Е дәрмендәрісі (токоферол) төрт изомерден тұрады, оларды , , , - және , токоферолдар деп атайды. Бұлар бір-бірінен бензол сақинасындағы метил топтарының санымен және орналасу тәртібімен ерекшеленеді. Е дәрмендәрісінің құс үшін айрықша маңызы бар. Ол қанықпаған май қышқылдарынан уытты асқын тотықтардың түзілуін бөгейді, көмірсулардың, белоктардың, фосфордың алмасуын жанжандырады, гипофиздің алдыңғы бөлімінде тропты гормондардың түзілуін жандандырады, бұлшық етте креатиннің тотыға фосфорлануы, қан тамырлары қабырғасының қалыпты күйін сақтау үшін қажет. Құс организмінде токоферол синтезделмейді. Оның жетіспеуі жануарлардың жыныстық қызметінің әлсіреуіне себепші болады, ұрықтың дамуы бөгеліп, сперматогенез бұзылады. Е дәрмендәрісінің жетіспеуінен эритроциттердің гемолизге төзімділігі төмендеп, ет дистрофиясы басталады да, жүрек еттерінің қызметі бұзылады. Бұл дәрмендәріні азыққа қосу құс балапанын энцефаломиелит ауруынан сақтауға мүмкіндік береді. Токоферолға мұқтаждық құстың жасына, жыныстық қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Оған азық құрамындағы селеннің де мөлшері әсер етеді.
Е дәрмендәрісі өсімдік тектес те (өсімдік майлары, өнген бидай, көкөніс), жануар тектес те (ет, сүт, жұмыртқа) азықтың құрамында кездеседі.
К тобындағы дәрмендәрілер (К1 - филлохинон, К2 - фаркохинон, К3 - викасол) химиялық табиғаты жағынан нафтохинон туындысы болып саналады. Бұл топтың дәрмендәрілері қанның ұю процесінде маңызды рөл атқарады, сондықтан оларды антигеморрагиялық факторлар деп те атайды. К тобындағы дәрмендәрілер жетіспегенде қандағы протромбин мөлшері азайып, қанның ұю жылдамдығы баяулайды, ағзалар қанталап кетеді (геморрагия). К дәрмендәрілерін ексе бауырда протромбиннің түзілуі күшейіп, қанның ұйығыштық қасиеті қалпына келеді.
К дәрмендәрілері көптеген азық құрамында кездеседі және организмнің өзінде ас қорыту жолындағы микроорганизмдердің әрекетімен синтезделеді. Бірақ бұл дәрмендәрілердің дұрыс сіңуі үшін өт қышқылдары қажет, оның бөлінуі бұзылса К дәрмендәрісінің тапшылығы сезіледі. Бір килограмм жас жоңышқада 80 мг, көк сұлыда - 90, тамыртүйнек өсімдіктер сүрлемінде - 30, шөп сүрлемінде - 45, сәбізде - 20 мг филлохинон болады.
Алмастырылмайтын май қышқылдары (Ғ дәрмендәрісі) – қанықпаған линол, линолен, арахидон май қышқылдары кешені болып табылады. Ғ дәрмендәрісі майды сіңіруге әсер етеді; көбею процесінің қалыпты атқарылуына ықпал етеді; торшалық алмасу процесіне қатысады; В тобындағы дәрмендәрілер мен аскорбин қышқылының қалыпты алмасуына әсер етеді; холестериннің түзілуіне және оның қан тамырлары қабырғасына жиналуына әсер етеді. Ғ дәрмендәрісінің негізгі көзі өсімдік майы болып табылады.
В1 дәрмендәрісі (тиамин, аневрин) жетіспесе бери-бери (полиневрит) ауруы қозады. Бұл аурудың алғашқы сатысында жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, жүрек жұмысы, ас қорыту ағзаларының қызметі нашарлайды, салмақ азаяды, қан мен несеп құрамында пирожүзім қышқылының мөлшері артады. Ауру асқынса шеткі жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, сал ауруына, демікпеге соқтырады.
4 - сурет. Полиневритпен ауырған тауық
В1 дәрмендәрісі бидай мен күріш кебегінде, дәнді дақылдар тұқымында, жұмыртқада, етте, бұршақ дақылдарында, ашытқыда өте көп кездеседі.
В1 дәрмендәрісі майды, өсімдік пен микроорганизмдерде көмірсуларды түрлендіру процесінде маңызды рөл атқарады. Оның себебі, ол көмірсулар диссимиляциясы кезінде пайда болатын пирожүзім қышқылының ыдырауын жандандыратын пируватдекарбоксилазаның құрамына енеді. Пирожүзім қышқылының карбоксилсізденуі кезінде анаэробтық жағдайда тірі жүйе үшін энергия көзі болып табылатын лимон қышқылы түзіледі. Осы себепті тиамин тапшылығы кезінде торшалардың тіршілік әрекеті бұзылады. Тиамин ацетилхолиннің синтезіне қатысады, ацетилхолинді ыдырататын холинэстраза ферментінің әсерін бөгейді. Авитаминоз кезінде организмде пирожүзім қышқылы жиналады, ол нерв жүйесі әрекетін бұзады, полиневритке немесе бұлшық ет параличіне әкеп соқтырады.
Тиаминді өсімдіктер синтездей алады, ал құстарда ондай қабілет жоқ. Сондықтан олар азық құрамында бұл дәрмендәріні қабылдап отыруы керек. Шикі балықта тиаминді бұзатын тиаминаза ферменті бар. Сондықтан, құстарды қайнатылған балықтармен қоректендірген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |