Диссертацияның қорытындылары мен нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінде лексикология, стилистика, диалектология, мәтін лингвистикасы, прагмалингвистика бойынша өткізілетін дәрістерде, жазушы тілін зерттеу мәселелеріне арналған «Көркем шығарма тілін лингвистикалық талдау», «Мәтін лингвистикасы», «Ареалды лингвистика», «Қазақ тілінің прагмалингвистикасы», «Қазақ тілінің стилистикасы» сияқты арнайы курстар мен семинарларда, сондай-ақ түрлі сөздіктер құрастыруда, яғни лексикографиялық мақсатта пайдалануға болады. Сонымен қатар зерттеу материалы мен бірқатар нәтижелерін жас ізденушілердің докторлық, магистерлік, дипломдық және курстық жұмыстарды жазу барысында қолдануына болады.