Анальгетикалық заттар, қызу басқыш дәрілер, алькоголдер. Анальгезия



бет2/3
Дата10.10.2023
өлшемі23,33 Kb.
#113479
1   2   3
Қызу басқыш дәрілер! Көптеген ауруларда жоғары температура организмді әлсіретіп, арықтатады, ал кейбір асқынулар кезінде тіпті өлімге душар еткізуі де мүмкін. Сондықтан да ауру тудыратын себептерді жоюмен бірге жоғары температураны да қалпына түсіру керек. Ол үшін қызу басқыш заттар — антипиретиктерді қолданған шарт. Қозу басқыш заттардың әсер ету механизмі. Әртүрлі қызу басқыш заттардың әсер ету механизмі әртүрлі болғанымен, ең негізгісі температураны реттеу қызметін қалпына келтіру болып табылады. Бұл рефлекторлы түрде (шеттік жұйкелердің орталықтары арқьшы) температураның пайда болуын азайтады. Сонымен бірге терінің қан тамырларын кеңейтіп, жылу алмасуын күшейтеді, ал кейбір антипиретиктер қан тамырларына тікелей әсер етіп, олардың диаметрін кеңейтеді. Үлкен мөлшерде қызу басқыш заттар температураны реттейтін орталықты жөне барлық жұйке жуйесін әлсіретеді.
Қызу басқыш заттардың бір тобы температураны реттейтін орталықкд әсер етуімен қатар, уытты затгарға, бактерияларға қар-сы әсер етіп, температураны көтеретін себептерді жояды. Қызу-ды басумен қатар, ауырсыну сезімділігін әлсірететін әсерін де байқауға болады. Олар температураны реттейтін орталыкқа әсер еткендей, қозған ауырсыну сезімділігінің орталығын әлсіретіп, шеттік рецепторлардың сезімталдылығын баяулатады. Антипиретиктерді екінші рет қайтара қолданғанда олардың емдік қасиеті (әсіресе анальгетикалық) әлсіреп, ал уыттылығы біршама артады. Антипиретиктер қызуы көтерілген жануарлардың ғана қызуын басады. Сау малға бұл бағытта, тек үлкен мөлшерде ғана әсер етеді, ал қызуы төмендейтін патологиялық жағдайларда, қайта қызуын көтереді. Бір қызығы, жоғары мөлшерде сау малға қолданған кезде антипиретиктер олардың ішкі секреция бездерінің кңзметін бұзып, тері пигментінің дамуын баяулатады. Бұған қарама-қарсы — қызуы көтерілген малдың қорғаныс қабілеттілігін арттырады. Ең негізгі қызу басатын заттарға парааминдіфенол, пиразолон және салицил қышқылының туындылары жатады.
Парааминдіфенол туындылары. Бензол сақинасындағы сутектің бір атомын гидроксиль тобымен (С2Н5ОН) ауыстыру қосындыларға қызу басқыштық қасиет береді. Егер бензолдағы гидроксилді топтың орнына амин тобын (анилин — C6H5*NH2) немесе амин тобы мен гидроксилді (ацетиламинофенол -C6H5(OH)*NH2 бірдей қосу, оның бүл қасиетін едәуір арттырады. Алайда, бұл қосындылар қызу басумен катар, өте уытты болып келетіндіктен, емдік мақсаттар үшін қолданылмайды. Амин тобындағы сутектің бір атомын қышқыл қалдығымен алмастыру препараттың уыттылығын төмендетіп қана қоймай, оның қызу басқыш қасиетін де күрт арттырады. Егер амин тобынан басқа гидроксил тобындағы сутекті алкогольмен (фенацетин) алмастырса препараттың уыттылығы онан әрі төмеңдейді. Бұл топтағы препараттардың әсер ету механизміне келетін болсақ, олар температураны реттейтін орталықгы әлсіретіп, қан тамырларын кеңейтеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет