\«Анафилаксиялық шок кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету»



бет3/4
Дата11.06.2023
өлшемі23,1 Kb.
#100565
1   2   3   4
Назар аударыңыз: таңдау препараты – 0,1 % адреналин гидрохлориді ерітіндісі. Барлық қалған дәрілер мен емдеу шаралары – көмекші терапия. Қажет болғанда емшараны 5-15 минуттан соң қайталаңыз. Пациенттердің көбі адреналиннің бірінші немесе екінші дозасына жауап береді.

  1. Пациентті шалқасынан жатқызыңыз, аяқтарын аздап көтеріңіз, басын бір жағына бұрыңыз, тілдің тартылуын, асфиксияны және құсудың аспирациясын болдырмау үшін төменгі жағын алға қарай шығарыңыз. Егер протездері бар болса, алып тастаңыз.

Назар аударыңыз: пациентті тұрғызбаңыз және отырғызбаңыз, өйткені мұндай әрекеттер бірнеше секунд ішінде өлімге әкелуі мүмкін. Жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қадағалаңыз. Келесі қадамдарды реанимация бригадасы орындайды. Медбике бригада кешігетін жағдайда әрекет ету тәртібін білуі керек.

  1. Егер тілдің түбімен тыныс алу жолдарының өткізгіштігі бұзылған болса, Сафардың үштік тәсілін орындаңыз, ауа өткізгішті немесе интубациялық түтікті енгізіңіз. Сафар тәсілі: пациент шалқасынан жатқан қалыпта басын барынша артқа шалқайтыңыз, астыңғы жағын алға және жоғары қарай шығарыңыз, аузын ашыңыз.

Егер өткізгіштік жұтқыншақ пен көмей ісінгеннен бұзылған болса, трахеяны интубациялаңыз. Егер интубация қиын болса, коникотомияны орындаңыз – қалқанша мен жүзік тәрізді шеміршектердің арасындағы жарғақты шұғыл тіліңіз.

  1. Пациентке таза ауа келу үшін терезені ашыңыз немесе тыныс алу жолдарының өткізгіштігі қалпына келтірілген соң көрсетілімдер бойынша таза оттегі беріңіз. Оттегі маска, мұрын катетері немесе ауа өткізгіш түтік арқылы келеді, оны спонтанды тыныс сақталып тұрғанда және есі жоқ кезде орнатады.

Назар аударыңыз: өкпені жасанды желдету үшін көрсетілім – көмей мен трахеяның ісінуі, тоқтатылмайтын гипотония, естің бұзылуы, тұрақты бронхрспазм мен тыныс жетіспеушілігінің дамуы, тоқтатылмайтын өкпе ісінуі, коагулопатиялық қан кетудің дамуы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет