Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет73/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   88
Тегінде адам басы сау бола ма? 
Бойында тексерілмес дау бола ма? 
Ері ашу айтса, әйелі басу айтып, 
Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?
Масғұттың бұл сөзінен гуманист Абайдың әйелге деген 
көзқарасы сезілетіні күмәнсіз. Мұнда әдеттегі әйелге қызы­
ғушылық немесе әйелді тұрмыс ауқымында ғана көрушілік 
жоқ. Керісінше, әйелді кең, әлеуметтік мәнде түсінушілік бар: 
сүйе білсең, адал болсаң – досың, жанашырың, әйел тек ұрғашы 
емес, ол – анаң, жарың, перзентің; әйелдің сүйіспеншілігіне ие 
болсаң, онда бүкіл адамзаттың ықыласына бөленесің, өйткені 
әйел қаһарлы ханды да, қараны да, қастангерді де иіте алады, 
арашаға түседі, әйел өзінің сүйіктісінің ақылшысы, оны 
ашудан, зұлымдықтан сақтандырады. Ал бұл қасиеттің бәрі 
әйелдің жүрегінде, көңілі мен сезімінде. Демек, әйел сүйсе, 
өміріңнің бағы жанады. Міне, Масғұттың сөзі арқылы ұлы 
ақын сол кездегі өте маңызды проблемалардың бірі – әйел 
мәселесіне өз қатысын білдірген, ол туралы өз ойларын айтқан.
«Масғұт» поэмасының екінші бөлігі Тургеневтің «Вос точ­
ная легендасында» жоқ. Шындығында, «Масғұттың» бұл 
бөлігі – жеке сюжет. Ол Шығыс халықтарының ертегісінде 


[
 
 267  
]
бар. Мәселен, бирма халқының «Жаңбыр суын елдің бәрі ішсе, 
әмір ші де ішеді» деген ертегісінің сюжеті мынадай:
«Ертеде бір елде, корольдің сарайында әуедегі жұлдыз 
бойынша алдағыны болжайтын бір данышпан болыпты. Бір 
күні аспандағы жұлдыздарға қарап, ол жеті күннен кейін бір 
сұмдық жауын болатынын біледі де, корольге келіп: «Жеті 
күн бойы жаңбыр жауады, оның суын ішкен адам ақылынан 
адасады», – дейді. Король сарайындағы ыдыстарға таза суды 
толтыртады. Жеті күн өткен соң жаңбыр басталады. Жеті 
күн жауады. Жаңбыр тоқтаған соң, король мен данышпан 
қалаға шықса, елдің бәрі тыр жалаңаш көшеде қыдырып 
жүр. Олар киімі бар бұл екеуін жынданған деп, қуады. Король 
мен данышпан қашып сарайға келеді де, ақылдасып алып
жауынның суын ішеді. Сөйтіп екеуі де жынды болады»
13
.
Бұл сюжетті Абай Масғұттың қызыл жемісті жегеннен 
кейінгі өмірін көрсету үшін пайдаланған, сондықтан да 
екі сюжетті ол жай ғана баяндай салмаған. Екі сюжет – 
Масғұттың өміріндегі екі оқиғаны әңгімелейді, бірақ екі оқи­
ға – өмірдің екі кезеңі, бірі – Масғұттың жастық шағы, екінші­
сі – Масғұттың Арун Рашидке уәзір болып, «Шәмсі­жиһан», 
яғни «бұл дүниенің күні» атанған кезі. Түптеп келгенде
поэмада бір адамның өмір жолы көрсетіледі, ал мұндай ғұ­
мыр 
намалық (биографиялық) циклизация фольклорға, әсі­
ресе халық эпосына тән екені белгілі. Олай болса, Абай өз 
тұсындағы эпикалық дәстүрдің халыққа түсінікті екенін 
ескеріп, екі ертегілік сюжетті бір кейіпкердің жас кезі мен 
егде тартқан шағын, басқаша айтқанда, Масғұттың өмірін 
қысқа және көркем түрде суреттеуге тырысқан. Соның 
нәтижесінде екі сюжет бір­біріне кірігіп кеткен, бір­бірінің 
логикалық жалғасына айналған. Сол себепті ежелгі ертегілік 
сюжетке өзгеріс енгізілген. Біріншіден, Абайдың шығарма­
сында кейіпкерлер – шығыс фольклорында кең тараған Арун 
Рашид пен оның уәзірі, екіншіден, Масғұтқа сұмдық жаңбыр 
туралы Қыдыр аян береді. Масғұт ертектегідей даныш 
пан 
емес, ол алдағыны болжай алмайды, ылғи Қыдырдың көмегіне 
сүйенеді.
Осы орайда айтатын нәрсе – Абай Масғұтқа риза емес. 
Ол қолында бар зор мүмкіндікті дұрыс пайдалана білмейді
еш нәрсенің парқына бармайды, ақылға салмай, өмірдің 


[
  268  
]
ағымымен жүре береді. Тіпті өз бетімен ештеңе істемейді: 
біресе Қыдырдың айтуымен жүреді, біресе халифтің айтқанын 
істейді, біресе көптің ырқына көнеді. Абай мұндайға қарсы. 
Сол үшін де ол поэмасын «Ғапіл боп, көп нәрседен құр қа­
ласың, андамай көп сөзімен жүріп кетсең» деген оймен 
аяқтайды. Ұлы ақынның бұл сөзі қоғамдағы, өмірдегі жеке 
адам, әсіресе елді басқарушылардың рөлі қандай болу керек 
деген мәселемен байланысып жатыр. «Көп шуылдақ не табар, 
билемесе бір кемел» деген пікір осы идеяға саяды. Сондықтан 
да ұлы Абай Шығыс ертегісіндегі «Елдің бәрі жауын суын 
ішсе, оны әміршіге де ішуге тура келеді» деген тұжырымды 
қабылдамайды. Ол осылай істеген Арун Рашид халифті, оның 
уәзірі Масғұтты шенейтін сөздер айтады. Себебі Абайдың 
концепциясы бойынша: «Үш­ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық 
қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Алайда, бұл қасиеттер 
халиф пең оның уәзірінде жоқ.
Абай Құнанбаев өзінің үшінші поэмасын да шығыс фольк­
лорының негізінде жазған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет