Алматы 2014 almaty


бет23/31
Дата31.03.2017
өлшемі
#11012
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31

Задачи исследования.  
1. Разработать  модель  расчета  рейтинга  спортсменов  по  бадминтону,  настольному  теннису, 
теннису и сквошу.  
2. Разработать модель расчета рейтинга тренеров, судей и функционеров.    
3. Разработать  базу  данных,  включающую  сведения  о  проведенных  соревнованиях
информацию о  деятельности спортсменов, тренеров и судей. 
4. Организовать систему сбора, хранение и обработку о соревнованиях  (включая соревнования 
прошлых лет с расчетом рейтингов). 
5. Создать  базу  данных,  включающую  в  себя  информацию  о  функционировании  спортивных 
баз, магазинов спортинвентаря, списки специальной и художественной литературы, а также статьи в 
газетах и журналах посвященных игровым видам спорта с ракеткой. 
6. Создание  собственной  страницы  в  Интернете  для  руководящих  работников,  спортсменов, 
тренеров, судей, и просто любителей спорта 
Методы  исследования.  Для  решения  поставленных  задач  было  использовано  компьютерное 
программное обеспечение Microsoft Office, Borland Delphi 7, СУБД Microsoft Access, Internet Explorer, 
анализ специальной литературы, изучение протоколов соревнований. 
Новизна исследования заключается в том, что необходимая информация о казахстанских 
спортсменах, судьях, изменениях в правилах соревнований и последних достижениях в техническом 
оснащении  спортсменов, станет общедоступной для всех, кто интересуется этими видами спорта. 
Основные разделы и работа нашей программы, представлены в «АИМИсР» 
(Автоматизированная информационная  модель «Игры с ракеткой», рис 2,3,4.5).  
Все турниры ранжированы по значимости и системам розыгрыша.    

183 
 
 
 
Рисунок 2. Таблицы начисления очков 
 
 
 
Рисунок 3. Создание и обработка базы данных спортсменов 
 
 
 
 
Рисунок 4. Создание и обработка таблиц спортсменов 
 
Построена модель расчета рейтинга [1,2] по итоговым сеткам (рис 5). 
 

184 
 
 
Рисунок 5. Создание сетки соревнований  расчет рейтинга 
 
Накопленный и текущий рейтинги по мере расчета автоматически выставляются в интернет. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
1.  Аманжолов У.С. Нужна ли нам теннисная статистика, Sport&KS №9, 31.01.03 
2.  Аманжолов  У.С.,  Рамазанов  П.Р.  Информационная  база  и  расчет  рейтинга  теннисистов
Международная  конференция  «Высокие  технологии  -  залог  устойчивого  развития»,  стр.  282-286.  КазНТУ. 
Алматы. 2011.
 
3.  Аманжолов  У.С.,  Дельвер  П.А.,  Рамазанов  П.Р.    Информационное  обеспечение  тренировочного  и 
соревновательного  процесса  лыжников  Казахстана.  Научно-теоретический  журнал  «Теория  и  методика 
физической культуры», №4, 2012., стр. 124-129. 
 
Аманжолов У.С., Рамазанов П.Р. 
Ракеткамен ойын көлемінде «Қазақстандағы спорт»  ақпараттық моделі 
Түйіндеме. Өңдеу сайты ойын жарысының барлық түрлерін спортшылар рейтингте есептеу үлгісінде тау 
ойын  спортына  қызығушы  адамдар  мен  спортшылар  үшін  құрылған.  База  мәліметіне  өткізілген  жарыстар 
мағлұматы  қосылған,  спортшылар  ақпараты,  төрешілер  мен  жаттығушылар,  ойын  спортының  тарихы  туралы 
жан-жақты мағлұматтар енгізілген. 
 
Amanzholov U.S., Ramazanov P.R. 
Information model «Sport in kazakhstan» on example games with world no 
The  rezume.  Developing a  website  for  athletes  and people  interested  in  sports  games, has  been  a  model  of 
calculating the ranking athletes on game species with the racket.         
Developed  a  database  that  includes  information  about  the  competition,  the  information  about  the  athletes, 
coaches and judges, including historical information about these sports. 
Key words: тennis, badminton, table tennis, squash, rating 
 
 
ӘОЖ 004.7 
Аманжолова Н.И., Кашаганова Г. Б., Казбаева А. Д. 
Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті 
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы, alua6@mail.ru
 
 
 
ЛОКАЛЬДІ ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ 
 
Аңдатпа.  Бұл  мақалада  локальді  желі  жайлы  негізгі  түсініктер,  желінің  жұмысын  тоқтататын  негізгі 
қауіп-қатер түрлері, олардан қорғану әдістері жайлы айтылған. 
Түйін сөздер: компьютерлік желі, кабель түрлері, желілік технологиялар, топология, желі қауіпсіздігі. 
 

185 
 
Екі  немесе  одан  да  көп  компьютерлердің  кабель  немесе  телефон  желісі  және  модем  арқылы 
жалғасуын,  осы  компьютерлердің  арасында  мәлімет  алмасудың  жүзеге  асуы  компьютерлік  желі  деп 
аталады. Егер компьютерлер бір ғимаратта орналасып, бір-бірімен байланысса локальді (LAN – Local 
Area  Network)  компьютерлік  желіні  құрайды.  Бірнеше  локальді  желі  біріксе  кампустік  (CAN  – 
Campus  Area  Network)  желі  болады,  мысалы,  мекемелердің,  оқу  орындарының  жанындағы 
корпустармен,  ғимараттармен  жақын  орналасып  байланысқан  локальді  желілер.  MAN  (Metropolitan 
Area  Network)  –  қала  көлеміндегі  желі,  оған  мекеменің  бірнеше  кампустік  желілері  немесе  локальді 
желілері қосылады. WAN (Wan Are Network) – кең масштабты желі, мысалы, бірнеше қала, облысты 
қамтиды.  GAN  (Global  Area  Network)  –  глобальді  компьютерлік  желі,  бірнеше  кең  масштабты 
желілердің  бірігуі,  мысалы,  мемлекет  көлеміндегі  желі.  Ақыры,  барлық  желілердің  желісі  Интернет 
болып саналады, оның құрамына Бүкіләлемдік Компьютерлік Тор (World Wide Web) кіреді. 
Егер  сіз  локальді  желіні  үйіңізде  немесе  офисте  құрғыңыз  келсе  сізге  желі  картасы,  керекті 
ұзындықтағы кабель, сонымен қатар хаб, свитчер, репитерлер керек болады.  
Локальді  желінің  негізгі  компоненттері  түйіндер  (Node)  болып  табылады,  олар  бір-бірімен 
байланыс кабелі арқылы жалғасады, басқаша айтқанда сегмент деп аталады. 
Компьютерлік  желілер  желіге  қосылған  әрбір  компьютердің  атқаратын  рөліне  қарай  екі  түрге 
бөлінеді: 
– біррангілі; 
– сатылы (иерархиялық). 
Біррангілі  желіде  барлық  компьютерлердің  құқықтары  тең  болады,  әрбір  қолданушы  өзінің 
компьютеріндегі  ресурстарды  басқа  компьютерлердің  қолдана  беруіне  рұқсат  бере  алады  немесе 
шектеу  қойып  тастайды,  мысалы,  файлдар,  принтерлер  т.б.Бұл  желіде  компьютерлер  бір-бірін  аты 
арқылы немесе бірегей адрес арқылы табады. 
Сатылы  (иерархиялық)  желіде  жеке  компьютердің  желідегі  ресурстарға  қол  жеткізу  құқығын, 
желідегі әрбір жеке компьютерге берілетін бірегей адресті белгілі бір сервер реттеп отырады. Сервер 
арнайы  программалық  құрылғылар  арқылы  желідегі  адрестердің  қайталанбауын  қадағалап  отырады 
және  бір  компьютерден  жіберілген  ақпараттың  дұрыс  мекен-жайға  жеткенін,  желідегі  басқа 
қолданушылардың  мәліметтерді  өзіне  алып  алмауын  реттеп  отырады.  Рұқсат  беру  құқығын  басқару 
және  желілік  адрестерді  реттеп  отыруды  –  администрациялау  деп  айтады,  онымен  желілік 
администраторлар айналысады. 
Локальді  желіге  қосылған  компьютер  негізгі  атқаратын  қызметтеріне  байланысты  әр  түрлі 
аталады: 
– жұмыс станциясы (Workstation); 
– сервер (Server). 
Жұмыс станциясы қолданушының жұмыс істеуіне арналған жай компьютер. Жұмыс станциясы 
локальді желідегі өзіне тиісті ресурстарды ғана қолдана алады.  
Сервер  жұмыс  станцияларының  сұрауы  бойынша  белгілі  бір  қызмет  атқарады,  яғни  өзінің 
ресурстарын  жұмыс  станцияларына  пайдалануға  береді,  мысалы,  дискілік  кеңістік,  процессордың 
есептеу қуаты, принтер, модем, және тағы басқа құрылғылар.  
Серверлер тағы да қолданылу белгісіне қарай бірнеше түрге бөлінуі мүмкін: 
– ерекшеленген (выделенный) сервер; 
– ерекшеленбеген (невыделенный) сервер. 
Ерекшеленген  сервер  өзінің  ресурстарын  ортақ  қолдану  үшін  ұсынады,  монитор  және 
клавиатурасыз  өз  қызметін  атқара  береді,  сервердің  құрылғысы  қуатты  және  берік  болады. 
Ерекшеленген сервердің операциялық жүйелері:  
– Microsoft Windows 2000 Server; 
– Microsoft Windows 2003 Server; 
– Linux, FreeBSD, Sun Solaris және Unix-тің басқа түрлері; 
– Novell NetWare. 
Ерекшеленбеген  сервер  жұмыс  станциясы  мен  сервердің  қызметтерін  байланыстырады. 
Операциялық жүйелері: 
– Microsoft Windows 98/ME; 
– Microsoft Windows XP Professional; 
– Microsoft Windows 2000 Workstation; 
– Linux. 
Біррангілі  локальді  желідегі  компьютерлер  жұмыс  станциясына  біріккен,  ерекшеленбеген 
сервер қызметін атқарады және ресурстарының бір бөлігін жұмыс группаларының қолдануына рұқсат 

186 
 
береді.  Біррангілі  желілер  администрациялауда  оңай,  ақпараттарды  қорғаудың  жоғарғы  дәрежесін 
қамтамасыз ете алмайды.  
Локальді  желілердің  ерекшеленген  сервері  серверде  сақталатын  ақпараттарды  қорғаудың 
жоғарғы дәрежесін қамтиды. 
Желі компоненттерінің физикалық орналасу схемасы топология (Topology) деп аталады.  
Локальді желіні құруға арналған 3 негізгі топология бар: 
– жұлдыз (Star); 
– сақина (Ring); 
– шина (Bus). 
«Жұлдыз» топологиясында барлық компьютерлер  орталық компьютермен немесе хаб пен (hub 
–  орталық)  жалғасқан.  Барлық  ақпараттар  орталық  түйінге  келеді,  орталық  түйін  ақпараттарды 
тікелей  қабылдағышқа  жібереді.  Бұл  топологияда  желідегі  компьютерлер  бір-бірімен  тікелей 
байланыспайды.  Барлық  ақпараттарды  жіберу  тек  хаб  (орталық  компьютер)  арқылы  жүзеге  асады. 
Хаб  ретінде  арнайы  құрылғы  –  концентратор  қолданылуы  мүмкін,  ол  көппортты  репитер  (repeater  – 
қайталағыш)  болып  табылады.  Репитердің  атқаратын  қызметі  –  бір  порттан  алынған  мәліметтерді 
басқа порттарға жедел түрде жіберу. 
Жұлдыз тәрізді топологияның артықшылықтары: 
– орталық  түйіннен  басқа  желідегі  компьютерлердің  біреуі  істен  шықса  да  локальді  желі  өз 
жұмысын жалғастыра береді; 
– желідегі компьютер саны көбейіп кетсе деөнімділігі төмендемейді; 
– мәліметтердің  қауіпсіздігі  жоғарғы  дәрежеде  қамтамасыз  етіледі,  компьютерлерлер  өзіне 
тиесілі емес мәліметтерді ала алмайды. 
Жұлдыз тәрізді топологияның кемшіліктері: 
– байланыс кабельдеріне шығын көп кетеді; 
– орталық түйіннің бұзылуы барлық желінің жұмысын тоқтатады; 
– желіні ұлғайту көп қаржылық шығындарға ұшыратады. 
«Сақина»  типіндегі  топологияда  байланыстың  соңғы  нүктесі  жоқ.  Бұл  топологиядағы 
мәліметтер сақинадағы компьютерлердің біріншісінен екіншісіне бір бағытта жіберіледі. Компьютер 
ақпаратты арнайы маркер алмайынша жібермейді. 
«Сақина» типіндегі топологияның ерекшеліктері: 
– желіде компьютер саны көбейсе өнімділігі сәл ғана төмендейді. 
Кемшіліктері: 
– байланыстың  бір  жерден  үзілуі  барлық  локальді  желінің  жұмысының  тоқтауына  себеп 
болады; 
– мәліметтердің  қауіпсіздігі  жоғарғы  дәрежеде  қамтамасыз  етілмейді,  бір  компьютерден 
екіншісіне  жіберілген  мәліметтерді  желідегі  басқа  компьютерлер  өзіне  тиесілі  емес  болсада  оңай 
алып алуы мүмкін. 
«Шина»  топологиясы  мәліметтерді  жіберу  үшін  ортақ  бір  байланыс  каналын  қолданады 
(көбінесе  коаксиальді  кабель  негізінде  құрылған),  байланыс  каналына  локальді  желінің  бүкіл 
компьютерлері қосылады. Бұл желінің жұмысы былай жүзеге асады: желідегі компьютерлердің біреуі 
мәліметтерді жіберген кезде олар кабель арқылы екі жаққа да жіберіледі және барлық компьютерлер 
осы мәліметтерді қабылдайды, бірақ бұл мәліметтерді алуға тиісті болған компьютерлер ғана қолдана 
алады.  «Шина»  топологиясында  мәліметтер  бір  уақытта  кез-келген  бағытта  жүреді.  Шинаның 
байланыс каналының екі жағының соңында арнайы бітеуіштер – терминаторлар орналасқан. 
«Шина» топологиясының жетістіктері: 
– желіні ұлғайтудың оңайлылығы; 
– құрылғының арзан болуы. 
Кемшіліктері: 
– байланыстың бір жерден үзілуі барлық локальді желінің тоқтауына себеп болады; 
– желідегі компьютер саны көбейсе де өнімділігі төмендемейді; 
– мәліметтердің қауіпсіздігі жоғарғы дәрежеде қамтамасыз етілмейді. 
Желілік технологиялар – стандарттар жиыны, мәліметтерді жіберу процесін сипаттайды немесе 
желілік  адаптерлердің  аппараттық  орындалу  ерекшеліктерін  және  онда  орналасқан  ақпараттарды 
жіберу  принциптерін  сипаттайды.  Желілік  адаптер  дегеніміз  электронды  құрылғылар,  олар 
компьютерлік желі арқылы мәліметтерді бірінен екіншісіне жіберуге арналған. 
Көп қолданылатын әйгілі желілік технологиялар: 
– Ethernet; 

187 
 
– ARCNET; 
– IBM Token Ring. 
Ethernet  технологиясын  1973  жылы  Xerox  фирмасы  өндірген,  «жұлдыз»  немесе  «шина» 
топологияларымен  бірге  желі  құруға  арналған.  Байланыс  каналы  ретінде  коаксиальді  кабель 
қолданылса, Ethernet желісі «шина» сияқты құрылады. Егер айналмалы жұп (витая пара) қолданылса, 
«жұлдыз» топологиясы сияқты желі құрылады.  
Ethernet технологиясының артықшылықтары: 
– кең таралуы; 
– құрылғы түрлерінің саудада көп болуы; 
– көптеген құрылғылардың бағаларының орташа болуы; 
– мәліметтерді жіберу үшін керекті жылдамдықты таңдап алу; 
– әр түрлі топологияны қолдайды; 
– қолданыстағы кабельдік жүйенің бірнеше стандарттарын қолдайды. 
Ethernet  технологиясын  жүзеге  асырудың  әр  түрлі  варианттары  мәліметтерді  жіберудің 
келесідегідей максимальді жылдамдық деңгейлерін қолдайды: 
– секундына 10 мегабит (Ethernet); 
– секундына 100 мегабит (Fast Ethernet); 
– секундына 1 гигабит (Gigabit Ethernet). 
Ethernet  технологиясының  стандарттары,  10Мбит/с  және  100Мбит/с  жылдамдықтарын 
қолдайтын: 
– 10Base-2  –  мәліметтерді  жіберудің  максимальді  жылдамдығы  –  10  Мбит/с,  топологиясы  – 
шина,  кабелінің  түрі  –  жіңішке  коаксиальді,  кабель  сегментінің  максимальді  ұзындығы  –  185  метр, 
жалпы шинаға қосылған компьютерлер саны – 30-ға дейін барады; 
– 10Base-T  –  мәліметтерді  жіберудің  максимальді  жылдамдығы  –  10  Мбит/с,  топологиясы  – 
жұлдыз,  кабелінің  түрі  –  айналмалы  жұп  (витая  пара),  кабель  сегментінің  максимальді  ұзындығы  – 
100  метр,  жұлдыздағы  максимальді  компьютерлер  саны  –  порттағы  концентратордың  санына 
байланысты; 
– 100Base-T  –  мәліметтерді  жіберудің  максимальді  жылдамдығы  –  100 Мбит/с,  топологиясы  – 
жұлдыз,  кабелінің  түрі  –  айналмалы  жұп  (витая  пара),  кабель  сегментінің  максимальді  ұзындығы  – 
100  метр,  жұлдыздағы  максимальді  компьютерлер  саны  –  порттағы  концентратордың  санына 
байланысты. 
ARCNET  (Attached  Resource  Computer  NETwork)  технологиясын  1977  жылы  Datapoint 
Corporation  компаниясы  өндірген,  ол  да  Ethernet  технологиясы  сияқты  «жұлдыз»  немесе  «шина» 
топологияларымен  желі  құруға  арналған.Бұл  технология  ескірген  және  қазіргі  уақытта 
қолданылмайды. 
Token  Ring  технологиясын  IBM  фирмасы  1986  жылы  құрған,  аралас  топология  арқылы 
(«жұлдыз» және  «шина») желі құруға арналған. Token Ring технологиясы бойынша желіге қосылған 
компьютерлер  MAU  (Multy-station  Access  Union)  деп  аталатын  арнайы  құрылғыға  қосылады.  MAU 
орталық  хаб  түрінде  қолданылады,  бірақ  желінің  әрбір  компьютерлерімен  байланысуы  үшін  екі 
кабель  қолданылады:  біріншісімен  мәліметтер  жіберіледі,  екіншісімен  қабылданады.  Олай  болса, 
Token Ring технологиясы бойынша құрылған желі жұлдыз түрінде дайындалған сақинаны көрсетеді. 
Token  Ring  желілері  Ethernet  желілерінен  әлдеқайда  қымбат.  Мысалы,  Token  Ring  желілерінің  желі 
картасы Ethernet желілеріне арналған картадан 3-5 есе артық. Сонымен қатар Token Ring желілерінің 
желілік  карталарын  және  басқа  компоненттерін  бірнеше  фирмалар  ғана  өндіреді,  ал  Ethernet  үшін 
көптеген өндірушілердің өнімі жарай береді. 
Желі  құру  кезінде  компьютерлерді  және  желі  құрылғыларын  бір-бірімен  қосу  үшін  әр  түрлі 
кабельдер қолданамыз. Сол кабельдердің түрлеріне қысқаша тоқталайық. 
Екі  немесе  одан  да  компьютерлерді  бірыңғай  компьютерлік  желіге  біріктіру  үшін  көбінесе 
мыстан  жасалған,  эраны  бар  электрлі  сымдардан  құралған  кабельдік  жүйелер  қолданылады. Тағыда 
оптоталшықты (Fiber-optic cable) кабельдер жүйесі бар, оларда электрлі кабельдерге қарағанда жақсы 
өткізу  қабілеті  бар,  бірақ  қымбатырақ.  Сондықтан  да  оптоталшықты  кабельдерді  үлкен 
жылдамдықпен  үлкен  ақпараттар  ағынын  ұзақ  арақашықтыққа  жіберетін  кезде  қолданады,  мысалы, 
қала аудандарының арасы, қала аралық және мемлекет аралық желілерді құрған кезде. 
Локальді  желінің  10Base-T  және  100Base-T  стандарттарын  құрастыру  үшін  келесі  кабельдер 
қолданылады: 
 жуан коаксиальді кабель (Thick Ethernet Coaxial Cable); 
 айналмалы жұп (Twisted Pair); 

188 
 
Жуан коаксиальді кабельдің диаметрі 1 см. Көбінесе ол 10Base-T және 100Base-T базасындағы 
үлкен  желілерде  қолданылады,  бірнеше  орталық  түйіндер  арасындағы  байланыстарды  құру  үшін 
қолданылады.  Жуан  коаксиальді  кабельдің  сегментінің  максимальді  ұзындығы  500  метрді  құрайды, 
сондықтан оны әр түрлі үйде орналасқан желілерді жалғау үшін қолданады.  
Айналмалы  жұп  (Витая  пара)  үйдегі  және  шағын  офистегі  желілерде  қолданылады.  Оның 
сыртқы  түрі  және  құрылымы  импортты  телефон  кабеліне  ұқсайды.  Импортты  телефон  кабелі 
айналмалы жұптың көп түрлерінің бірі болып табылады. 
Айналмалы жұп экранының бар болуына және болмауына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: 
 экраны жоқ айналмалы жұп (Unshielded Twisted Pair – UTP); 
 экраны бар айналмалы жұп – (Shielded Twisted Pair – STP); 
 фольгамен оралған айналмалы жұп – (Foiled Twisted Pair – FTP); 
Экраны жоқ айналмалы жұп экраны бар айналмалы жұпқа қарағанда арзан тұрады, сондықтан 
көп  қолданылады.  Құрылымына  келетін  болсақ,  изоляцияланған  сымдардың  бір-бірімен  бұралған 
бірнеше жұбынан тұрады, олардың сыртын жалпы изоляция (оқшау) орайды. 
Экраны бар және фольгамен оралған айналмалы жұптардың да құрылымы осыған ұқсас, бірақ 
сыртқы изоляцияның астыңғы қабатында қорғаныс экраны бар,торланған сымнан немесе алюминдік 
фольга қабатынан жасалған [1]. 
Желі қауіпсіздігі: Компьютер қолданатын әр адам мәліметтердің жасырын болуын, тұтастығын, 
қол  жетімдігін  бұзатын  көптеген  қауіп-қатер  түрлерін  біледі,  мысалы,  хакерлердің  (басқалардың 
ақпарат  жүйесіне  кіріп  кететін  компьютерлік  бұзақылар)  шабуылы,  желілік  вирус  (басқа 
компьютерлік бағдарламаға оның жұмысын бұзу үшін енгізілетін бағдарлама)-құрттардың шабуылы. 
Қауіпсіздіктің  бұзылуы  маңызды  ақпараттардан  айырылу  сияқты  қолайсыздықтарды  туғызады. 
Интернеттегі миллиондаған компьютерлердің ресурстарына рұқсат алу арқылы сіз өзіңіздің локальді 
желіңіздегі  компьютерлердің  ресурстарына  желідегі  басқа  компьютерлердің  рұқсат  алуына  жол 
ашасыз.  
Сіздің желіңізге төнетін негізгі қауіп-қатер түрлерін көрсетейік: 
– желідегі  компьютерлерге  поштаға  келетін  хатпен  бірге  вирустардан  басқа  Интернет-құрттар 
да  өтіп  кетуі  мүмкін.  Кейбір  пошталық  программалар,  сонымен  қатар  тәжірибесіз  қолданушылар 
поштамен бірге келген хаттардың қауіпті екенін түсінбей өздері ашып қояды. Егер осындай хаттарды 
ашса, іске асып жатқанвирус-құрт жүйені тез зақымдайды; 
– құрамында  Java-апплет  немесе  ActiveX  элементтері  бар  Web-беттерді  көру  кезінде  сіздің 
компьютеріңізде  сырттан  келген  программалар  орындалуы  мүмкін,  олар  кез  келген  қауіпті 
әрекеттерді  жүзеге  асырады,  мысалы,  сіздің  жеке,  құпия  ақпараттарыңызды  желідегі  басқа 
компьютерлерге жібереді немесе мәліметтеріңізді  жойып тастайды, бұл программалардың жұмысын 
басқару сіздің қолыңыздан келмейді; 
– жүйені дұрыс күйге келтірмеген жағдайда интернеттегі басқа компьютерлер винчестеріңіздегі 
құпия ақпараттарыңызға қол жеткізуі мүмкін. 
– сіздің  компьютеріңіз  басқа  компьютерлерге  шабуылдау  үшін  қолданылуы  мүмкін,  сіз  ол 
жайлы білмейтін боласыз; 
– сіздің  машинаңызға  «трояндық  аттар»  өтіп  кетуі  мүмкін,  бұл  программалар  сіздің 
компьютеріңіздегі  құпия  мәліметтерді  (мысалы,  ғаламторға  кіруге  арналған  құпия  сөз  немесе  несие 
карточкасының  нөмірі)  бұзақылардың  компьютеріне  жібереді.  Бұндай  басып  кірудің  бір  түріне 
компьютерге қашықтан басқаруға арналған әр түрлі серверлердің орнатылуы жатады (Backdoor). Егер 
осыған ұқсас программа сіздің жүйеңізде пайда болса, онда оның иесі сіздің компьютеріңізді  озінікі 
сияқты  қолдана  береді.  «Трояндық  аттың»  вирустан  айырмашылығы,  компьютеріңіздегі  вирус  өзін 
құрастырған  иесімен  байланысты  емес,  ал  «трояндық  ат»  өзін  жіберген  бұзақымен  тығыз 
байланысты; 
– компьютерге сіздің келісіміңізсіз арнайы программа-тыңшы (spyware)  орнатылуы мүмкін,  ол 
өзінің  өндірушісіне  компьютер  иесі  жайлы,  оның  әуестігі  жайлы  ақпараттарды  жібереді,  мысалы, 
желі  арқылы  қабылданған  файлдар,  қатысқан  сайттары  жайлы,  орнатылған  программалық 
қамтамалары жайлы ақпараттар. 
– сұранды  ақпараттармен  бірге  компьютерге  керексіз  ақпараттар  –  баннер  мен  басқа  да 
рекламалар (спам) көшірілуі мүмкін. Дегенмен бұл объектілер сіздің компьютеріңіздегі ақпараттарды 
өздігінен жоя алмайды, бірақ олар Web-беттердің жүктелу уақытын ұзартады, әсіресе модем арқылы 
жұмыс жасаған кезде [2]. 
Интернет  арқылы  басқалардың  ақпараттық  жүйесіне  заңсыз  түрде  қол  жеткізетін  адамдар 
хакерлер деп аталады. Бұрын тек қана тәжірибелі және интернет технологияларды қолдануды жақсы 

189 
 
білетін адамдар ғана компьютерлерге шабуыл жасай алатын, ал қазір кез-келген адам, тіпті бастаушы 
қолданушы  осы  тақырыпқа  байланысты  бірнеше  кітап  оқып  алып,  интернет  арқылы  кішігірім  және 
қолдануға  оңай  программалық  қамтаманы  жүктеп  алады  да,  өзін  тәжірибелі  «хакермін»  деп  санап, 
көптеген бұзақылық әрекеттер жасайды. 
Көбінесе  шабуылдар  Microsoft  (Windows95,  Windows98  и  WindowsNT)  фирмасының 
операциялық  жүйесінде  жұмыс  жасайтын  компьютерлерге  жасалады.  Өкінішке  орай,  Microsoft 
фирмасы қолданушыларының қауіпсіздігіне көп назар аудармайды.  
Локальді желі  компьютерлерінің ақпараттарын қорғау үшін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
үшін төмендегідей шараларды қолдану керек: 
– операциялық жүйенің барлық жаңартуларын орнату; 
– операциялық жүйедегі максимальді қауіпсіздік режимін жөндеу; 
– үнемі вирустік базасын жаңартып отыратын антивирустік программалық қамтаманы қолдану; 
– қорғаныс экранын немесе брандмауэр-ді (firewall) қолдану[3]; 
 
ӘДЕБИЕТ 
1.  И.Я. Минаев «Локальная сеть своими руками. 100% самоучитель» Москва 2004 – 368  
2.  Ян Гордон «Компьютерные вирусы без секретов» Москва 2004 – 320  
3.  Е.Қ. Балапанов «Жаңа информациялық технологиялар» Алматы, 2003 – 400 бет. 
 
Аманжолова Н. И., Кашаганова Г. Б., Казбаева А. Д. 
жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет