Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар киберқауіпсіздік 8 Дәрістің мақсаты


Ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің жіктелуі



бет2/6
Дата02.12.2023
өлшемі2,92 Mb.
#131874
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 дарис АКТ

Ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің жіктелуі:
  • ақпаратты ұрлау (көшіру);
  • ақпаратты жою;
  • ақпаратты өзгерту (бұрмалау);
  • ақпараттың қолжетімділігін бұзу (бұғаттау);
  • ақпараттың түпнұсқалығын жоққа шығару;
  • жалған ақпарат таңу.


Зиянды бағдарламалар – компьютерге, желіге немесе серверге зиян келтіруі мүмкін кез келген бағдарлама немесе файл. Зиянды бағдарламалар құпия деректерді ұрлайды, шифрлайды және жояды, негізгі есептеу функцияларын өзгертеді немесе ұстайды, және компьютерлердің немесе қосымшалардың белсенділігін қадағалайды.
Зиянды бағдарламалар
«Вирус» – бұл вирустың көшірмесін өзіне қосатындай етіп, оларды өзгерту арқылы, басқа бағдарламаларға жұқтыруға қабілетті бағдарлама; «трояндық ат» – бұл жасырын немесе айқын бағдарламалық кодты қамтитын бағдарлама, оны орындау кезінде қауіпсіздік жүйесінің жұмысы бұзылады; «құрт» – бұл өзінен-өзі көбейетін, байланыс желілері бойынша жүйелер мен желілерде таралатын бағдарлама.
Руткиттер – бұл қылмыскерлердің немесе зиянды бағдарламалардың әрекеттерін көрінбейтін етіп жасайтын бағдарламалар. Руткит қылмыс іздерін жасыра отырып, киберқылмыскерлерге жүйеге кіруге, оны басқаруға, тыңшылыққа, деректерді ұрлауға, зиянды бағдарламалар мен шабуылдарды жүргізуге көмектеседі.
Бэкдор (ағылш. back door – «артқы есік») - компьютерді алыстан басқаруға мүмкіндік беретін қосымша. Бэкдор – бұл компьютерге, смартфонға және т.б. рұқсатсыз кіруге мүмкіндік беретін осалдық, басқаша айтқанда, бұл қаскүнем басқа біреудің құрылғысынан деректерді алып, оны қашықтан басқара алатын Саңылау(ілік, амал).
Жүктеуші – зиянды бағдарламаның толық нұсқасын одан әрі жүктеуге арналған код.
Зиянды бағдарламалар класына снифферлерді ( желілік пакеттерді ұстап қалатын бағдарламалар, (ағылш. to sniff – иіскеу) – интернетке қосылған компьютерден кіретін және шығатын трафикті талдайтын бағдарламалық жасақтама ), парольдерді таңдау бағдарламаларын, буфердің толып кетуіне шабуылдарды, кейбір қосымшаларда дизасемблерлер мен ретке келтіргіштерді жатқызуға болады.

Киберқауіпсіздік индустриясы – бұл пайдаланушының немесе жүйенің ақпараттық қауіпсіздігіне жауап беретін сала.
Осы сектордың негізгі компаниялары:
  • Cisco Systems
  • Software Technologies
  • Check Point
  • MCAfee
  • Касперский зертханасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет