Асанов камашке даулетқАНҰлы айтыс өнерінің публицистикалық сипаты Электронды оқулық


ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТҰСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР



Pdf көрінісі
бет2/26
Дата27.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#70231
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
3 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТҰСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР
АЙТЫСЫ .............................................................................................................. 150 
3.1 Қазіргі айтыстың қоғамдық маңызы мен әлеуметтік мәні.................. 150 
3.2 Қазіргі айтыс және ұлттық идеология………..…....……………........ 175 
3.3 Қоғамдық ой қалыптастырудағы айтыс өнерінің ықпалы.....……..... 188 
3.4 Қазіргі айтыстағы тақырып ауқымдылығы және оның
өзектілігі…............................................................................................................. 199 
 
4 АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ РУХАНИ ҚАЖЕТТІЛІГІ ҺӘМ ӨМІРШЕҢДІК 
МҰРАТТАРЫ .......................................................................................................229 
4.1 Тіл мәдениетін қалыптастырудағы айтыс өнерінің ықпалы............... 229 
4.2 Айтыс өнері жайлы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ой-
пікірлердің өзектілігі............................................................................................ 246 
 
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................... 261 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................... 272 



КІРІСПЕ 
 
XXI ғасырдың алғашқы он жылдығы әлем өркениетінде өзінің күрделі 
тарихи пайымдауларымен, руханият саласындағы соны өзгеріс, тың 
идеялармен 
ерекшеленіп 
отырғаны 
белгілі. 
Ғасырлар 
тоғысындағы 
жаһандастыру идеясы адамзат тарихының өткені мен бүгініне, һәм келешегіне 
зерделі, терең ой жүгіртуге жетелейді. Тарихтың небір «тар жол, тайғақ 
кешуін» бастан өткерген қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған азаттыққа
XX ғасырдың соңын ала қол жеткізді. Салт-дәстүрі, тілі мен діні, әдебиеті мен 
мәдениеті ұлттық сипатынан ажыраудың сәл-ақ алдында тұрған халыққа 
жаһандастыру идеясы мезгілсіз қауіп төндірген топан су сияқты еді. Саяси 
дербестікке қол жеткізген жас мемлекет үшін елдің экономикалық ахуалын 
қалыптастырумен қатар, рухани-мәдени саланы да ілгерілету маңызды
міндеттердің бірі болды.
Әр халықтың ұлттық сипатын айқындайтын ең басты ерекшелігі – ол сол 
елдің тілі болып табылады. Қазақ халқының да рухани қуатының қайнар көзі – 
өзінің ана тілі болатын. Ұлт руханиятының айнасы әдебиет, өнер, мәдениет 
сияқты іргелі салалардың да бүгіні мен болашағы ана тілінің тағдырымен 
тікелей байланыста қарастырылатыны сондықтан. Сөз өнерінің асыл қазына 
екендігі жайлы А. Байтұрсынов былай деп жазған еді: «Ауыз шығарған сөз 
болсын, жазып шығарған сөз болсын – бәрі шығарма болады. Шығарманың 
түрлері толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда, арабша - әдебиет,
қазақша – асыл сөз дейміз» [1, 142 б.]. 
Саяси жағдайы тұрақталып, экономикасы қалыпты деңгейге көтеріле 
бастаған Қазақстан мемлекеті халықтың рухани қанаттануына барынша қолдау 
көрсетіп отырды. 
2003 жылдың 4 сәуірінде елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған 
дәстүрлі жолдауы негізінде «Мәдени мұра» бағдарламасы өмірге келді.
Бағдарламада тарихи-мәдени дәстүрлерді жаңғырта отырып, халқымыздың 
сан ғасырлық рухани мұрасын насихаттау, сондай-ақ ұлттық мәдениет, 
фольклор, салт-дәстүр, жазба және ауыз әдебиетінің бай мұрасын жинақтау 
сияқты іргелі шаралар көрсетілді. Сондай рухани асыл мұраларымыздың бірі –
айтыс өнері. Ақындар айтысы өнер түрінде қазақ халқының тарихымен бірге 
жасасып, біте қайнасып келе жатқан рухани құндылық. Айтыс жырларында 
халқымыздың ғасырлар бойғы қуанышы мен шаттығы, қайғысы мен мұңы, 
әлеуметтік болмысы, дәстүр-салт, әдет-ғұрып, ой-армандары – барлығы да 
бедер тауып, суреттелген. Сондықтан да айтыс өнері – қоғамдық маңызы зор, 
әлеуметтік мәні терең, ақпараттық танымдылығы мол шығармашылық мұра. 
Осы уақытқа дейін ақындар айтысының халықтық, қоғамдық-әлеуметтік мәні 
бар өнер екендігі туралы қадау, қадау пікір айтылғанымен, түбегейлі нақты 
бағасы берілген жоқ. Көп жағдайда айтыс көңіл көтеретін думан, көпшілік 
қызықтайтын өнер түрінде бағаланып келді. Тіпті, қазіргі Тәуелсіз Қазақстан 
тұсындағы ақындар айтысының өзін мерекелік шара, даталық думан, шоу 
түрінде қарау әдеті орын алып отыр. Егер осындай көзқарас, пайымдаулар 
жалғаса беретін болса, Қазақcтаннан басқа көп халықтың маңдайына бітпеген



өрелі өнеріміздің құнын түсіріп алуымыз әбден кәдік. Зерттеу жұмысының 
жалпы сипаттамасы осындай көкейкесті мәселелердің мәніне ғылыми тұрғыдан 
жауап іздеу тұрғысында айқындалады.
Халық шығармашылығының үлкен бір арнасы қазақтың бай ауыз әдебиеті 
болса, айтыс өнері сол саладағы ең маңызды рухани мұра. Қазір тарихымыз бен 
әдебиетімізді тәуелсіз ел тұрғысында қайта таразылап, түрлі қоғамдық 
идеология сызаттарынан арылтып, өзінің ұлттық, шынайы болмысына қайта 
оралуына ден қойып жатқан уақыт. Жоғарыда көтерілген «Мәдени мұра» 
бағдарламасы да осындай мүдде тұрғысында өмірге келген болатын. Елбасы 
Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде қазақтың суырыпсалмалық 
өнеріне мынадай маңызды пікірлер келтіреді: «Тіпті, қазақ даласы 
топонимикасының өзі де тұнып тұрған поэзия, тарихи драма мен өткір сықақ, 
әжуа. Қазақ сөзінің суырыпсалма жыр шығаруға деген сан ғасырлық тамаша 
дәстүрі де біздің халқымыздың толып жатқан тамаша қасиеттері туралы, оның 
жан дүниесінің тереңдігі мен кемеңгерлігі туралы мол мағлұмат бере алады» 
[2,124 б]. 
Айтыстың ақпараттылығы, деректілігі һәм мол мағлұмат көзі екендігін 
дәлелдейтін мұндай пікірлер қазақ ғалымдары мен ұлт зиялыларының 
еңбектерінде жиі кездеседі. Қазақ халқының бүгінгі геосаяси кеңістігінде біздің 
ата-бабаларымыз ғасырлар бойы көшпенді өмір салтында ғұмыр кешіп, ұлы 
дала мәдениетінің ғажайып үлгілерін қалыптастырған. Қазіргі ғылыми ортада 
көшпенділер өркениеті деп аталатын халықтың сол рухани құндылықтарын 
қайта жаңғыртып, жандандыру бүгінгі ұрпақ парызы.
Осы орайда, айтыс өнері сияқты рухани мұрамызға тәуелсіз ел 
көзқарасында баға беріп, оның қоғамдық-әлеуметтік рөлін айқындау толғағы 
жеткен мәселе болып отыр. Халық арасынан шыққан айтыс ақыны, ең алдымен 
сол ортаның әлеуметтік, қоғамдық ахуалына барынша қанық, әрі ұлт тілінің 
уызын бойына толық сіңірген ділмар, шешен болуы шарт. Елдің аңсар-мұратын 
насихаттаушы, әрі қоғамдық пікір қалыптастырушы айтыс ақындары әр кезде 
өзі өмір сүрген ортаға ықпалды болған. Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып жеткен 
ақын жырлары, әр дәуірдің, қоғамның болмыс бедерін бүгінгі күнге жеткізіп 
отыр. Бұл тұрғыдан алғанда сөз (тіл) өнерінің өшпес, өміршең мұраттарын тағы 
да баса айтқымыз келеді. Себебі ақындарын «от ауызды, орақ тілді» деп 
мадақтаған халқымыз олардың қиыннан қиыстырып айтатын шешендіктерін, 
айтқыштықтарын қашанда алдыңғы орынға қойып отырған. 
Белгілі түркітанушы, ақын Олжас Сүлейменов өзінің «Язык письма» атты 
еңбегінде тіл туралы мынадай пікір айтады: «Тілдер – бұл жылнамалар 
үзінділерінде сақталған тарихи мәліметтердің қоймасы, тілдер – бұл 
өртенбейтін, жанбайтын, шайылмайтын, идеология ықпалына берілмейтін 
мұрағат. Ата-бабалардың сансыз ұрпақ алмасуларынан бізге қалған басты 
зияткерлік мұра» [3, 204 б.]. 
Зерттеуде айтыс өнерінің ақпараттық сипатын тіл (сөз) өнері төркінінен 
тарқатудың бір сыры да осындай пікірлер өзегінен туындайды. Адамдар бір-
бірімен тілдесу (сөйлесу) арқылы ақпарат, хабар, мәлімет алмасады. Бұл – сөз 
өнерінің ең басты қасиеті. Ал ақындар айтысындағы амандасудан бастап, елдік 



мәселелерге дейінгі аралықта қаншама ақпарат-мағлұмат айтылады. Қазақ 
фольклорының асыл жәдігерлерінің бірі – айтыс өнері екендігін ескерсек, 
ғасырлар қойнауындағы халықтың тарихи болмысын, әлеуметтік-тұрмыстық
сипаттарын, өмірлік таным-түйсіктерін, дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын, әдебиеті 
мен мәдениетінің бірден-бір насихатшысы айтыс жырлары, аңыз-әфсаналар, 
тарихи жыр-дастандар, шешендік сөздер болғандығы талас тудырмайтын 
шындық. Халық шығармашылығының әлеуметтік мәнін аша отырып, қазақ 
руханиятындағы алар орны мен қоғамдық маңызын көрсету арқылы, айтыс 
жырларының публицистикалық қырын айқындау болып табылады.
Зерттеу нысаны көне түркі дәуіріндегі сөз жәдігерлері, айтыстың алғашқы 
нұсқалары, жыраулар поэзиясы мен би-шешендік мұралар, сондай-ақ XIX–XX 
ғасырлардағы халық ақындары шығармашылығы мен Тәуелсіз Қазақстан 
тұсындағы айтыс жырларының зерттеу өзектілігіне қажетті тұстары іріктеліп, 
қарастырылды.
Ауыз әдебиетіндегі айтыс үлгілірі жайлы алғашқы пікірлерді XIX ғасырда 
өмір 
сүрген 
ағартушы-ғалымдар 
жазбасынан 
кездестіруге 
болады. 
Ш.Уәлихановтың «Таңдамалы» шығармалар жинағында (Алматы:Жазушы, 
1985) айтыс жайындағы пікірі аталмыш өнердің табиғаты мен ұлттық 
ерекшелігін баяндаса, В.В. Радлов «Образцы народной литературы тюркских 
племен, живущих в Южной Сибирии Джунгарской степи» (Часть 3, СПб., 1870) 
атты еңбегінде қазақтардың шебер де шешен сөйлейтіндігін, ауызекі сөзінің өзі 
өлең болып төгіліп тұратын айтқыштық қабілетіне назар аудартады. Сондай-ақ 
Ә.Диваевқа арналған «Тарту» жинағы (Ташкент: Түркістан республикасы. 
Баспасөз мехкамасы.1924) М.Ж. Көпейұлы «Қазақ фольклоры: ауыз әдебиеті 
үлгілері» (Алматы: «Алаш» баспасы. 2006 ж. 3 том), А. Янушкевич 
«Күнделіктер мен хаттар» (Алматы: Жалын, 1979) жинақтарында кездесетін 
айтыс өнеріне қатысты ой-пікірлер халық шығармашылығын әр қырынан 
танып, біле түсуге мол мүмкіндіктер туғызады.
XX ғасырдың алғашқы жартысында Айтыс өнерінің әлеуметтік мәнін 
ашып көрсеткен қадау-қадау пікірлер А. Байтұрсынов «Шығармалары» 
(Алматы:Жазушы, 1989), Х.Досмұхамедұлы «Аламан» (Алматы:Ана тілі, 1991) 
еңбектерінен бастау ала отырып, М. Әуезов «Айтыс өлеңдері» («Айтыс» 2-том. 
Алматы.«Жазушы», 1965 ж.), «Совет ақындарының айтысы» («Айтыс» 3-том. 
Алматы: «Жазушы», 1966 ж.), С. Мұқанов «Айтыстар туралы» («Айтыс» 1-том. 
Алматы: «Жазушы», 1965 ж.) «Айтыстар» (Алматы: «Жазушы», 2005 ж.) 
ғылыми мақалаларында жүйелі түрде жазылады.
Бұл зерттеулердің барлығы айтыстың өміршең екендігін, күнделікті өмірге 
тікелей қатысы бар жанр ретінде, халық мүддесінің насихаттаушысы әрі оның 
жоқтаушысы ретінде танылатындығын тілге тиек етеді.
Айтыс өнері туралы XX ғасырдың алғашқы кезеңдерінде айтылған осы 
мәндес пікірлер кеңестік дәуір тұсында да үзбей жалғасып, ғалымдардың келелі 
пікір, ғылыми пайымдауларына арқау болды.
Ауыз әдебиетінің арналы саласы ретінде Айтыс өнері қашанда әдебиетші 
ғалымдар назарын аударып отырды. Айтыстың жанрлық, мазмұндық, 



көркемдік, тілдік, синкреттік қырларын ашып көрсетуде зерттеушілеріміз аз 
жұмыс жасаған жоқ. 
Жоғарыда келтірілген алыптар тобы қатарында С. Сейфуллин,
І. Жансүгіров, Ғ. Мүсіреповтердің ақындар айтысы туралы айтқан келелі 
пікірлері де аталмыш жанр табиғатын жан-жақты аша түседі. Айтыс 
тақырыбына қатысты зерттеудің ғылыми өрісі Ә. Қоңыратбаев, М. Ғабдуллин, 
Б. Кенжебаев, М. Қаратаев, Қ. Жұмалиев, С. Қирабаев, Р. Бердібаев,
Ш. Елеукенов, С. Қасқабасов, С. Садырбаев, К. Сейдеханов, Е. Тұрсынов,
Н. Төреқұлов, А. Сейдімбеков, Қ. Сыдиқов, Х. Сүйіншәлиев, Б. Әбілқасымов, 
М.Жармұхамедұлы сияқты ғалымдар еңбегінде жалғасын тауып отырды [4].
Осы еңбектердің ішіндегі атап айтарлығы ұзақ жылғы пайымдаулар мен 
ғылыми талдаулардың, пікірлердің қорытындысы іспеттес 2001 жылы жарық 
көрген М. Жармұқамедұлының «Айтыс өлеңдерінің арғы тегі мен дамуы» атты 
монографиясы болды. М. Жармұқамедұлының бұл зерттеуін айтыс өнері 
тақырыбындағы тұңғыш кешенді зерттеу деп бағалауға болады.
Айтысты синкреттік жанр ретінде таныған ғалымдарымыз аталмыш 
өнердің табиғатын әр қырынан ашып көрсетуде нәтижелі еңбектерге қол 
жеткізді. Сондай-ақ айтыстың пайда болу, даму, қалыптасу кезеңдерін 
қарастыру барысында аталмыш өнердің өміршеңдік мұраттары жан-жақты 
сарапталды.
Әдебиетші ғалымдардың айтыс өнері туралы осындай іргелі зерттеулері 
Тәуелсіз Қазақстан тұсында, одан әрі жанданып, түрлі ой-пікір дискуссиялар 
нөпіріне ұласты. Айтыс туралы проблемалық мақалалар мен ғылыми 
пайымдаулардың БАҚ-ында жиі жарияланып, қызу талқыға түсуінің де өзіндік 
себептері бар еді. Ең алдымен 1984 жылдан басталған теледидарлық айтыстың 
аудиториясы Республика аумағын тұтастай қамтуы болды. Кеңес дәуірі 
тұсындағы айтыстарда дәл мұндай техникалық мүмкіншіліктер болмады, болса 
да шектеулі болатын. Айтыстың бұқаралық сипат алып, миллиондаған 
көрерменнің көзайымына айналуы, аталмыш өнерге деген халақ ықыласын 
тудыруымен қатар, оның жетістігі мен кемшілігін де сарапқа салып отыруына 
қолайлы жағдайлар жасады. Баспасөзде, теледидарда, радиода жазылып, 
айтылып жатқан проблемалық мақала, хабарлар айтыс өнерін әр қырынан 
танып білуге мол мүмкіндіктер туғызды. БАҚ-ындағы ой-пікірлердің дені 
айтыс өнерінің бүгінгі ахуалын сын тезіне алса, кейбіреулері оның (айтыстың) 
жеткен жетістіктері мен қоғамдық маңызын ашып көрсетуге тырысты. Қалай 
дегенмен де тәуелсіздік жылдарындағы айтыс өнері төңірегіндегі қарама-
қайшы пікірлер нәтижесіз болмады.
2003 жылдың 19 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университетінде «Қазіргі айтыс: дәстүрлі келешегі. Көкейкесті мәселелер» атты 
халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияда 
қазіргі айтыстың дәстүрі, келешегі һәм көкейкесті мәселелері қарастырылды. 
Осы 
конференциядағы 
ғылыми 
баяндамалар 
негізінде 
«Көкейкесті 
әдебиеттану» сериясы бойынша «Қазіргі айтыс: дәстүрі, келешегі» (Астана 
Күлтегін.2003) атты ғылыми жинақ жарық көрді. Кітаптағы «Айтыстағы 
диалог» (әдіснамалық пайымдаулар) Ж. Жақыпов, «Жұмбақ айтыстарының 



көркемдігі» Ш. Керім, «Қазіргі айтыс: тарихы мен проблемалары» С. Қирабаев, 
«Айтыстың драмалық сипаты» Р. Нұрғали, «Айтыстағы зарзаман шындығы»
Б. Омарұлы, «Айтыстың жанрлық жүйесі» Б. Рақымов, «Айтыс тілінің 
синтаксисі» М. Серғалиев, «Айтыстың жанрлық метаморфозасы» А. Шәріп, 
«Қазіргі айтыстың көркемдік ерекшелігі» Ж. Аймұхамбетова, «Қазіргі 
айтыстың тілдік ерекшеліктері» Ж. Асылбекова мақалалары айтыс 
жырларының әр қырын ғылыми тұрғыдан сипаттаған өзекті пайымдаулар 
қатарына жатады. 
Іргелі ғылыми зерттеулерден бастап, күнделікті проблемалық мақалаларды 
зерделей отырып, айтыс жырлары өзінің шығармашылық ұзақ тарихында көп 
жағдайда қоғамдық ойды насихаттаушы, ақпарат таратушы болғандығын, яғни 
публицистикалық жанрдың міндетін атқарып келгендігіне көз жеткіземіз. 
Аталмыш зерттеудің міндеті де айтыстың осы сипатын ғылыми түрде айқындап 
беру әрекетінен туындайды. 
Зерттеу барысында айтыс өнерінің қалыптасуы мен даму кезеңдеріндегі 
әлеуметтік мәні мен қоғамдық маңызы ашыла отырып, ақпаратты-танымдылық, 
насихатшы-үгітшілдік, деректі-мағлұматтық сипаттары айқындалады: 
- айтыс жырларының мазмұндық ерекшелігі уақыт пен қоғам арақатынасы 
негізінде талдана отырып, оның әлеуметтік мәнінің өміршеңдік мұраттары 
нақты мысалдар арқылы көрініс табады;
- айтыс табиғатына тән насихатшылдық, үгітшілдік сипаттар аталмыш 
өнердің идеологиялық қуатын айқындап, оның мемлекет, қоғам үшін аса 
маңызды шығармашылық фактор екендігін танытады;
- айтыс жырларының ақпараттылығы мен деректілігі қазақ қоғамында 
азаматтық журналистика функцияларын орындай алатындығына дәлел бола 
алады; 
- адамзат руханиятының асыл қазынасы тіл (сөз) арқылы қалыптасып 
дамитындығы һәм халықтың өмір сүру заңдылықтарының барлық түрі тіл (сөз) 
арқылы жүзеге асырылып отыратын заңдылығы айтыс тілінің де шежірелік, 
жылнамалық сипатын танытады; 
- айтыс жырларының деректілігі қазақ халқының тарихи тұрпатын және 
саяси-экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын тануға мол мүмкіндік 
беретіндігі нақты мысалдар арқылы көрініс табады;
- XІX ғасырдағы айтыс жырларының рулық-тайпалық ерекшелігі тұңғыш 
рет ұлт тұтастығы тұрғысында қарастырылып, айтыс өнерінің тарихи 
құндылығы айқындалады; 
- айтыс 
жырлары қазіргі ұлттық журналистика ерекшеліктерімен 
салыстырыла отырып, қоғамдық проблема көтерудегі ақын шеберліктерінің 
өзіндік қырлары сарапталады; 
- жыраулық, шешендік үлгілердің айтыс өнеріндегі көрінісі ұлттық тіл 
ажарын айшықтаудағы дәстүр сабақтастығы ретінде қарастырылып, оның сөз 
мәдениетін қалыптастырудағы әсер-ықпалы байыпталады; 
- ақындар айтысындағы демократиялық ұстаным принциптерінің шынайы 
көріністері нақты мысалдар арқылы баяндалып, аталмыш сипаттың өміршеңдігі 
айтыс өнерінің тарихымен біртұтас қарастырылады;



- айтыс жырларының публицистикалық қырлары ретінде деректілікпен 
қатар мазмұндық, пішіндік, тілдік ерекшеліктері де теориялық һәм тәжірибелік 
негізде талданып тұжырымдалады; 
- қазіргі 
айтыстың 
әлеуметтік 
мәні 
ашыла 
отырып, 
тақырып 
ауқымдылығының кеңдігі ұлттық деңгейден әлемдік өркениет кеңістігіне 
көтерілгендігі нақты мысалдар арқылы көрсетіледі;
- айтыстағы Отанды, елді, жерді сүю қасиеттері патриотизм көрінісінің 
айқын 
нышаны 
екендігі, 
айтыс 
тарихындағы 
дәстүрлі 
үрдіспен 
сабақтастырылып қарастырылады; 
- қоғамдық пікір қалыптастырудағы ақындар айтысының ықпалы 
айқындалып, мемлекеттік мүдде үшін аса маңызды шығармашылық өнер 
екендігіне меңзеу жасалынады; 
- айтыс өнері қоғаммен бірге жасасып, бірге өсіп, дамып келе жатқан 
халықтың төл өнері екендігі һәм болашақта да ұлт мүддесінің қамқоршысы, 
насихатшысы бола беретіндігіне ғылыми пайымдаулар жасалынып, сол арқылы 
өнердің өміршеңдік мұраттары айқындалады. 
Зерттеудің хронологиялық мерзімінің негізгі бөлігі айтыс өнерінің 
қалыптасып, өркендеу кезеңі болып табылатын XІX–XX ғғ. мен XXІ ғасырдың 
алғашқы онжылдығы шамасын қамтиды. Сөз өнерінің ақпараттық сипатын 
таныту мақсатында көне түркі дәуірі (VI-XV ғғ.) мен қазақ хандығы (XV–XVІІІ 
ғғ.) кезеңдеріндегі ақын-жыраулар шығармашылығына қажетіне қарай шолу 
жасалынады. Осы уақыт бедеріндегі халық шығармашылығының, оның ішінде, 
қайымдасу тәсілдерінің ақпараттық, деректілік сипаттары айқындалады. XІX, 
XX ғасырлар һәм XXІ ғасырдың алғашқы онжылдығы кезеңіндегі ақындар 
айтысының әлеуметтік, қоғамдық маңызы жан-жақты талданып, халық 
шығармашылығының публицистикалық қырлары уақыт пен қоғам кеңістігі 
негізінде сараланып, тұжырымдалады. 
Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты айтыс өнерінің қалыптасу, даму 
барысындағы 
әлеуметтік-қоғамдық 
мәнінің 
артуы 
мен 
ақпараттық, 
насихатшылдық рөлінің айқындалып, бұқаралық сипат алуын жан-жақты ашып, 
ғылыми тұрғыда саралау болып табылады. Осы мақсаттар негізінде 
диссертацияға төмендегідей міндеттер қойылады:
- адамзат рухани құндылықтарының қайнары – сөз өнерінен бастау 
алатындығын пайымдай отырып, ұлттық әдебиетіміздің негізі халық 
шығармашылығының бағзылық үлгілерінен тамыр алып жететіндігін көне 
жазба жәдігерлерді саралай отырып қарастыру; 
- айтыс 
өнерінің көне түрі қайымдасу тәсілдерінің ақпараттық, 
мағлұматтық сипаттарын көрсету арқылы, халық шығармашылығының 
қоғамдық-әлеуметтік мәнін ашып көрсету; 
- ақын-жыраулар шығармашылығындағы елдік, халықтық мәселелердің 
патриоттық асқақ мұраттарын айқындай отырып, осы үрдістің айтыс 
жырларына тигізген әсер-ықпалын байыптау; 
- XІX ғасырдағы ақындар айтысын тәуелсіз ел тұрғысында қайта қарап, 
оның мақсат-мұраттарын ұлт тұтастығы сипатында жаңаша бағамдау; 



- кеңес дәуіріндегі ақындар айтысының (1920-1945 жж.) мазмұндық, 
идеологиялық мәнін аша отырып, оның насихатшылдық, үгітшілдік қырларын 
көрсету; 
- XX ғасырдың 46-86 жылдарындағы ақындар айтысының тақырыптық, 
мазмұндық ерекшеліктерін саралай отырып, ұлт руханиятына тигізген қоғам 
идеологиясының зардаптарын анықтау. Әрі сол арқылы айтыстың дәуір 
дидарын боямасыз жеткізетін шынайы ақпарат көзі екендігін дәлелдеу; 
- 1985-1991 жылдар аралығында өткізілген жыр сайыстарындағы жаңару, 
жаңғыру үрдістерін айқындай отырып, тарихымыздағы демократиялық 
ұстанымдардың сабақтастығын көрсету; 
- тәуелсіз Қазақстан тұсындағы ақындар айтысының қоғамдық маңызы мен 
әлеуметтік мәнін ашып, қоғамдық ой қалыптастырудағы аталмыш өнердің 
ықпалы мен ұлттық идеология мұраттарын насхаттаушысы ретіндегі 
белсенділігін таныту; 
- қазіргі айтыстың тақырып ауқымдылығы һәм өзектілігін саралау арқылы 
төл өнердің ұлттық ұғымнан адамзаттық асқақ мұраттарға дейін жырлауын 
нақты мысалдар арқылы дәйектеу. 
Зерттеу нәтижесін қорытындылай келе мынадай тұжырымдамалар 
ұсынылады: 
- әр халықтың әдебиеті мен өнерінде тек сол ұлттың дүниетаным 
көзқарасы мен өмір сүру қағидаларына тән ерекшелігінің болуы заңдылық. 
Әлем әдебиетіне ортақ рухани құндылықтың қайнар көзі – сөз өнері екендігін 
ескерсек, қазақтың айтыс өнерінің элементі басқа халықтарда да кездесуі 
ықтимал. Бірақ, дәл қазақтың айтысын барлық болмыс бітімімен ешқандай 
халықтың қайталай алмасы анық. Бүгінде әлем халықтарының әдебиеті мен 
терезесі тең қазақ әдебиетінің де пайда болу, қалыптасу, даму кезеңдері 
болғаны мәлім. Ұлттық әдебиеттің бастау бұлағы фольклордан, яғни ауыз 
әдебиетінен нәр алатындығы ақиқат. Ендеше халық шығармашылығының үлкен 
саласы айтыс жырларын әр қырынан түбегейлі танып, зерттеу ұлт руханияты 
үшін маңызды міндет. 
Осы уақытқа дейін айтыс өнерінің арғы тегі, дамуы, жанрлық 
ерекшеліктері, тілі, тақырыбы, әлеуметтік мәні сияқты көптеген қырлары 
ғылыми зерттеулерге нысан болып келсе, аталмыш еңбек айтыс жырларының 
публицистикалық сипатын аша отырып, қоғамдық мәні зор шығармашылық 
сала екендігін айқындайды; 
- халықтың тарихын, мәдениеті мен дәстүрін, өмір сүру заңдылықтары мен 
дүниелік көзқарас, пайымын зерделеуде қайымдасу үлгілерінің бағзылық 
түрлерінен бастап, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан кезеңіне дейінгі аралықтағы 
айтыс жырларының ақпарат, мәлімет беруші рухани қазына екендігі ғылыми 
тұрғыда тұжырымдалады;
- айтыс жырларының ақпараттылығын дерек пен дәйек көздері негізінде 
бағалау жеткіліксіз. Сондықтан да айтыста көтерілген проблемалық ойлардың 
өзегі өмір шындығынан алына отырып, ақынның лирикалық толғанысы, тілдік 
шеберлігі, өзіндік пайымдаулары тұрғысында әрленіп, халық зердесіне 


10 
ұсынылады. Айтыс жырларының басты ерекшелігі де осындай қасиеттерінен 
туындай отырып, өзінің көркем публицистикалық табиғатын танытады. 
- ақындар айтысында жыраулық поэзия сарыны мен шешендік сөз 
элементтерінің сақталуы, өнердегі дәстүр сабақтастығын танытуымен қатар, 
оның уақытқа, қоғамға бейімділігін, өміршеңдік мұраттарын да көрсетеді. 
Қазіргі айтыстағы жыраулық толғамдар мен шешендік тапқырлық сипаттары 
соның айқын дәлелі. Айтыс – жыраулық, шешендік қасиеттерді бойына 
топтастырған синкретті өнер; 
- ұлттық иделогияны қалыптастыруда һәм насихаттауда айтыс өнеріндей 
оңтайлы шығармашылық сала аса көп емес. Біріншіден, айтыс таза ұлттық 
мүдденің насихатшысы. Халықтың қалыптасу, даму тарихында қазақтың мінез-
құлқын, ұлт менталитетінің барлық ұңғыл-шұңғылын, дүниелік таным-түйсігін 
бойына сіңіріп, бірге жасасып, тамырлас болып келе жатқан өнер түрі. 
Сондықтан да қандай дәуір, қандай қоғам болмасын, айтыс өнері ұлт 
руханиятының асыл кеніші болып қала береді; 
- айтыс ұлт әдебиеті мен өнерінің рухани тұтастығын көрсетеді. Өнер мен 
әдебиеттің һәм журналистиканың үш таған бірлігін қалыптастырып, қоғамда 
айрықша бұқаралық сипатқа ие болп отырған руханият көзі. Осы элементтер 
ақындар айтысының XXІ ғасырда өзіндік дербес ресми мәртебесін 
айқындауына мүмкіншіліктер береді; 
- кеңес 
дәуіріндегі 
айтыс 
жырларын 
зерделеу 
арқылы, 
ұлт 
шығармашылығының қандай түрі болмасын, мазмұндық, идеологиялық 
ұстанымына қарай мансұқтау тенденциясына бұдан былай тоқтам салу 
қажеттілігі айтылады. Тарихтағы жеке топтар мүддесі, түрлі төңкерістер 
нәтижесі ұлт әдебиеті мен өнер иелерінің шығармашылығына ықпал етіп 
отыруы заңдылық. Бұл жалғыз қазақ ұлтына ғана емес, әлем халықтарының 
барлығына тән үрдіс. Сондықтан да кеңес дәуіріндегі халық шығармашылығы 
тарихты таразылау, болашақты бағамдау тұрғысында өзінің ақпараттық, 
мағлұматтық сипатымен қажетіне қарай кәдеге жарай беретіндігі ескертіледі; 
- айтыстағы дәстүр мен жаңашылдық көріністері арқылы шығармашылық 
өнердің қалыптасу, даму кезеңдеріндегі саяси-әлеуметтік жағдайлардың 
болмысы ашылып, уақыт пен қоғамның халық мұрасына тигізген әсер-ықпалы 
сараланады. Сол арқылы рухани құндылықтың өсіп, дами бермейтіндігі, 
күйзеліс пен тоқырау жағдайларын бастан өткеретіндігі бағамдалады. Мұның 
өзі адамзат ақыл-ойының азаттығы, еркіндігі сияқты ұғымдар аясында 
ашылады. Айтыстың жаңару, жаңғыру үрдістері тікелей азаттық идеяларымен 
сабақтасып жататындығы зерделеніледі. Бұл құбылыс айтыс өнерінің болашағы 
зор екендігін айғақтайтын негізгі фактор ретінде қарастырылады;
- қазіргі айтыстағы тақырып ауқымдылығы, ақындардың білімі мен 
біліктілігін танытуымен қатар, ұлттық тарихымызды таразылауға, соны бүгінгі 
ұрпаққа әсерлі насихаттауымен ерекшеленеді. Айтыстағы тіл, дін, тарих, 
мәдениет сияқты танымдық деңгейі терең тақырыптармен қоса экология, 
экономика, ауыл проблемалары, ар-ождан, мораль мәселелерінің барлығы бір-
бірімен сабақтаса көрініс табуы, қоғам, ұлт проблемасын тұтастай қарауға 
мүмкіншіліктер береді. Осы күрделі, көкейкесті мәселелердің ақындар 


11 
айтысының бір кезегінде ғана өріліп түспеуі, қазіргі журналистиканың өзінде 
байқала бермейтін мұндай ерекшеліктердің айтыста көрініс беруі ақындар 
шығармашылығының өзіне тән тағы бір қырын танытады; 
- айтыс мәтіндерінің телетаспаға түсуі, баспасөз беттерінде жариялануы, 
жеке жинақ болып басылып шығуы, ауызекі сөз өнерінің заманауи 
технологиялық жетістіктердің арқасында сақталуын және халыққа кең түрде 
насихатталуын қамтамасыз етеді. Бұл көрініс нені аңғартады? Айтысқа әлі 
күнгі ауыз әдебиетінің саласы (немесе сарқыншағы) ретінде қарау, өнердің 
өміршеңдігіне кепіл бола алмайды. Әрине, бұл жерде айтыстың жазба түрі 
туралы әңгіме бөлек. Жоғарыда көтерілген мүмкіншіліктер қазіргі айтыстың 
кәсіби өнерге айналғандығын дәлелдейтін факторлар. Ендеше зерттеу 
барысында туындаған осындай тұжырымдар айтыс өнерінің кәсібилігін 
танытып, оның ресми мәртебе (статус) алуына бағыт болады;
- қазіргі айтыстың қоғамдық маңызы мен әлеуметтік мәні аталмыш 
өнердің қоғамдық ой қалыптастырудағы ықпалы мен ұлттық идеология 
насихатшысы екендігін айғақтайды. Публицистикаға тән осы элементтердің 
айтыс жырларында кездесуі аталмыш өнердің азаматтық журналистика 
функцияларын атқарып отырғандығына дәлел бола алады. Айтыс жырларының 
аз уақытта бұқаралық сипат алып, қоғамдық пікір қалыптастыратын күшке 
айналуы қоғамдық, мемлекеттік салалар үшін елеп-ескеріліп отыратын 
құбылыс. Халықтық ой-пікірді белгілі бір мүддеге топтастыруда айтыс өнері 
үлкен рөл атқарады. Бұл мемлекет саясаты үшін аса маңызды болып саналмақ; 
- мемлекеттік тіл бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында айтыс 
өнеріне үлкен жауапкершіліктер жүктелуі қажет. Айтыс тіл проблемасын 
көтеруші насихат құралы емес, ол ана тіліміздің сапасын арттыруда, мәдениетін 
қалыптастыруда, қорын ұлғайтуда шешуші рөл атқарады. Айтыс жырлары – ана 
тілдің ажарын ашып, айбынын асқақтататын рухани қуат;
- зерттеу нысанының негізін қамтыған екі ғасырлық айтыс тарихының 
(XІX–XX) жалпы болмысы, аталмыш өнердің халықтық сипатын айқындайды. 
Айтысушы ақын жеке басының немесе белгілі бір топтың мүддесін 
қорғамайды, ол қашанда халықтың арман-мұратын жырлайды, көкейіндегісін 
айтады. Ол сол қасиетімен де қашаннан елдің ықыласына, қошеметіне бөленген 
өнер. Асан қайғы, Қазтуған, Бұқар жырау, Махамбет жырларындағы дала 
демократиясының дегдар қасиетін, бүгінгі жаңарған, жанданған айтыстан анық 
байқайтынымыз да сондықтан, айтыстың демократиялық ұстанымын 
танытатын мұндай ерекшеліктердің тәрбиелік-тағылымдық мәні де зор болмақ;
- айтыс – қазақтың бары мен жоғын түгендеп, жақсылығы мен 
жамандығын, жетістігі мен кемшілігін, дерті мен дауасын, ары мен иманын, 
бүгіні мен болашағын ой таразасынан өткізіп, екшеп отыратын өнер. Осы 
айтылған сипаттар ақындар айтысының қазақ қоғамы үшін қаншалықты қажет 
екендігін танытып қана қоймай, өміршеңдік сипаттарына да кепілдік береді. 
Айтыс өнерінің публицистикалық қырларын зерттеу барысында 
әдебиеттану ғылымындағы теориялық, әдіснамалық тұжырымдар мен пікірлер, 
ғылыми ұстанымдар негізге алынды. 
Ғылыми жұмыста А. Байтұрсынов, М. 
Әуезов, С. Мұқанов, Х. Досмұхамедұлы, Ғ. Мүсірепов, Қ. 


12 
Жұмалиев, Е. Ысмайылов, М.Қаратаев, Ә. Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Т. 
Амандосов, Т. Нұртазин, М. Базарбаев, Ә. Болғанбаев, С. 
Қирабаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішұлы, Н. Ғабдуллин, И.М. Тронский,
Ә. Дербісалин, М. Жолдасбеков, Р.Нұрғали, С. Қасқабасов, Ш. Елеукенов, 
С. Садырбаев, О. Сүлейменов, Қ. Әбдезұлы, Н. Омашев, Д. Ысқақұлы, 
Т. Жұртбай, Қ. Алпысбаев, Ө. Күмісбаев, А. Бұлдыбаев, Б. 
Омаров, С. Негимов, Б. Әбілқасымов, Қ. Ергөбек, Б. Жақып, Х. Нұрмыханов, 
М. Жармұқамедов, М.И. Стюфляева, Е.Д. Тұрсынов, Н. 
Қанафияұлы, Н. Төреқұлов, Б. Мұстафин, В.М. Горохов, Р. Бердібаев,
Ә. Нарымбетов, Ө. Оралбаев, т.б. ғалымдар еңбектері мен ғылыми жинақтар, 
сондай-ақ зерттеу тақырыбына байланысты мерзімді баспасөз материалдары 
қарастырылды. 
Ғылыми жұмыста ұсынылған тұжырымдар, қорытындыларды жоғары оқу 
орындарындағы өнер, ауыз әдебиеті тарихы, һәм публицистика теориясы мен 
тарихы, мамандандыру, публицистика өнері, журналистика және әдебиет 
сияқты пәндерден өткізілетін жалпы курстарда, семинар сабақтарында, сондай-
ақ арнаулы орта мектептерде айтыс өнері, сөйлеу мәдениеті сияқты 
факультатив сабақтарда пайдалануға болады. 
Айтыс өнерінің публицистикалық қырларын ашу үшін, тарихи-
салыстырмалы, типологиялық, шығармашылық-психологиялық, кешенді, 
синкретизмдік талдау әдістері басшылыққа алынды. 
Электронды оқулық кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытынды және 
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет