Апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Лексикасының негізгі объектісі сөз және оны оқытудың тиімді жолдары



бет5/27
Дата13.05.2022
өлшемі91,64 Kb.
#34327
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Лексикасының негізгі объектісі сөз және оны оқытудың тиімді жолдары.
1. Лексикалық единица оның анықтамасы.

2. Сөздің негізгі белгілері.

3. Сөздің ерекшеліктері.
Сөз-дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жинақты бейнесінің белгісі. Бұл туралы академик В.В. Виноградов сөз дегеніміз - фонема болатын дыбыстардың белгілі бір жүйеде дыбысталуы мен мағыналық бірлікте болуы деген пікірді айтады. Заттың, құбылыстың бейнесі адамның миына сыртқы түйсік арқылы әсер етеді. Адам тіл арқылы, яғни белгілі сөз арқылы, яғни белгілі сөз арқылы ойлайды. Сөз деген терминді тар мағынада заттың, құбылыстың атауы деп немесе сөз ұғымының белгілеген түрі деп аталады. Сөздің о баста-ақ атқаратын қызметі туралы айта келіп, В.В Виноградов: «Сөз тек дыбыс пен мағынадан ғана құрылатын болса, онда тілде әрбір жаңа ұғымды, жаңа пікірді, жаңа мәнді белгілеу үшін ерекше дыбыстар шығып, ерекше сөздер болуға тиіс емес пе?» дегенді айтады. Сөз айтушы мен тыңдаушыға ортақ,яғни түсінікті, сөз жасарлық, белгілі мағына берелік ақиқат дыбыстардың бірлестігінен туатын мағыналы дыбыс құрылысын сөз жасаудың бір элементі деп ұғыну керек. Осыны ескерген профессор А.И. Смирницкий «Звуковая материя языка, крайняя существенная для него ( языка), без которой он не может существовать и развиваться как действительно важнейшее средство общения, составляет все же лишь одно сторону, внешнего; у языка есть и другая сторона, внутренная, смысловая сторона значений» деген еді. Сөздің екі жағы болады. Біріншісі, материалдық жағы, дыбыстық жағы да,екіншісі-идеалдық жағы, мағыналық, ұғымдық жағы. Бұл екеуі өзара тығыз байланыста болады.

Сөз – көпқабатты құбылыс. Ал сөздің тілдік қабатынан тыс тілдік емес білімдер қабаты, яғни мәдени семантикалық қабаттары болады.

Тілдік таңбаның семантикалық құрылымын ғылыми зерттеулерде екі деңгейге бөліп карастырады: тілдік қабаты және мәдени семантикалық қабаты. Тілдік-мәдени семантикаға ие тілдік (этикеттік) таңбаны екі деңгейге бөліп қараудың тиімді жағы бар.

Әдеттегідей, тілдік таңбаның бірінші деңгейіне лексика-фразеологизмдердің тілдік семантикасы жатады. Ал екінші деңгейіне, яғни мәдени семантикаға коннотативті мағыналар жатады. Коннотативті мағыналар:

-стереотивтік;

-символдық;

-эталондық мағыналар болып бөлінеді. Олардың әдеттегіден тыс образды мағыналары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет