Аралардың инфекциялық аурулары кезінде ара өнімдерін ветсансараптау


Балды сараптауға қабылдау ережелері



бет3/8
Дата24.01.2022
өлшемі383,74 Kb.
#24283
1   2   3   4   5   6   7   8

Балды сараптауға қабылдау ережелері

  • Балды сараптауға қабылдау үшін бал иесінің қолында ветеринариялық анықтама (аудан іші сатылатын жағдайда), немесе ветеринариялық куәлік (ауданнан тысқары жерде жұмсалып-сатылатын жағдайда) болғанда және омартаның ветеринариялы-санитариялық куәлігі (паспорты) бар болатын болса қабылданады. Егер ветеринариялық құжаттарда ара ұя-үйірлерінің антибиотиктермен өңделгендігі туралы мәлімет болған жағдайда, балды зертханаға антибиотиктерге арнайы тексеру үшін жібереді.
  • Орташа сынама-балдың бүкіл партиясының сапасын көрсететін бөлігі. Партия деп ботаникалық негізі бір, бір жылда жиналған, физико-химиялық және сезімдік (органолептикалық) көрсеткіштері бірдей, бір технологиялық өңдеуден өткізіліп және бір мезгілде сатуға әкелінген балдың кез-келген мөлшерін айтады.
  • Бірнеше ыдыстан алынып, «орташа» деп аталған бал сынамасы, әр кез барлық өнімнің сапасына сай келе бермейді, сондықтан, «орташа сынама» деп бір ыдыстың әр жерінен алынған бал мөлшерін айтады. Егер ыдыс бірнешеу болатын болса (бөшке, құмыра, банкі, шелек, дүң, т.б.) онда әрқайсысынан бөлек-бөлек алынады.
  • Сұйықтау балды алдымен араластырады, орташа сынаманы, диаметрі 10-12 мм алюминий түтіктен жасалған сынама алғышпен оны ыдыстың түбіне дейін батырып барып алады. Кристаллданған балдың сынамасын бүйірі ұзынынан бойына жырылып-қиылған конус тәрізді сезгіш сүзгімен-«щуппен» (майға арналған) алады. Сезгіш-сүзгіні бүкіл өн бойына көлбете сұғып, одан кейін таза қалақшамен сезгіш-сүзгінің (щуптің) жоғары, ортаңғы және төменгі бөліктеріндегі балды сырып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет