-Автордың сөз қолданысына талдау жасайды. -Композициялық талдау жасайды. -Кейіпкерлер әрекетіне баға береді
Ойлау дағдыларының деңгейі:
жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты:
15-20 минут
Тапсырма 1. Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңі, Бейімбет Майлиннің «Кемпірдің ертегісі» поэмасындағы автордың сөз қолданудағы көркемдегіш құралдарын анықтап, өзіндік баға беріңіз.
2. Асқар Тоқмағанбетовтың «Алыптар туралы аңыз» шығармасына композициялық талдау жасап, кейіпкерлердің әрекеті мен шығарманың өзекті ойының қатысына өз ойыңызды жазыңыз.