Аманбай Керемет аук 22-5 Андронов мәдениеті Жалпы мәлімет



бет6/6
Дата14.09.2023
өлшемі1,39 Mb.
#107868
1   2   3   4   5   6

Халық, қоғам, әдет-ғұрып

  • Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабырлар қазу ісінде өзгешеліктер болған. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар абыздар тәрізді әлеуметтік жік болған.

Діни көзқарастары

  • Қола дәуірі тұрғындарының діни көзқарастары қарапайм болды. Олар өлген адамдарын белгілі бір рәсімдермен жерледі. Мүрдені "жер-ананың" қойнына анасының құрсағында жатқан қалыпта қоюға тырысқан. Андрондықтардың түсінігінше өлген соң да "о дүниеде" тіршілік жалғасады. Сондықтан олар өлікпен бірге киім-кешегін , қару-жарағын, ыдыс-аяғын, тамағын қоса көмген. Андрондықтар күнге, отқа мінәжат еткен. Сонымен қатар олардың өмірінде бұрыннан келе жатқан тотемизм (шығу тегін жануармен байланыстыру), фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну), анимизм (жанға, рухқа сену) сияқты ғұрыптар да орын алды. Діни наным-сенімдері бойынша күнге, отқа, қасиетті жануарларға табынған. Олардың бейнелері көзенің сыртындағы өрнектерде, тастағы суреттерде, сынтастарда, әшекей бұйымдарда көптеп кездеседі. Бұл мәдениет кезіндегі тайпалардың тұрмыс-салты, кәсібі, қолөнері қазақ халқының тіршілігінде көп сақталған.

Өнері

  • Өліктер қабырда бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең қасиетті жері болды.Сонымен қатар олардың өнері де жақсы дамыған, қыш-құмыраларды жасап қана қоймай олардын бетіне геометриялық фигураларды салған, құмыра сыртына әр түрлі бұйымдар жабыстырып әшекейлеген. Аң аулаудың құпияларын түсіне отыра, қару жарақтың әрі ыңғайлы әрі қолайлы түрлерін жасаган (қалайы пышақ, найза ұштары, жебенің бастары бәрі қалайыдан болған).

Тастағы суреттер

  • Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер — жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қарату мен Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет