Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет204/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   221
Арнайы бөлімнің басты міндеттері: 

Қазақстан халқының бірлігін жарастыруға атсалысу; 

Қазақстанда  өмір  сүріп  жатқан  ұлттардың  салт-дәстүрін, 
мәдениетін насихаттау; 

Қазақстанның даму тарихында әр ұлттың өзіндік орны бар екенін 
жас буынға жеткізу. 
Орындалу мерзімі: 
2020 жыл. 
Күтілетін  нәтиже:  Қазақстан  халқының  бірлігі  мен  татулығының 
жарасуына қызмет ету. Ұлттық бірегейлікті, ұлтаралық татулықты насихаттау; 
 


142 
 
Көрсеткіш: 
-  Ruh.kz сайтынан арнайы айдар ашу; 
-  жыл аяғына дейін аталмыш тақырыпты қамтитын материалдар ұсыну. 
 
Әлеуметтік желілерде және басқа да интернет-
ресурстарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі 
бағыттары бойынша подкасттар жасау бойынша 
ұсынымдар 
 
 
Өзектілігі.  Қазіргі  жаһандану  дәуірінде  әлемдегі  дамыған  елдер  қай 
жаққа  бой  түзесе,  Қазақстан  халқы  да  осынау  жаңарудың  даңғыл  жолымен 
жүруі аса маңызды. 
 
Әрине, бұл ретте сан ғасырлар бойы қалыптасқан ата-бабаларымыздың 
салт-санасын, өмір сүру философиясын әсте ұмытуға болмайды. 
 
Міндетті  түрде  осы  ұстанымдарды  ту  етіп,  болашаққа  бағыт  түзеген 
жөн. Сондықтан да Қазақстан халқына төл тарихымызды, бай мәдениетімізді, 
салт-дәстүріміз  бен  әдебиетімізді,  жалпы  алғанда  ұлттық  кодымызды 
түсіндіру, ұғындыру жұмыстары қарқынды түрде жүруі тиіс. 
 
Сөзсіз, бұл ретте жаңа медиа құралдардың көмегін пайдалана отырып, 
жоғарыда аталған құндылықтарды көрермен назарына ұсына білу міндеті тұр. 
 
Осылайша  қоғамдық  сананы  жаңғыру  жұмыстары  жекелеген 
адамдардан,  атап  айтсақ,  әр  қала,  аудан  мен  ауыл  тұрғындарынан 
басталатынын назарға алғанымыз жөн. 
 
Жаңа  аудиоподкаст  өнімдері  қазақ  халқының  әлі  де  болса  қалың 
жұртшылыққа  жетпей  жатқан  асыл  құндылықтарын  насихаттайды.  Жас 
ұрпақты Отаншыл болуға, еңбек сүюге жетелейді. Халықты әдеп пен тәртіпке 
бастайды. Елдің рухани сұранысын қанағаттандырады. 
Мақсаты:  Ұлттық  тарих,  дәстүрлі  музыка,  ғылым  мен  білім,  салт-
дәстүр,  заманауи  білім  мен  өнер  тақырыптарына  арналған  аудиоподкасттар 
дайындап шығару. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет