Қанат Жүнісов алғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат – оқушы Гүлзат



бет1/12
Дата06.02.2023
өлшемі123 Kb.
#65347
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Қанат Жүнісов
АЛҒАШҚЫ МАХАББАТ
(комедия)


Кейіпкерлер:


Қанат – оқушы
Гүлзат – жас мұғалім
Қайыржан – оқушы, Қанаттың досы
Айтгүл – оқушы, староста
Сайра – оқушы
Еділ‑ оқушы
Ержан‑ оқушы
Батыр – жас жігіт
Директор – мектеп басшысы
Катя – Гүлзаттың сіңлісі
1-САХНА


(11-ші сынып оқушылары. Сыныпқа Қанат кіреді.)
Қанат: Сыныптастарға сәлем! Ей қалайсыңдар? Біздің ауылдың сарбаздары мен сылқымдары, жүгірмектері мен желөкпелері. Сабақ оқуды сағынып қалғанбысыңдар, бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой.
Аман ба менің сыныбым,
Аман ба біздің парталар?
Аман ба біздің глобус,
Аман ба біздің карталар...?
Айтгүл: Ақынсымақ Мерқұрманов. Бұл өлеңді жаз бойы ойланып жаздың ба?
Сайра: Біреуден көшіріп алған шығар.
Қанат: Ерегесті бастайын,
Сөзшең қыздар қайда бар?
Олар біздің сыныпта,
Айтгүл менен Сайралар.
Қалай, қыздар, жігіттер!Жаз бойы жан-жақта болдық. Сендерді қайдам, мен өзім бәріңді қатты сағындым, «даже» Айтгүл мен Сайраны да. Үш ай бойы екеуін көрмей, соғысатын адам жоқ әбден ішім пысты.
Айтгүл: Осы Мерқұрмановпен бірге оқитынымды ойласам мектепке келгім келмейді.
Сайра: Осы бөспені былтыр көшірмей тастау керек еді.
Қанат: Бөсер жерде бөсеміз,
Өстіп‑өстіп өсеміз.
Қиналып бес алмай-ақ,
Екімен де Көшеміз!
Қайыржан: Айтпақшы, мен бір жаңалық айтайын. Керемет жаңалық! Тыңдаңдар! Бүгін таңертең біздің көрші үйге бір ғажап қыз келді.
Сұлулығында шек жоқ. Актрисаларға ұқсайды. Шашы қап-қара, Көздері.., тура біздің сиырдікіндей.
Сайра: Қайыржан, ол сиырыңның Мүйізі жоқ па?
Қайыржан: Біле білсең сиырдың көзінен әдемі көз болмайды. Ондай қыз біздің ауылда жоқ. Оның жанында біздің қыздар қуыршақтың қасындағы құбыжық сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет