдары мен әдіснамалық негіздерінің таным теориясымен ықпалдаса, бірлесе зерттелуі қазақ лингвистикасының өрісін кеңейтіп, көптеген ғылыми салалардың қалыптасуына ықпал етті.
Адамның қоршаған ортаны қабылдап, түсініп, оған деген көзқарасының тілдік бірліктерден көрініс табуы оның ой-санасының дамып жетілуінде, тұрмыс-тіршілігінде, қоғамдағы мәдени өмірінде ерекше әлеуметтік мәнге ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет