Анатомия – 120 ом



бет150/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   211
113. III қарынша, қабырғалары, қатынасы.


Үшінші қарынша, ventriculus tertius, оның қуысы саңылау пішінді, орталық сагиталді жазықтықта орналасады және карыншааралык тесіктер, foramina interventricularia, аралық бүйір карыншалармен және мидың су кұбыры, aquaeductus cer­ebri, көмегімен төртінші қарыншамен байланысады.

Үшінші карынша қуысы алты: жоғарғы, төменгі, алдыңғы, артқы және екі латералді кабырғалармен шектелген.

Үшінші карыншаның жоғарғы қабырғасы, III қарыншаның тамырлы негізі, tela chorioidea ventriculi tertii, екі табақшадан тұратын қүрылым түрінде, жоғарғы, дорзалді табақша күмбез бен сүйелді дененің астында жататын; және төменгі, вентралды, үшінші карынша қуысына караған. Екі табақшаның арасында борпылдақ дәнекер тін орналаса­ ды; онда орталық сызықтың жан-жағында мидың ішкі веналары, venae cerebri interпае, өтеді, олар қанды таламус пен жолакты денелер веналарынан, vv. thalamostriatae, мөлдір қалқа веналарынан, venae septi pellucidi, тамырлы өрім веналарынан, venae choriodeae, жинайды; бүйір карыншалардан қан мидың үлкен венасына, venae cerebri magпа, ағады. Үшінші қарыншаның тамырлы жамылғысы күмбездің астында орналасып, латералді жиегінде бүйір қарыншаның тамырлы өрімінің, plexus chorioideus ventric­uli lateralis, жоғарғы бөлігі бар. Вентралді табақшадан үшінші карыншаның қуысына бірнеше катар бүрлер еніп, үшінші карыншаның тамырлы өрімін, plexus cho­rioideus ventriculi tertii, түзеді. Ол алдыңгы бөлімдерінде бүйір қарыншалардың тамырлы өрімімен байланысады. Бір өрімнің екіншіге өтуі әрбір қарыншааралық тесік, foramen interventriculare, арқылы жүреді. Тамырлы өрім, үшінші қарыншаның тамырлы жамылгысы сияқты вентралді жағынан, яғни үшінші қарынша қуысы жағынан үшінші қарыншаның тамырлы эпителиалді табакшасымен, lamina epithelialis choreioidea ventriculu tertii, жабылған. Осы табақшаны алып тастаған соң үшінші қарынша куысы ашылады. Сонымен, үшінші қарыншаның жоғарғы қабырғасы болып lamina epithelialis chorioidea саналады. Одан дорсалді: үшінші қарыншаның тамырлы plexus chorioideus ventriculi tertii, кейін үшінші қарыншаның тамырлы жамылғысы, tela chorioidea ventriculu tertii, одан кейін күмбез, fornix, және соңында сүйелді дене, corpus callosum, орналасады.

Үшінші қарыншаның бүйір қабырғалары таламустың медиалді беттерімен түзіледі, олардың арасында орталық бөліктерінде тартылады. Бұл жолақ медиалді үшінші карыншаның эпителиалді табақшасымен шектелген; тамырлы өрім мен эпителиалді табақшаны алып тастаған соң таламус таспасы, tenia thalami, түрінде із калады.

Милық жолақ артқы бағыты бойынша кеңейіп, жүген үшбұрышына, trigonum habenulae, жетеді. Бүл алаң орталыкка бағытталып, ақ заттың тар жолағы жүгенге, habenula, өтеді, ол карама-карсы жақтағы жүгенмен қосылып, жүгендер дәнекерін, comissura habemilarum, түзеді.

Жүген үшбүрышында сүр зат жиынтығы, ядро немесе жүген түйіні, nucleus s. ganglion habenulae, енеді, олардың жасушаларында таламустың милық жолағы талшыктарының көп бөлігі аяқталады. Талшықтың аз бөлігі жүгендер дәнекері арқылы өтеді; сонымен талшықтардың біреулері қарама-карсы жактағы жүген түйіні жасушаларымен байланысады, басқалары карама-карсы жақтағы төрт төбешіктің жоғарғы төмпешігіне, соllіculus superior corporis guadrigemini, жетеді.

Жүгендер дәнекерінін арткы бетіне томпак дене, corpus ріпеаіе, бекиді; дәнекер мен томпак дене арасында томпак дене үсті ұңғылы болады, recessus suprapinealis, ол дәнекер астында үшінші карынша куысына ашылатын томпак дене үңғылына, recessus pinealis, енеді. Томпак дене төрт төбешіктің алдыңғы төмпешіктерінің арасында орна­ласып, барлық жағынан үшінші қарыншадан өткен тамырлы өріммен коршалған. Томпак денені үзіп алмау үшін тамырлы өрімді алып тастау препарациясы кезінде өте сақ болу керек.

Үшінші қарынша қуысының ортасы аркылы кесіндісінде таламусасты жүлгесі, sulcus hypothalamicus, көрінеді, ол таламустың медиалді бетінде жатып, ми суқұбырына кіреберістен карыншааралық тесікке дейін өтіп, thalamus аймағын тала­ мусасты аймақтан, hypothalamus, бөледі. Үшінші карынша куысының алдыңғы шекарасында күмбез, fornix, күмбез бағана- лары, columnaefornicis, алдыңғы ақ дәнекер, commissura anterior alba, жатады, ол lami­ na terminalis-тің арткы бетіне жанасады. Алдыңғы ақ дәнекер кішкене дөңгелек нішінді, бір ми сыңарынан екіншіге өтетін көлденең жүретін талшықтар будасы, оның кішкене ортаңғы учаскесі үшінші карыншаның алдыңғы кабырғасында жатады, ал үлкен бөлігі артқа жүріп, самай үлесі калындығына еніп, оның қыртысына жетеді. Алдыңғы ак дәнекерде екі бөлікті ажыратады: алдыңғы дәнекердің алдыңғы бөлігі, pars anterior commissurae anterioris, оның талшықтары екі иіс сезу үлестері кыртысының жасушаларын өзара қосады, және алдыңғы дәнекердің артқы бөлігін, parsposterior commissurae anterioris (немесе ми сыңарларының аралык бөлігі pars in­ ter hemispherica), жақсы дамыған, оның талшықтары екі ми сыңарының гиппокамп қатпары кыртысының жасушаларын қосады.

Ажыратылған күмбез бағанасы мен алдыңғы дәнекер арасында үшбұрыш пішінді кішкене үңғыл, үшбүрышты үңғыл, re­cessus triangularis, жатады. Ақ дәнекерден төмен қарынша қуысының алдыңғы қабырғасын аяқтайтын шекаралық табакша, lamina terminalis, жатады. Шекаралык табақшанын төменгі шекарасында, оның көру қиылысына жанасатын жерінде көру үңғылы, recessus op­ticus, түзіледі, ол ми дамуының алғашқы кезеңдерінде ми түтігі куысының соңғы бөлігін көрсеткен.

Үшінші карыншаның төменгі қабырғасын немесе түбін түзуге ми негізін оқығанда көрсетілген кұрылымдар катысады. Бүл жерде біз тек атап өтеміз. Алдан артка жүргенде көру киылысын, chiasma opticum, оның артында сүр төмпені, tuber сіпегіит, табамыз. Вентралді, яғни төменгі бағыт бойынша, сүр төмпе ми күйғышқа, infundibulum cerebri, өтеді, оның қуысы кұйғыш үңғылын, recessus infundibuli, түзеді. Құйғыш гипофизбен қосылады.

Сұр төмпенің артында емізік тәрізді денелер, corpora mamillaria, одан кейін ми аяқшалары, pedunculi cerebri, орналасады.

Үшінші карыншаның артқы кабырға- сының негізгі массасын мидың артқы ак дәнекері, commissura cerebri alba posterior, күрайды.

Ол көлденең талшықтардан түзілген, карынша қуысына енген, бүгулі табақша түрінде. Оның астында ортаңғы ми сукүбырына кіреберіс, aditus ad aquaeductus cerebri, үстінде томпак дене үңғылы, recessus pinealis, ал оның үстінде жүген дәнекерлері, commissura habenularum, орна­ласады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет