17
«Екі» дегенде мойнын солдан оңға қайта жылжыту арқылы
бетін жабады. Бұл қимылды жасау үстінде қол алғашқы ұстаған
қалпында қалады да, бүкіл әрекет тек мойнын жылжыту арқылы
іске асырылады.
Айна
«Бір» дегенде екі қолын екі жаққа
жайып, екі алақанын жоғары қаратады.
«Екі» дегенде екі қолын кеудесіне алып,
оң білегін сол білегінің үстіне қояды.
«Үш» дегенде екі білекті жоғары
көтеріп, бетін көлегейлейді.
«Төрт» дегенде оң білегін жоғары, сол
білегін төмен түсіріп, бетін ашады.
Бота мойын
«Бір» дегенде оң қолдың алақанын
төмен қаратып, саусақтарын біріктіре алдан
оңға қарай жылжытады, ал сол қолын беліне
ұстайды.
«Екі» дегенде оң қолының басын белдің
тұсынан айналдыра алақанын жоғары
қаратып оңға созады.
«Үш» дегенде оң қолдың алақанын
төмен қаратады.
«Төрт» дегенде оң қолын оң иыққа
қарай жылжытады. Ал шынтағы бүгулі
болады. Бұл қимылды енді сол қолмен
қайталайды. Есте болатын бір жайт – саусақтар үнемі бірігіп
ұсталады, жазылмайды.