«Ақмола облысы бб-ның Жарқайың ауданы бойынша бб державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы орта білім беретін мектебі» кмм



бет2/2
Дата23.03.2023
өлшемі1,87 Mb.
#75818
1   2
Қызығушы лықты ояту

Слайдтан дарынды оқушылардың суреттері және олардың жетістіктері туралы ақпарат беріледі

Қыпшақбаева Аружан облыстық «Жарқын болашақ» байқауының «Жас ғалым» номинациясы бойынша ІІ орын жүлдегері

Байбосынова Самал облыстық «Жарқын болашақ» байқауының «Жазушылар» номинациясы бойынша І орын жүлдегері





Мұрат Арайлым «Абай оқулары» байқауында «Жүйріктен жүйрік ожар жарысқанда» байқауының І орын жүлдегері, шығармалары «Айгөлек» журналында жарияланып жүр

Қалиқан Мадина «Махамбет оқулары» байқауының «Тартынбай сөйлер асылмын» конкурсының І орын жүлдегері, шығармалары «Айгөлек» журналында жарияланып жүр, республикалық «Салт-дәстүрім - қазынам» ғылыми жоба байқауының Алғыс хат иегері

Мыңбаев Арыстанбек
«Махамбет оқулары», «Фариза оқулары» байқауларының үш жыл қатарынан жүлделі орындар иегері

және бұл оқушылардың өз келешегіне деген жоспары мен сенімді қадамдары, өздері туралы басқа да мәліметтер бейнематериалдан көрсетіледі.
Әріптестерден бейнематериал қандай ой туғызғанын сұрау.

Басы

Тамаша, енді оқушылардың ойлануына, ойлаған ойын қағазға айшықты көркем сөзбен төгілтіп жаза алуына дағдыландыратын, шығармашылық әлеуетін, қабілетін арттыруға ықпалы бар деген тапсырмалар орындап көрейік. Сурет таңдау арқылы «Ақындар», «Сыншылар», «Тілшілер», «Туған жер» топтарына бөлінеді.

Ортасы

«Ақындар» тобына берілетін тапсырма:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа! (Топқа жеке парақта өлеңнің толық нұсқасы беріледі) Өлеңнің авторын табыңыз, ақын тілеген тілектердің ең маңызды бесеуін іріктеп алыңыздар, сол бес тілекті өлең жолдарымен қайта құрастырып, жаңартыңыздар.
«Сыншылар» тобына берілетін тапсырма: Р.Ғамзатовтың « Менің Дағыстаным» әңгімесінен үзінді.
... Парижден оралысымен, әлгі суретшінің туған-туысқандарын іздеп, тауып алдым. Таң қалғаным сонша, оның шешесі әлі тірі екен. Суретшінің туған-туысқандары тоқал үйге жиналып, өздерінің елден безіп кеткен, туған жерін жат жерге айырбастап жіберген ұлы жайындағы әңгімемді күңіреніп, қайғы-қасіретпен тыңдады. Бірақ маған ұлына кешірім еткен секілді боп көрінді. Олар оның тірі жүргеніне қуанды ма, қалай, әйтеуір, кенеттен шешесі:

  • Сендер аварша сөйлестіңдер ғой? – деп сұрады менен.

  • Жоқ. Біз тілмаш арқылы сөйлестік, мен – орысша, ал сенің балаң - французша.

Ұлының өлгенін жаңа естігендей боп, суретшінің шешесі бетін қара орамалмен жауып ала қойды...
... Біраз үндемей отырғаннан кейін, суретшінің шешесі айтты:

  • Сен қателестің, Расул, менің ұлым баяғыда өліп қалған. Сенің көргенің – менің ұлым емес. Менің ұлым өзім үйреткен, авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиіс емес...

Тапсырма: Революциядан кейін шетелге оқу іздеп кетіп, кейін елге орала алмай, онымен қоса ана тілін ұмытып қалған жігітке өкпелеген анасының іс-әрекетін сынға ала отырып, анаға хат жазыңыздар.
«Тілшілер» тобына «Дербес пікір» әдісін ұсыну. «ХХІ ғасыр - үш тұғырлы тіл ғасыры» тақырыбына берілген үлгіден ауытқымай эссе жазу.
1.Өзіндік пікір, ой, идея. 1 сөйлем.
2.Өзіндік ой пікірге дәлел болатын 2 сөйлем.
3.Өз пікірін айғақтайтын мысал. 2 сөйлем.
4.Өз пікіріне қарсы дәлел болатын 1 сөйлем.
5.Қарсы дәлелді жоққа шығаратын 1 сөйлем.
6. Қорытынды 1 сөйлем.


«Туған жер» тобына аймақтық компаненттерді қолдана отырып, «Жолаушының қойын дәптері» әдісі бойынша бір күндік күнделік жазу
ТАПСЫРМА: Үйден шыққаннан бері жолда көргендеріңізді жазып шығыңыз, айтар ойыңызға сәйкес кем дегенде үш тұрақты тіркесті, екі мақал және бір өлең шумағын қолданыңыздар.

Кері байланыс.



  1. Тапсырмаларды орындауда не қиындық тудырды?

  2. Оны қалай жеңуге болады?

  3. Өз қоржыныңызға не алдыңыз? Қай әдіс тиімдірек?

  4. Бұл әдістердің оқушы шығармашылығын арттыруда көмегі қаншалықты болатынына баға беріңіз.


Қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында қандай қиындықтар болғанын, алайда ізденсе, ойланса оның шешімін табуға болатындығын түсінді, білім алушыларға да осылайша бағыт бере отырып дағдыландыруға болатындығына көз жеткізді. Сонымен қатар, барлық әдістер гуманитарлық пәндер үшін өте тиімді екендігін ескеріп, «Қоржындарына» алатындығын айтып өтті, оқушыны шығармашылыққа баулуда бұл әдістердің нәтижеге жеткізетін тиімді әдістер екендігін әр әріптес өзі сезінген әсер, өзі орындаған жұмыстарды мысалға ала отырып бағалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет