142
Көрсеткіш:
- Ruh.kz сайтынан арнайы айдар ашу;
- жыл аяғына дейін аталмыш тақырыпты қамтитын материалдар ұсыну.
Әлеуметтік желілерде және басқа да интернет-
ресурстарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі
бағыттары бойынша подкасттар жасау бойынша
ұсынымдар
Өзектілігі. Қазіргі жаһандану дәуірінде әлемдегі дамыған елдер қай
жаққа бой түзесе, Қазақстан халқы да осынау жаңарудың даңғыл жолымен
жүруі аса маңызды.
Әрине, бұл ретте сан ғасырлар бойы қалыптасқан ата-бабаларымыздың
салт-санасын, өмір сүру философиясын әсте ұмытуға болмайды.
Міндетті түрде осы ұстанымдарды ту етіп, болашаққа бағыт түзеген
жөн. Сондықтан да Қазақстан халқына төл тарихымызды, бай мәдениетімізді,
салт-дәстүріміз бен әдебиетімізді, жалпы алғанда ұлттық кодымызды
түсіндіру, ұғындыру жұмыстары қарқынды түрде жүруі тиіс.
Сөзсіз, бұл ретте жаңа медиа құралдардың көмегін пайдалана отырып,
жоғарыда аталған құндылықтарды көрермен назарына ұсына білу міндеті тұр.
Осылайша қоғамдық сананы жаңғыру жұмыстары жекелеген
адамдардан, атап айтсақ, әр қала, аудан мен ауыл тұрғындарынан
басталатынын назарға алғанымыз жөн.
Жаңа аудиоподкаст өнімдері қазақ халқының әлі де болса қалың
жұртшылыққа жетпей жатқан асыл құндылықтарын насихаттайды. Жас
ұрпақты Отаншыл болуға, еңбек сүюге жетелейді. Халықты әдеп пен тәртіпке
бастайды. Елдің рухани сұранысын қанағаттандырады.
Мақсаты: Ұлттық тарих, дәстүрлі музыка, ғылым мен білім, салт-
дәстүр, заманауи білім мен өнер тақырыптарына арналған аудиоподкасттар
дайындап шығару.
Достарыңызбен бөлісу: