Аналитикалық химия


Қышқылдың немесе сілтінің тамшылары көзге тигенде, көзді бөлме температурасындағы сумен жуып, дереу дәрігерге көрсету керек



бет3/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

3. Қышқылдың немесе сілтінің тамшылары көзге тигенде, көзді бөлме температурасындағы сумен жуып, дереу дәрігерге көрсету керек.

4. Қызып тұрған шыны немесе металл күйдірсе, күйген жерді алдымен таниннің немесе 3% калий перманганатының ерітіндісіне салынған мақтамен орап, одан кейін күйдіруге қарсы май орайды.

5. Галогендермен, күкіртті сутекпен, көміртек (ІІ) оксидімен уланғанда, уланған кісіні таза ауаға шығарып, дәрігерді шақырту керек.

6. Мышьяктың, сынаптың, цианды қосылыстармен уланғанда дереу дәрігерді шақырту керек.

7. Фосфор тиген жерден, фосфордың қалдықтарын дереу алып тастап, күйген жерді мыс сульфатының ерітіндісінде суланған мақтамен орап, дәрігерге қарану керек.




Зертханалық жұмыс бойынша есеп беруге қойылатын талаптар

Зертханалық жұмыстардың есептері жеке дәптерге (зертханалық журналға) жазылады. Дәптердің сыртқы бетіне пәннің атауы, курстың, топтың нөмірлері, студенттің аты-жөні жазылады.


Зертханалық жұмысқа дайындалғанда жұмыстың әдістемелік нұсқауларын алдымен оқып алып, одан кейін дәптердің таза бетіне зертханалық жұмыстың нөмірі, атауы жазылады. Сапалық реакциялардың молекулалық және қысқартылған иондық теңдеулері кестеге үйден жазылып келеді. Орындалған жұмыстардың есебін жеке парақтарға немесе қарындашпен жазуға болмайды.
Студент зертханалық жұмыста орындау барысында тек бақылау мен ескертуді кестеге жазады. Мысалы:
Зертханалық жұмыс №1
І аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары



Катион

Реагент

Реакция теңдеуі

Реакцияны жүргізу жағдайы

Бақылау

Ескерту

4+

NaOH

4Cl + NaOH = NН4OH = NaCl + H2O + NН3
4+ + OH- = NН4OH = H2O + NН3



1-2 тамшы тұзға 1-2 тамшы сілті қосып, қыздыру керек

1. Аммиактың өткір иісі шығады,
2. Қызыл лакмус қағазы көгереді,
3. Сынап тұзымен шыланған фильтр қағазы қараяды

Ерекше реакция

Сапалық реакциялар жайлы қорытынды жазылады.


Қоспаға есеп шешкенде келесі кесте толтырылады, мысалы:


Зертханалық жұмыс №2
І аналитикалық топ катиондарының қоспасын анализдеу
Қоспа №___



Реагент

Реакцияны жүргізу жағдайы

Бақылау

Реакция теңдеуі

Тұжырым
















Қоспада қандай иондар бар екені жайлы қорытынды жазылады.


Жұмысты орындаған кезде қателер жіберілсе, тәжірибені қайталау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет