Қанат Жүнісов алғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат – оқушы Гүлзат


Қанат. Егер Батыр аулаға кіретін болса, Мойнақты босатып жібер, ұқтың ба? Батыр



бет11/12
Дата06.02.2023
өлшемі123 Kb.
#65347
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қанат. Егер Батыр аулаға кіретін болса, Мойнақты босатып жібер, ұқтың ба?
Батыр: Қанат! Шақырдың ба,жеңгеңді?
Қанат: Шақыра алмадым.
Батыр: Неге?
Қанат: Шақыра алмайтын сияқтымын.
Батыр: Көңіл‑күйің жоқ қой, жәй ма? Өзім‑ақ шақырайын.


Қайыржан: Мойнақ, Мойнақ ка-ка. Қайда кеткен? Мойнақ, Мойнақ. Ту., атам жайлауға ертіп кеткен екен ғой. Енді қайттім?
(Батыр аулаға кірмек болады, Қанат кескестеп жібермейді.)
Қанат: Аға бармай-ақ қойшы. Иті қабаған, жарып тастайды. Тоқташы аға, тоқташы..
(Батырдың аулаға кіріп келе жатқанын көріп Қайыржан сасқалақтап иттің ұясына кіріп кетеді. Қанат пен Батыр жақындай бергенде, Қайыржан ит болып үре жөнеледі)
Қайыржан: Аф‑аф‑аф...
Қанат: Ойбай қаштық.
(Қашып бара жатып Батыр үйшікке тас жіберіп қалады.)
Қайыржан: Ойбай!
Қанат: Өй жарымес, Мойнақ екен десем өзі екен ғой.
Батыр: (аң-таң) Қанат, біреу айқайлады ма?
Қанат: Жоқ, естімедім.
Батыр: Естімедің бе? Айқайлаған сияқты.
Қанат: Мүмкін тас ағасына тиіп кеткен шығар. Тез қашып кетейік, әйтпесе сотталамыз. Тез кеттік тез.
Батыр: Тоқта, тоқта. Тағы да тас лақтырайыншы. (тас іздей бастайды)
Қанат: (екі-үш қадам жақындап) Мойнақ ойбайлама, қыңсыла-қыңсыла.
(Батыр үйшікке қарай тас лақтырады.)
Қайыржан: Қаңқ-қаңқ, қаңқ-қаңқ..
Батыр: Дауысы қандай біртүрлі. Түсінсем бұйырмасын, Ит неге үрмей қалды?
Қанат: Тас тұмсығынан тиген болар. Өліп қалса жауап береміз. Кетіп қалайық.
Батыр: Тағы тас лақтырайын ба?
Қайыржан: Қаңқ-қаңқ.. Қаңқ-қаңқ...
Батыр: Ауылдарыңның иттері де біртүрлі екен. Қандай ит өзі? Жақындап көрейінші.
(Батыр жақындай бергенде ауладағы шуды естіп Гүлзат шығады.)
Батыр: Гүлзат!
Гүлзат: Батыр!
Батыр: Гүлзат!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет