Қаржы кафедрасы жорабаева Ж. К. Кукиев А. Ж. "САҚтандыру ұйымдары" ПӘні бойынша алматы, 2016 ж. МазмұНЫ


Сақтандыру келісім шарты және оның экономикалық мәні



бет10/35
Дата08.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#55862
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
3.3 Сақтандыру келісім шарты және оның экономикалық мәні

Сақтандыру келісімі – сақтандыру мәмілелерінің ақиқаттығын растайтын, сақтанушы мен сақтандырушы арасында бекітілген негізгі құжат болып табылады. Сақтандыру келісімін бекіту талаптары – келісімнің барлық шарттарына тараптар келісетін болса келісім бекітілген болып саналады. Шарттардың мынадай 3 типі бар:



  • келісімнің пәні бойынша шарт;

  • осы типтегі келісім үшін заңды аталған шарт;

  • өтініш бойынша тараптардың бірі келіскен салыстырмалы барлық шарттар.

Заңды аталған шарт пәні қандай келісім бекітілгелі жатқанына байланыс-ты. Шартқа келісу заңда көсетілген формада жүргізулері тиіс. (ауызша, жазбаша, нотариалды). Жоғарыда келтірілген талаптарға байланысты сақтандыру келісімдері бөлінеді:
- Концессуалды – барлық жоғарыда аталған талаптарды қанағаттанды-ратын және бекіту үшін оларға жеткілікті болатын сақтандыру келісімі.
- Нақты - тек екі талапты қанағаттандыратын және оны бекіту үшін жеткіліксіз болатын сақтандыру келісімі.
Нақты сақтандыру келісімінде тараптар келісімінің күшіне ену кезін өз тілектеріне қарай өзгертіп белгілей алады. Концессуалды келісімде оның күшіне енуінің нақты мерзімі көрсетілуі тиіс. Сақтандыру келісімі бекітіл-геннен бастап, алғашқы сақтандыру жарнасы төленгеннен кеиін ол өз күшіне енген болып саналады. Сақтандыру келісімін бекітудің екі нұсқасы бар:

  • келісім шарттың күшіне енгізілуі сақтандыру төлемдерін төлеуіне байланысты жағдайда;

  • келісім шарттың күшіне енгізілуі сақтандыру төлемдерін төлеуіне байланысты емес жағдайда.

Сақтандыру келісім шарттың тоқтатылуы келісімнің аяқталуымен ұштасады. Сақтандыру келісім шартты тоқтудың екі ережесі бар:

  • егер сақтандыру жағдайының мүмкін болуы жойылса;

  • егер сақтанушы келісім шарттан бас тартса.

Міндеттемелерді тоқтату үшін бұл шарт сақтандыру келісімінің өзінде болуы тиіс. Бұл шартта қарастырылған келісім ондағы көрсетілген сәтке дейін ғана мойындалады. Тәжірибеге байланысты, сақтандыру келісімдері келесідей болып бөлінеді:

  • болмашы - жарамсыз және оның жарамсыздығын мойындау үшін ешқандай арнайы процедураларды қажет етеді;

  • таласты – тек сотпен ғана жарамсыз деп табыла алады.

Егер келісім жарамсыз деп табылса, онда реституция пайда болады. Реституция – сақтандыру келісімін орындау кезінде тараптардың бір-бірінен алғанын қайтарып беруі. Сақтандырушы келісімі жарамсыз деп мойындалатын мынадай себептер бар:

  • сақтандыру келісімі заңға немесе басқа да құқықтық актілерге сәйкес келмеуі;

  • сақтандырушы өз қызметін лицензиясыз жүзеге асырса;

  • келісімге қол қойған тұлға аз өкілеттілігін көтерсе;

  • сақтандырушы келісімі сынға ұшыраса;

  • келісім мақсаты заң тәртібі және құлықтылық негізіне қарама-қайшы болса.

Сонымен, мінді, сынды келісім – бұл мәміленің нағыз мақсатын жасыру болып табылатын келісім. Сақтандыру келісімдерін бекітуде заңнама бойынша олардың жарамсыздығын мойындау үшін бірқатар арнайы негіздемелер қарастырылған:

  • егер сақтандыру сомасы сатандыру құнынан артық болса, онда сақтандырушы келісімі осы айырмада жарамсыз болады;

  • егер сақтандырушы келісімі шартында сугробация (шығын келтіруші айыпталуы үшінші тұлғаға талап құқығының ауысуы) қарастырылса;

  • егер сақтандырушы келісімі сақтандыру оқиғасы болганнан кейін бекітілсе.

Сонымен, сақтандыру келісімі – бұл сақтандырушының сақтанушы алдында, сақтандыру оқиғасы болған жағдайда сақтандыру төлемдерін төлеуді мойнына алу, ал сақтанушы белгіленген мерзімде сақтандыру премиясын төлеп туру шарты орын алатын, сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы келісім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет