Алматы 2016 жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі


Одағайлардың жиілік сөздігі сөзтізбесінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет29/41
Дата02.12.2022
өлшемі308,09 Kb.
#54474
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Одағайлардың жиілік сөздігі сөзтізбесінің ерекшеліктері
– сөзтізбеде одағайлардың барлық семантикалық түрі қамтылды;
– бейканондық лексикалық бірліктер ретінде қаралғандықтан, жалпы 
сөзтізбеде одағайлардың орфограммаларына қатаң талап қойылмады, көбі соңғы 
орфографиялық сөздікке сəйкес түзетілгенімен, біразы мəтіндегі нұсқамен 
қалдырылды, мысалы, уахалейкүм, уағалейкүмассалам; уа, уай, уау; уəллаһи, 
біллəһи; уф, уф-уф, ойбай, үйбай, ойбуй, ойбу; шу, шүу; ах, аһ; айда, əйда; əуп, 
əуіп. Бұлардың бірінің орфограммасы сөздікте бекіген (уағалейкүмассалам, ой-
бай, шүу, аһ т.б.), екіншілері мəтіндегі таңбалануы бойынша (уахалейкүм, үйбай 
т.б.) сөзтізбеге түзетілмей алынды;
– бірнеше рет қайталанған нұсқалар да сөйлеу бірліктері ретінде берілді: ай, 
ай-ай, ай-ай-ай;
– бұл сөз табының сөзтізбесінде -ай, -ау, -оу демеулік шылаулары негізгі 
сөздерінен ажыратылмады: шіркін-ай, шіркін-оу, япыр-ай, япыр-оу, япырым-ай, 
япырым-оу, апыр-ай, апыр-ау, апырым-ай, апырым-оу.
Модаль сөздер жиілік сөздігі сөзтізбесінің ерекшеліктері
– бұл сөздер сөз таптарының құрамына жатпайды, алайда олардың мəтіндегі 
жиілігі жоғары екенін ескеріп, бөлек алу ұйғарылды;
жалпы сөзтізбеде -ақ шылауы бөлек жиілікпен берілді, алайда сондай-ақ
модаль сөзінде ол негізгі сөзден ажыратылмады, себебі сондай сөзі бұл шылаусыз 
есімдік негізді сын есім ретінде таптастырылды;
– болымсыздық мəндегі беймүмкін сөзі модаль сөз ретінде таптастырылды.
Көмекші есім жиілік сөздігі сөзтізбесінің ерекшеліктері
– бұл сөздер сөз таптарының құрамына жатпайды, алайда олардың мəтіндегі 
жиілігі өте жоғары екенін ескеріп, зат есімге таптастырмай, бөлек алу ұйғарылды;
– сөзтізбеде алды, арты, қасы, жаны, ортасы, арасы, асты, үсті т.б. мəтінде 
кездескен көмекші есімдер қамтылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет