70
Мысалы,
қай түбірі – ұмыт болған түбір, бірақ салыстыру арқылы
(салыстыр. қаймақ, қайран т.б.) оның түркі тілдерінде о баста «сұйық-
тық бетінде қалқу» деген жалпылама мағынаны білдіруіне байланысты
қайық, қаймақ сөздерінің жасалғанын анықтауға болады.
Мұндай түбірлер тек зерттелуші тілдің өзінде ғана емес, туыстас
түркі тілдерінің бірінде кездесуі мүмкін.
Осы тектес этимологиялық ізденістердің жалпы моңғол тілдеріндегі
бір буынды жəне көп буынды мағыналас, тұлғалас ұқсас түбірлерді
салыстырып қарап шығудан басталғаны жөн.
Мұндай жағдайда ба-
ламалы бір буынды жəне көп буынды түбірлердің бір-біріне айтылған
белгілері бойынша ұқсас болып келуі оларды салыстыра қарауға жол
ашады. Мəселен, моңғ.
бүргэд («орел», «беркут»), моңғ.
хурууд («тво-
рог» (қаз. құрт),
бүда «краска» (қаз. бояу), моңғ.
дэлэн «вымя» (қаз. же-
лін), моңғ.
дүр «образ», «облик», «вид»; фигура (қаз. түр) – «вид», «об-
лик» т.б. Бұл арада екі тіл фактілерінің ұқсастығы деген ұғымды «сөз-
бе-сөз» деп түсінбеу керек. Бұл арадағы ұқсастықта белгілі шарттылық
сақталады.
Кейбір этимологиялық сөздіктердің зерттеген принциптері мен
критериін арнайы қарастырудың бір себебі сол тілдің ерекшеліктеріне
байланысты. Ол ерекшеліктер зерттеліп
отырған тілде де қайталануы
мүмкін. Бұларды сын көзімен қарап, қабылдау керек.
Бірер түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктерінде ұсынылып
жүрген анықтамалар зерттелуші тілге лайықтап, тарихи-мəдени уəж-
деріне сəйкестендіріп, шындыққа үйлестіріп берілсе орынды болады.
Кейде өте ұқсас факторлар екі тілдің екеуіндегі принциптері мен кри-
терилерге толық сəйкес болмаған жағдайда, онда А.М.Щербактың т.б.
ғалымдардың талас критерилері мен принциптерін қарастырып шығуға
тура келеді.
Жалпы түркология этимологиясы бойынша ұсынылған принциптер
мен критерилерді міндетті түрде пайдалануға болса, жеке тілдер бойын-
ша жасалған принциптер мен критериді
сынақ тезіне салмай қолдана
беруге болмайды. Өйткені əрбір тілдің өзіндік ерекшеліктері ғана сөз
болуы мүмкін.
Қазақ тілінің ең басты ерекшеліктерінің бірі – оның жалғамалылық
құрылысы. Орал-алтай тілдерінің құрамына енетін тұңғұс-манчжур,
корей, жапон тілдерінен тұратын түркі тілдерінің бірі – қазақ тілі. Ол
Үнді, Қытай, славян тілдерімен (ол арқылы иран, араб, неміс, француз,
71
ағылшын т.б. еуропа тілдері арқылы байланыс жасаушы тілдердің бірі.
Демек, қазақ тілі басқа тілдер арқылы араласпаған, тілдік байланыс
жасамаған бірде-бір ірі тіл жоқ. Бұл жайдың
қазақ тілінің лексикалық
құрамына əсер ететіні сөзсіз. Жер жүзіндегі басты-басты тілдердің
барлығымен байланысы бар, сондықтан да ол тілдердің элементтерінің
оның да құрамында болуы əбден ықтимал деген принцип жүзеге асады.
Сөздіктің «Кіріспесінде» түркі тілдерінің бірі ретінде қазақ тілінің
жалпы келіп шығу себептері мен олардың басқа тілдерден фонетикалық,
морфологиялық ерекшеліктері бірде көзге түсетін айырмашылықтары
арнайы сөз болуы тиіс. Себебі, сол ерекшеліктер арқылы жалпы түр-
кі тілдерінен, сол тілдердің кейбір топтарынан қазақ тілінің айыр-
машылықтары, өзіндік қалыптасқан заңдылықтары айқындалады.
Қазақ тілінің жалғамалық қасиетіне (түркі
тілдерінде оған қарсы
фузия құбылысы да бар) байланысты сөз байлығын құраушы мағыналы
сөздер екі түрлі құрылымдық бөлшектен тұрады. Этимологияның құпия
сыры да сөздің осы қасиетіне байланысты.
Тілдің жалғамалылығына байланысты əрбір сөз міндетті түрде
ең алдымен түбірден, одан кейін барып түбірге жалғанатын жаңа сөз
жасаушы жұрнақтан немесе түбірді өзгертетін жалғаудан тұрады.
Жалғау-жұрнақтың талғап жалғануы түбірдің білдіретін мағынасына
байланысты. Заңдылық та түркі тілдерінің тарихи-этимологиялық құ-
рылымының қалыптасуындағы маңызды заңдылық.
Қазақ тіл біліміндегі түбіртану мен этимологияны сабақтастырып,
тарихи-этимологиялық ізденістердің арқауын фономорфосемантикалық
принциптер негізінде жүргізетін – морфемалық талдау əдісі. Оның
теориялық-əдіснамалық
негіздері, кең ауқымды деректік дəйектерінің
кешенді талдауларын іске асырған зерттеулерді, «Қазақ тілінің эти-
мологиялық сөздігін» жасаудың ғылыми алғышарты ретінде анықтауға
болады (А.Т.Кайдаров. Структура односложных корней и основ в ка-
захском языке. Алма-Ата, 1986; Ж.А.Манкеева. Қазақ тіліндегі байырғы
түбірлерді жаңғырту. Алматы, 2010).
Нақты түрде көрсеткенде: Ə.А.Қайдаровтың «Структура одно-
сложных корней и основ в казахском языке» (Алмат-Ата, 1986) еңбегінде
негізделіп, дəйектелген «перспективалы жəне ретроспективалы мор-
фемалық əдісті» алайық.
Достарыңызбен бөлісу: