Көрсетілген әлеуметтік бағыттағы мәселелерді шешуде Республикалық арнаулы (түзету) мекемелерді, мектепке дейінгі ұйымдарды, мектептерді арнаулы мамандармен қамтамасыз етілу жұмыстары бүгінгі күннің міндеті болып отыр. Осы себептерге байланысты әлеуметтік-педагогикалық процестің теориялық негіздерін қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және кедергілерді жоя білуге бағытталған жұмыстар орындалуда.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларлың құқығы мен еркіндігін сақтауға арналған халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі идеялары халықаралық деңгейде ұзаққа созылған процесс. Қазіргі уақытта осы мәселеге байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған нормативтік құжаттардың бірқатары белгіленген:

Адам құқығы туралы жалпы декларация.
Мүгедектер құқығы туралы декларация
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалар құқығы туралы декларация.
Мүгедектер мүмкіндігін сақтаудағы стандартты ережелер.
Арнайы білім берудің құқықтық негіздері.
1989 жылы 20 қарашадағы БҰҰ Ассамблеясы “Бала құқығы туралы қабылданған конвенцияның” негізгі мақсаты минимальды түрдегі бала құқығын қорғау. Оның ұсынатын жағдайлары негізгі 4 талап бойынша:
1989 жылы 20 қарашадағы БҰҰ Ассамблеясы “Бала құқығы туралы қабылданған конвенцияның” негізгі мақсаты минимальды түрдегі бала құқығын қорғау. Оның ұсынатын жағдайлары негізгі 4 талап бойынша:
“Баланың құқықтары туралы Конвенцияда" мүгедек балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына,әлеуметгік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сұруіне, тәуелсіздігімен әлеуметтік ортаға қосуды қамтамасыздандыру туралы мазмұны23 бапта белгіленген. Құқықтық құжаттардың мазмұнында мүгедектердің ерекше еңбек түрімен айналысуы, медициналық қызмет түрі мен емді қабылдау, транспорт түрлерін пайдалану, тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсетілген. «Білім туралы» Заңда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудегі кепілдемелер көрсетілген.