Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет10/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   88
жандар   С.Қ.)  жер астына түсіп, үлкен мереке жасапты да, 
содан кейін батысқа кетіп қалыпты. Дәл осы шақта Гиури 
деген ұзын жүнді дема­ит
 
жер бетінде екен. Ол жердің астынан 
шыққан шуды естіп, демалар тойлап жатқан жаққа бет алыпты. 
Анда­санда бір иіскеп қойып, қажет дегенде, алдыңғы аяғымен 
құмды қазып, тың тыңдап жүріп отырыпты.
Осылай жүріп отырып, Биа мен Кумба өзендерінен жүзіп 
өтіпті де, Кондо деген жерге жетіпті. Осы жерде шу қатты 
шығып жатыпты.
Марио бұлағына келгенде, ит тағы да құмды қазыпты. Ке­
неттен жердің астынан су атқылапты да, соңынан бамбуктан 
жасалған түсініксіз бір нәрселер шығыпты. Олар – жартылай 
балық, жартылай адам секілді, бірақ қол­аяқтары денесіне 
жабысқан, саусақтары мен башпайлары да сондай, ал басында 
не көзі жоқ, не құлақ жоқ, не ауыз жоқ.
Жердің астынан аист дема Уар шығып, суда қалқып жүрген 
нәрселерді көріп, балық екен деп тұмсығын созып, жеуге оң­
тайлана беріпті. Сол кезде:
– Не істеп жатырсың, бұл балық емес, адамдар ғой! – депті 
оған тағы да жерден шыққан бір дема.
Содан соң ол аистқа жаңағы түсініксіз нәрселерді судан 
шығарып алып, құрғату керектігін айтады. Күн суық екен, 
әлгі нәрсе­жандар қалтырап тоңыпты. Дема от жағып, бамбук 
адамдарды отқа салыпты. Олар шыртылдап жана бастапты. 
Кенет ыстыққа шыдамай, кішкентай бам бук шарт етіп жары­


[
  28  
]
лыпты. Сол сәтте барлық нәрселердің басында құлақ пайда 
болыпты.
– Поо! – деп, жуанырақ екінші бамбук жарылыпты. Сол 
шақта барлық нәрселерге көз пайда болыпты.
Үшінші  бамбук жарылыпты. Нәрселердің мұрындары пай­
да болыпты. Сәлден кейін ең жуан бамбук жары лыпты. Сол 
мезетте барлық нәрселер: «Уа­аах!» –  деп айқай салыпты. 
Сөйтіп, бәріне ауыз пайда болыпты.
Содан  соң  дема  олардың жабысып тұрған дене мүшелерін, 
саусақтары мен башпайларын бір­бірінен ажыратыпты. Ажы­
ратқан кезде кесілген шандырларды суға лақтырып жіберсе, 
олар кейін сүлікке айналыпты.
Енді осыдан кейін жаңағы түсініксіз нәрселер түгелімен 
адамға айналыпты.
Ит­дема екінші апанды қазыпты. Бірінші қазған апаннан 
маринданим тайпасын туған демалар  шығыпты  да,  екінші 
апаннан – бөтен адамдарды, икам­аним тайпасын туған демалар 
шығыпты...»
30
Үзінді келтірілген бұл миф, зерттеушілердің айтуынша, 
жалпы тайпалық мифке жатады екен. Ал тайпа бірнеше 
рудан тұратыны белгілі. Ендеше, тайпаға айналғанға дейінгі 
рулардың мифінде адам қалай пайда болатынын аңдап көрейік.
Ондай мифтерде адамдар керемет демалардан, рух­иелерден 
туады  екен. Ал демалар кез келген аңға, жануарға, адамға 
айнала алады. Олар кейде әйелдерді алып қашып, соларға 
үйленеді немесе өздері адамға айналады. Жоғарыда келтірілген 
мифтің соңында екі тайпаның екі түрлі демалардан  тарағаны 
айтылады. Мұндай адамдардың демалардан пайда болғаны 
жайлы баяндайтын мифтер  тотемдік нанымға негізделгені 
байқалады.  Жал пы,  папуастар мифінде алғашқы қауым 
санасына тән түсініктің бәрі көрініс береді. Соның ішіндегі ең 
бастысы –  адам мен табиғат арасындағы тұтастықтың бұзыл­
мағаны, яғни, анимизмге негізделген сана бойынша адам  ның 
аңға, аңның адамға оңай айналуы – табиғи деп қабыл дануы.
Тағы бір мифте былай делінеді:
«Ертеде хадзапилер маймыл екен. Бір күні Ишоко оларды 
суға жұмсапты. Маймылдар су жағасында ойын қызығына 
түсіп, Ишоконың тапсырмасын ұмытып кетіпті.


[
 
 29  
]
Ишоко көп күтіпті. Ақыры болмаған соң, ол өзі барыпты. 
Ойнап жүрген маймылдарды көріп, Ишоко ашу шақырыпты 
да, былай депті:
– Мұнда келіңдер! Мен сендерді бөлемін!
Сөйтіп,  ол маймылдарды екі топқа бөліпті. Бірінші топ­
та ғылар  хадзапи  болыпты,  екіншілер  маймыл күйінде қа­
лыпты...»
31
Бұл мифте хадзапи тайпасының қалай және қайдан пайда 
болғаны тағы да көне мифтік сана бойынша баяндалады. 
Мұнда да айналу арқылы бүкіл бір тайпа ел дүниеге келеді. 
Бұрынғы маймылдар енді жаза ретіндс саваннада ғана өмір 
сүретін адамдарға айналады. Өздері айналмайды, оларды 
айналдыратын – тағы да сыртқы күш. Ол – баяғы Ишоко.
Адамның қайдан пайда болғаны белгісіз, ол баяғыда әйтеуір 
дүниеге келген, өз­өзінен жаралған деген түсінік, жоғарыда 
келтірілген мифтегідей, бірте­бірте өзгеріп, енді адамды біреу 
бірдеңеден жаратқан деген ұғым орнығады. Оны біз адамды 
дема деген рух­иелердің бамбуктан жаратқаны туралы мифтен 
көрдік. Кейін, құлиеленуші мемлекет тұсындағы мифологияда 
бұл мотив сәл кеңейе түседі, онда адамдарды құдайлар әр түрлі 
заттардан жаратады, ал бірқұдайлық мифологияда Адам 
ды 
құдай топырақтан жаратып, оның әйелін адамның қабыр­
ғасынан жасайды...
32
Сонымен, адам оу баста өз­өзінен пайда болмаған, оны 
біреу жаратқан деген ұғым – мифологиялық сананың біршама 
дамыған тұсында қалыптасатынын байқауға болады. Осы 
тектес, бірақ бірқұдайлық діннің әсерімен өзгерген түсінік 
қазақ мифологиясында да сақталған. Айталық, Г. Потанин 
жазып алған «Алғашқы адамдар» деген мифтегі жағдай. Онда 
ең әуелі төрт адам, төрт жануар жаратылған болатын делінеді. 
Адамдар да, жануарлар да шөппен қоректенеді екен. Алайда, 
адамдар шөпті түбірімен жұлып, өздеріне қор жинай бастапты. 
Шөп қалмайтын болған соң, жануарлар құдайға шағым етіпті. 
Құдай адамдарға шөп жеуге тыйым салыпты да, жануарларды 
сойып жеуге рұқсат беріпті. Жануарлар оған келісіпті
33
.
Осы мысалды Австралия тұрғындарының мына мифімен 
салыстырып көрелік:


[
  30  
]
«Оу баста аспан әміршісі Байаме жерде жүрген кезінде 
қызыл топырақтан екі еркек пен бір әйел жасай ды. Олардың 
жаны бар екенін көріп, Байаме адамдарға аштан өлмес үшін 
жейтін шөптерін көрсетіп, өз жөнімен кетіп қалады.
Адамдар ол көрсеткен шөптерді жеп, қоректеніп жүреді. 
Бірақ қуаңшылық болады да, шөп азаяды. Еркектің біреуі 
қалталы қосаяқты өлтіріп, әйел мен екеуі әлгінің етін жейді. 
Екінші еркек етті жеуден бас тартады
34
.
Көріп отырғанымыздай, мұнда да адам өзі пайда бол­
майды. Алғашқы екі еркек пен бір әйелді біреу жасай ды. 
Ол біреу – аспанға көтеріліп кеткен, көктің әміршісі Байаме. 
Рас, Байаме адамдарды жерде жүргенде жасаған, демек ол – 
бір кездегі ілкі­ата, демиург, жасампаз қаһарман. Бұл мифтің 
ескі заманда туып, кейін өзгеріске түскенін көрсетеді. Оның 
көнелігін дәлелдейтін тағы бір айғақ – адамдар мен аңдардың 
бірлігі. Адамдар да шөп жейді. Сонымен қатар бұл мифте біраз 
ерекшіліктер де бар. Байаме аспанда тұрады, бірақ ол әлі 
құдай емес, тек аспан әміршісі. Яғни, аспан иесіне айналған 
ежелгі демиург. Ол адамдарды жерде жүрген кезінде жасайды, 
ал құдай аспанда жаратады. Байаме адамдарды топырақтан 
жасайды, бірақ оларға жан бітірмейді, ал құдай жанды өзі 
салады.
Тағы бір айтатын нәрсе – Байаме жасаған адамдар ет жеуге 
өздері көшеді, ал қазақ мифінде адамдарға шөп жеуге тыйым 
салатын да, ет жеуге рұқсат беретін де Құдай.
Бұл айтылғанның бәрі нені көрсетеді? Ең алдымен ол мынау: 
австралиялықтар мифінде де, қазақ мифінде де адамдар өз­
өзінен пайда болмайды, оларды басқа бір күш жасайды. Ол – 
Австралия мифінде аспан әміршісі Байаме, ал қазақ мифінде 
әлемнің әміршісі – Құдай. Екеуінің де арғы негізі – жасампаз 
қаһарман, демиург, ілкі­ата.
Жасампаз қаһарман жерді, тау­тасты, өзен­көлді, жан­жа­
нуарды – бәрін жасайды, оларға ат қояды. Адамдарды өмір 
сүруге, аң аулауға, от жағуға, балық ұстауға үйретеді. Міне, То 
Кабинана ағаштан балық жасап, суға жіберіп еді, балыққа жан 
бітіп, жүзіп кетті. Ал Тагаро қолдан теңіз жасайды.
Ол ол ма, жасампаз кейіпкер адамды да жасап, оған өмір 
береді. Мысалы, Гауа аралы тұрғындары мынандай миф айтады 
екен.


[
 
 31  
]
«Кват пен Марава Матан деген жерде тұрған екен. Ол Гарат 
деген таудың қасында екен, тауда жер астынан от шығып жа­
тады екен.
Бір күні олар қолдан адам жасауға ұйғарыпты. Кват ағаштан 
алдымен адамның қолдарын, аяқтарын, денесін, содан соң 
құлақтары мен көздерін жасапты да, соңынан бәрін бір­біріне 
қиыстырып қосыпты. Бұл іспен ол алты күн шұғылданыпты. 
Содан кейін ол жасаған адамдарын үш күнге тығып қойыпты, 
одан кейін үш күн бойы жан кіргізіпті. Осыдан кейін адамдарды 
тұрғызып қойып, олардың алдын да билеуге кірісіпті. Біраздан 
кейін адамдар қимылдай бастапты. Мұны көрген Кват бара­
банға ұра беріпті, сөйтсе, әлгі кісілер де жылдамырақ қозғала 
бастапты. Осылай бұл адамдар өз бетінше тік тұратын болыпты.
Содан соң ол адамдарды еркектер және әйелдер етіп екіге 
бөліпті де, әрбір еркекке бір әйелден беріпті. Сөйтіп, Кват үш 
еркек пен үш әйел жасапты...»
35
Бұл мифтен көретініміз – жасампаз қаһарманның аздап 
өзгере бастағаны. Ол енді бұрынғыдай тек өлі табиғатты 
жасап қоймайды. Оның бұл ролі келешектегі құдайларға 
жақын, адамды қолдан жасап, оларға жан бітіріп, өмір сүруді 
үйретеді. Тағы бір айтар нәрсе – адамдарды ағаштан алты 
күнде жасап бітуі (Кейін Құдай, Алла да алты күн істейді). 
Бірте­бірте жасампаз қаһарманның тұрағы да өзгереді, ол енді 
өз ағайындарынан оқшаулана бастайды.
Океаниядағы кейбір аралдар тұрғындарының мифтерінде 
жасампаз қаһарман аспанда тұрады. Оны ас пан тұрғыны дейді.
Бірақ ол әлі құдай емес. Құдай туралы түсінік Океанияның 
кейбір аралдарында бар, бірақ ол кейінгі христиандардың әсері 
болуы мүмкін. Мұны Туамоту аралдары тұрғындарының мына 
мифінен көруге болады.
«Танете – Ван­Оро, Су төгуші Тане, біздің әлемді жаратқанда, 
әлем Те­Ван­Пуне Арикидің суларында пай да болған. Пуне – 
судың әміршісі. Дүниеде ештеңе болмаған – құм да, тау да, 
мұхит та, аспан да. Тұңғиық толқыған суда қараңғылық қана 
бар болатын. Су төгуші Тане қараңғылық ішінде айғай салып:
– Жарық пайда болсын! – депті. Жарық пайда болыпты. 
Тане жарықтың жақсы екенін көріпті. Сонсоң жарықты Күн, 
ал қараңғылықты Түн деп атапты. Су төгуші Тане түпсіз 


[
  32  
]
қараңғылықта әлемді жаратуға кірісіпті. Аспан кеңістігі 
жара тылған кезде, төмендегі сулар да, толқындардың көбігі 
де – бәрі де өз мекендеріне орналасқан шақта қара құм, ақ құм, 
қы зыл құм, көшпелі құм, қатпарлы құм, тағы жабысқақ құм 
пайда болыпты. Сол уақытта таулар, қара шыңдар, ақ шыңдар, 
бас шыңдар, шыңдардың сынықтары жаралыпты.
Содан соң жерлер пайда болыпты. Жердің негізі жасалыпты, 
жердің жылжымалы бөлігі, жердің көрінетін бөлігі, жарылған 
жер, жердің суығы, жердің шеті, жердің табиғаты, жердің 
жазықтығы, жердің қаттылығы, жердің тірегі, жердің жылуы, 
жердің бөлшегі, жердің баяндығы, жердің даналығы – бәрі де 
пайда болыпты.
Тане  құдай әлемді жаратып болған соң, кеңістік Атсаны 
шақырыпты. Аспанды көтеріп тұру үшін. Сонымен Атса өзінің 
жүзін төменге, Таненің аспанына бұрыпты.
Ал келесі бір мифте былай делінеді:
«Хувеане аспан мен жерді жасап болған соң көкке көтеріліп 
кетіпті»
37
.
Осы типтес мифтерде аспанға көтеріліп кеткен кейіпкер­
лер – кейінгі замандарда жердегі адамдардан қашып кеткен 
жа сампаз қаһарман немесе құдай болып келеді. Сол кеткеннен 
олар аспанда тұрып қалады. Міне, бұл – кейінгі заман мифо­
логиясындағы көп құдайлар мен бір ғана құдайдың аспанда 
тұратындығының алғашқы сатысы. Демек, алғашқы кауым 
мифінің өзінде­ақ керемет кейіпкер жердегі адамдардан бөлек, 
аспанда тұруға тиісті деген ұғым пайда бола бастаған тәрізді.
Рух­иелік мифологияда дүниеде ең бірінші кезекте жасал­
ғаны нақты емес. Бірде ең алдымен адамдар десе, енді бірде аң 
мен құстар делінеді. Енді бірде ең әуелі жер бетіндегі заттар 
пайда болып, тірі нәрсенің бәрі содан шықты деп әңгімеленеді. 
Ал енді бірде алғаш рет жер, ас пан жаралды, жанды­жансыз 
нәрсенің бәрі содан пайда болған деп айтылады. Демек, 
әлемнің пайда болуы жүйелі емес. Бұл заңды, өйткені алғашқы 
қауымда ол мүмкін емес еді. Әлемнің жүйелі түрде пайда 
болғаны жайлы көпқұдайлық мифологияда тұңғыш рет сөз 
болады. Мұның себебі құлиеленуші мемлекеттер заманында 
мифологиялық және діни ойлаумен қатар ғылыми ойлау да 
қалыптасып, дамыған. Соның нәтижесінде адамдар дүниенің 


[
 
 33  
]
қалай пайда болғаны, өздері қайдан жаралғаны, жер беті 
қалай және қашан пайда болғаны туралы ойланып, толғанған. 
Олар бұл сауалдарға жауап беру жолында сол кездің ғылыми­
техникалық жетістігіне сүйенумен бірге ескі мифологияны 
пайдаланып, оны жүйелеген, жаңаша дамытқан.  Алғашқы 
қау ым адамында мұндай мүмкіндік жоқ еді. Оның әлемді 
«тануы» жүйелілікке негізделмеген болатын, сол себепті 
рух­иелік мифологияда дүниенің, адамның, аспанның, күллі 
космостың жаралуы түгелімен аралас болады. Сондықтан біз­
дің шартты түрде жүйелеп, жанды нәрселердің, жансыз зат­
тардың пайда болуын жекелеп қарастырған мифтерімізде 
аспан шырақтары мен адамдардың пайда болуы немесе жалпы 
табиғат пен адамның жаралуы қатар келеді, тіпті табиғаттың өзі 
адамнан жаралған болып көрсетіледі. Мұндай жағдай алогизм 
болып көрінбеуі тиіс. Мифологиялық сананың ерекшелігі де 
осында.
Ал енді біз әлемнің, аспан шырақтарының, Күн мен Айдың 
пайда болуын баяндайтын мифтерге көшеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет