Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты Қырандай күшті қанатты



бет4/4
Дата17.02.2023
өлшемі29,12 Kb.
#68871
1   2   3   4
Қорытынды
Бұл зерттеу жұмысымда ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңіндегі патриоттық рух пен азаматтық үнін ұғынып, талдау жасадық. Ақын өлеңі жастардың жалынды бейнесін сомдап, келешегі кемел елдің көшбасшыларын өмір сахнасына шығарады.
Сонымен поэзия руханиятымызды көркемдік кеңістікпен байытуымен қатар, тәрбиелік-тағылымдық жағын да толықтырып отырған әдебиет әлемінің үлкен бір қанаты десек, Мағжанның «Мен жастарға сенемін» атты азаматтық лирикасы ұлттық болмыс пен қайсар мінезге жетелеп, осы екеуін басты негізге ала отырып, туған жерге деген шексіз махаббат пен ұлтжандылыққа тәрбиелеуге қызмет етеді. Бүгінгі күн тұрғысынан елді, ұлт болашағы жастардың тәлім-тәрбиесі мен өнегелі өмір сүру жолдарын шешуге жауап береді.
Мағжан өлеңіндегі жастар тұлғасын қалыптастырмай дамыған қоғам құрылмайды. Жастар ақын өлеңінен, төл мәдениеттен нәр алып, жігері жалын, рухы мықты, өр мінезді, ар-намысы биік болып, ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген перзенттік сезімдері ұшталады. Сондықтан «Мен жастарға сенемін» өлеңі жастар тәрбиесі үшін бірден-бір өнеге мектебі деуге болады.
Қорыта келгенде, Мағжанның бұл өлеңі жастардың рухани деңгейін көтеріп, тәуелсіз елдің текті ұрпағын, жаңа күннің жігерлі кейіпкерлерін өмірге әкелуде таптырмас дүние. Сондықтан өткен күн мен бүгінгі өмірдегі сабақтастық салаланған, кең ауқымды келелі ойлар жеткіншектердің жүрегіне рухани-адамгершілік, азаматтық-моральдық құндылықтарды құндақтауы – заман талабы екені сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет