Ќан жїйесі физиологиясы


-тарау. Қан жүйесінің физиологиясы



бет11/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   128
1-тарау. Қан жүйесінің физиологиясы
Қан, лимфа және ұлпааралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын түзеді. Оның тіршіліктік маңызы үлкен.

Қанның маңызы. Қан ұлпаларға О2 мен қоректік заттарды жеткізіп, олардан зат алмасудың соңғы өнімдерін шығара отырып, тасымалдаушы қызмет атқарады. Ол жеке мүшелер мен ұлпалардан өзгелеріне тіршіліктік маңызы бар өнімдерді, гормондар мен басқа да физиологиялық белсенді заттарды жеткізіп, организм функцияларын гуморальдық жолмен реттеуге қатысады, байланыстырушы қызмет атқарады.

Қан құрамында лейкоциттердің және әр түрлі қорғағыш денелердің болуына байланысты микробтар мен олардан бөлінетін уытты заттарды залалсыздандырып және бөгде белоктарды ыдыратып, қорғаныстық қызмет атқарады.

Организмде толассыз айналымда болуының нәтижесінде қанның жылу реттеуге маңызы бар.

Қан торшалар мен ұлпалардың қалыпты тіршілігіне қажетті осмостық қысым мен әрекетшіл реакция деңгейін (рН) тұрақтандыруға қатысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет