Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі



бет10/30
Дата15.02.2023
өлшемі397 Kb.
#68046
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Курстық жұмыс – ғылыми зерттеу жұмысының элементі бар студенттің өзіндік оқу еңбегінің бір түрі.
Рецензия (орысш.: обзор, ағылш.: review, лат.: recensio) — талдау, саралау, көпшілік назарына ұсынылған жарияланымдарға (кітап, кино, т.б.), әдеби шығармаларға, өнімдерге баға беру.
Ақиқат фактілері – бұл болатын немесе негізінде болып жатқан құбылыстар, оқиғалар, зерттелетін объектілердің әр түрлі жақтары, қасиеті, қатынасы.
Ғылыми фактілер – бұл санамен бейнеленген ақиқат фактілері, олар ғылым тілінде, эмпирикалық пайымдаулар түрінде тексерілген, яғни міндетті түрде тексреліген фактілер жиыны.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары.
Бақылау – зерттеу барысында дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы.
Сұхбат әдісі – қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады.
Эксперимент - белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы.
Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуі.
Дедуктив әдіс – жалпы пікірден жеке қорытынды жасау.
Реферат – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны.
Конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан – жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар.
Аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнын қысқаша ақпар жазу.
Сілтеме (цитата) беру - әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.


2.1 Дәріс тақырыптары және оның қысқаша мазмұны.
Тақырып 1 Ғылыми іс - әрекет (ғылыми процесс ретінде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет