Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет54/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   349
8. ПАйғАМбАРыМыЗдың САПАРдА 

ЖүРІП  хАлыҚТы иСлАМғА шАҚыРуы

бір бәдәуиді исламға шақыруы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Бірде Аллаһ расулы 

(с.а.с.) екеуіміз бір сапарға шықтық. Жолда бір бәдәуиге 

жолықтық.  Аллаһ  расулы  одан  қайда  бара  жатқанын 

сұрады. Бәдәуи: – Үйіме бара жатырмын, – деп жауап 

берді. Ардақты елші: 

–  Бір  қайырлы  іс  жасауға  қалай  қарайсың?  –  деп 

сұрады. Әлгі адам: 

– Қандай? – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: 

– Бір Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне, серігі мен 

теңдесі жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың құлы әрі 

расулы екеніне куәлік етесің бе? – дейді. 

– Айтқандарыңның растығын қалай дәлелдейсің? – 

деп сұрады бәдәуи. Пайғамбарымыз: 

–  Мына  көріп  тұрған  ағашың  менің  сөздеріме 

дәлел болады, – дейді де, оң жақта тұрған ағашты өзіне 

шақырады. Ағаш жер жыртқан соқадай артына бораз-

да із қалдырып, пайғамбарымыздың алдына «келеді». 

Аллаһ расулы ағашқа үш рет куәлік айтқызды. Бұдан 

кейін ағаш қайта өз орнына барып тұрды. Бәдәуи кетіп 

бара  жатып:  «Егер  қауымым  маған  бағынатын  болса, 

оларды да саған ертіп әкелемін. Мені тыңдамаса, өзім 

келіп, сенімен бірге боламын», – деді»

114


114


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 6/125


96

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет