Асанов камашке даулетқАНҰлы айтыс өнерінің публицистикалық сипаты Электронды оқулық


Айтыста көтерілген өзекті проблемалардың бірі – жер мәселесі



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата27.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#70231
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Айтыста көтерілген өзекті проблемалардың бірі – жер мәселесі. Жер 
тағдыры мен экологиялық проблема бір-бірімен сабақтас тақырып болғанымен 
айтыс барысында осы екі жағдай екі үлкен толғақты проблемаға жүк болғандай 
еді. Жер-Ананың экологиялық ахуалына алаңдап жүрген халық енді оның 
шетел кәсіпкерлеріне ұзақ мерзімге жалға берілуі немесе сатылуы сияқты 
санаға салмақ салар аса күрделі кезеңіне тап болды. Жер сату жөніндегі үкімет 
шешіміне наразылық Қазақстанда жаппай бұқаралық сипатқа ие болды. Бұл 
туралы БАҚ өкілдері өз пікірлерін ашық білдіріп, қоғамдық пікір 
қалыптастыруда нәтижелі жұмыстар жүргізді. Айтыс ақындары да бұл мәселеге 
бей-жай қарай алмады.
Айтыстағы жер мәселесі ұлт тарихымен, халық тағдырымен өзектес өріліп, 
қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың күнгейі мен көлеңкелі тұстары 
барынша ашылып көрсетілді. Белгілі ғалым Әнуар Дербісәлин «Толғау жанры 
хақында» атты мақаласында мынадай пікірлер келтіреді: «Заман жайын 
қозғайтын толғаулардың өзіндік ерекшелігі сол, олар нақты бір тақырыптың 
көлемінде қалып қоймай, өмірдің, табиғаттың, адам мінез-құлқының әр алуан 
құбылыстарын тізбелеп баяндай, жақсылық-жамандығын саралай, әр түрлі 
параллельдер арқылы суреттей отырып, тыңдаушының белгілі мөлшерде тәлім-
тәрбие, тағылым алуын көздейді» [176, 108 б.]. 
Ғалымның толғау жанры туралы пікірін келтірудегі мақсатымыздың 
мынадай себептері бар: толғауға тән элементтер айтыс жанрында жиі 
кездесетін сипат. Бұл жағдай айтыс тарихында ежелден бар дәстүр. Айтыстың 
«сүре» түрі көп жағдайларда толғаулық сипат алып, проблеманы немесе белгілі 
бір тақырып аясын ашуда ұзағырақ толғайтын баяндау әдістеріне құрылады.
Айтыс жырларында кездесетін толғаулық сипат әсіресе кейінгі жылдары 
ақын, журналист Жүрсін Ерман идеясымен өмірге келген «Жекпе-жек», 
«Аламан» жыр сайыстарында көбірек байқалады. Айтыстағы толғаулық 
сарынның орын алуына мынадай алғышарттар себеп болады: біріншіден, 
айтысушы ақындарға уақыттың мол берілуі, екіншіден, ақындар көтеріп 
отырған тақырыптың ауқымдылығы мен өзектілігіне байланысты болып келеді. 
Әрине, көп жағдайда айтыскерлердің ұзағынан толғап отырып алуына, ең 
алдымен қазылар алқасы ескерту жасайды.


226 
Егер ақынның сөзі мәнсіз, мағынасыз болса, ондай толғаулық сарындарды 
халық та қабылдай қоймайды. Бұл көріністерден қандай тұжырым жасаймыз? 
Әрине, айтыстың негізгі шарты шартпа-шұрт айтысу, яғни сұрақ, жауап 
сипатында жедел өріліп отыру болса, бұл тұрғыдан толғау элементтерінің 
айтысқа аса қолайлы еместігі. Дегенмен де, кейбір айтыстарда ақындардың 
толғаулық сарындағы жыр кезектерін халық өте жақын, жақсы қабылдайды. 
Оның себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей, тақырып актуальдылығы мен оны 
ашып көрсетудегі айтыскер шеберлігіне байланысты. Халықтың көкейіндегісін 
айтып, діттеген межеден көрініп жатқаны айтыскерді халық сағаттап тыңдаудан 
жалықпайды.
Ғалым Ә. Дербісәлин келтіргендей, заман жайын қозғайтын толғаулар 
белгілі бір тақырып аясында қалып қоймай, өмірдің барлық қырын қамтуы, 
тыңдаушы көрерменге зор қызығушылық тудыратыны ақиқат.
Жырауларшы кең көсіліп, ұзағынан толғайтын айтыс түрлерін қазіргі 
айтыстардан да ұшыратуға болады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, 
айтыскерлерге уақыттың мол берілуі, ақындардың кең көсіліп, ұзақ толғауына 
мүмкіндіктер берді. Мәселен, Мэлс Қосымбаев пен Айбек Қалиев арасында 
өткен айтыс он алты кезектен тұрады. Қазіргі айтыстардың дені бес-алты 
кезектен аспайтынын ескерсек, аталмыш айтыс екі ақынның да барынша 
ашылып, білім мен ақындық өресінің сарапқа салынуына жағдай тудырады.
Ел арасында әлі күнге дейін «Айбектің үш даты» атанып кеткен осы 
айтыстағы ақын Айбек Қалиевтің «Жер» туралы толғанысы өзінің тереңдігі 
һәм тағылымдық сипатымен көпшіліктің есінде қалды. Әрине, ақындар 
айтысында жер тағдыры туралы аз айтылған жоқ. Дегенмен де, дәл Айбек 
ақындай тіл, жер, ауыл тағдырын бір-бірімен сабақтастыра отырып, биліктен 
дат сұрау арқылы зор тебіреніспен жеріне жеткізіп айтқан айтыскер некен-саяқ. 
Бір ерекшелігі, осы күрделі үш тақырыпты Айбек ақын айтыстың бір кезегінде 
ғана айтып өтеді:
«...Алланың да алдында, заңыңның да,
Үш ауыз дат айтуға хақымыз бар.
Замананың зарлы үнін ханға айтуға,
Ақиқатын ашатын дәтіміз бар.
Датымыз шекпендіге ұнамаса,
Міне бас, асыңыздар, атыңыздар!» [177, 196 б.]. 
Айтыс – үлкен психологиялық процесс. Айтысушы ақынның ішкі сезім-
түйсіктері, психологиялық аспектілері жеке зерттеуді тілейтін күрделі сала. 
Біздің айтпағымыз – тыңдаушы-көрермен ықыласын баурап алудағы жекелеген 
ақындардың өзіндік тәсіл-амалдарының болатындығы. Кейде мұндай шеберлік 
үлгілері айтысушы ақынның эмоционалды сөздерді қолдану барысында 
туындап жатады. Мәселен, жоғарыда айтқан Айбек ақынның: «Датымыз 
шекпендіге ұнамаса, Міне бас, асыңыздар, атыңыздар» деген сөзі тыңдаушы-
көрерменге психологиялық тұрғыдан сілкініс береді. Жер проблемасы туралы 
айтыс жырларында кездесетін көптеген ой-пікірлердің жиынтығы іспеттес, 
сезім мен ойды қатар өріп, тақырыпты тереңнен қаузаған Айбек Қалиевтің 
мына бір толғамды ойына зер салсақ:


227 
«...Датымның екіншісі жерім жайлы,
Жерім деп еңіреген елім жайлы.
Өзгенің бодауында кетіп жатқан,
Асқар тау, бел мен белес, көлім жайлы. 
Жерді сату – елді сату екендігін 
Ұқпайтын ел басқарған ерім жайлы.
Тірідей айырылған жер анадан,
Тірі жетім атанған шерім жайлы.
Нұраға, осы жайлы ойланыңыз,
Әйтпесе, кешкелі тұр елің қайғы.
Күні ертең жаһандану зұлматында, 
Болмайды ма, бір сүйем жерім қайғы.
Егініңді себетін жер түгілі,
Өлігімді көметін көрім қайғы...» [178, 197 б.] 
Дәуір сипаты, қоғам ахуалы, уақыт тынысы – осының барлығы адам мінез-
құлқына, ақыл-ойына белгілі дәрежеде ықпал етері сөзсіз. Мұндайды дана 
халқымыз, «заманына қарай амалы» деп атаған. Саяси-әлеуметтік жағдайлар 
барысында кейде билік пен халық арасында ымырасыздықтың орын алуы кез 
келген ұлттың тарихында бар құбылыс. «Адамның ұлттық сезімін, өзінің сол 
ұлттың өкілі екендігін білдіруге байланысты, ұлттың тарихын білу, әрине, 
үлкен шаруа... Егер өткенін білсе, ұлттың қалай қалыптасып, қанша қан төгіп, 
өзінің жерін, елін, ұлттық дәстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам өзінің ұлтқа 
деген ішкі сезімін одан әрі күшейте түседі [178, 38 б.], – дейді белгілі ғалым, 
философ Мұхтар Арын. 
Айтыс ақындары қандай тақырыпты жырласа да, оның өзекті болып, 
халық жүрегіне зор әсер етуі сөз жоқ, ұлт тарихы тағдырын жан дүниесімен 
сезінуден, бағалаудан туындайтын құбылыс. Ешқандай ақын ұлт табиғатына 
жат әдетті жырлаған жоқ, керісінше халықтың болмысына тән ұлы қасиеттерді 
дәріптеп, соның жоғын ғана іздеді. Сондықтан да айтыс жырларында 
көтерілген кез келген проблема ұлт мүддесі үшін қызмет істеді. Философ, 
ғалым Мұхтар Арын пікіріне жүгінсек, бұл ойымызға тағы да біртабан 
жақындай түсеміз.
«Егер жерімізді, атамекенімізді қастерлейтін болсақ, онда ұлтымыздың 
қуатын күшейте түсеміз. Жерге деген сезім, ұлтқа деген сезім екенін әбден, 
анық білуіміз керек. Бірінен бірін ажыратып қарауға ешқандай хақымыз жоқ. 
Бұрындары қазақ жер тұтастығы деген мәселеге қатты мән берген» [178, 51 б.]. 
Айтыстағы жер тағдыры туралы өзекті ойлардың да туындауына осындай 
жағдайлар себеп болса керек-ті. Қоғамдық ой қалыптастырып, ұлттық мүдде 
мұраттарын ұлықтаудағы айтыс өнерінің бұқаралық ықпалын ескерсек, айтыс 
жырларында көтерілген: тіл, дін, ауыл, тарих, саясат, экология, жер 
тақырыптарының қай-қайсысы болмасын, уақыт пен қоғам кеңістігіндегі қазақ 
халқының болмыс-бітімін айшықтай отырып, ақпараттық, насихатшылдық, 
идеологиялық сипаттарымен тарих беттерінде із қалдырары сөзсіз. Өнердің 
тағылымдық-тәрбиелік мәні мен өміршеңдік ізгі мұраттары да осы қырларымен 
өлшенері ақиқат.


228 
Айтыс жырларындағы тақырыптың саналуандығы мен оның өзектілігі 
уақыт ағымындағы Қазақстан мемлекетінің даму, өркендеу тенденцияларынан 
мол мағлұмат береді. Ақындар айтысында көтерілген түрлі проблемаларды 
саралай отырып, еліміздің саяси-экономикалық, рухани-мәдени өміріндегі 
өзгерістердің күнгей һәм көлеңкелі тұстарын анық байқаймыз. Мұның өзі 
айтыс өнерінің әлеуметтік-қоғамдық жағдайдан ешқашанда тысқары 
болмайтындығын танытады. Айтыс ақындарының тақырыпты игеруі әрі 
проблеманы көтерудегі шеберліктері мен әдіс-амалдары туралы мынадай 
тұжырымдар жасауға болады:
- қазіргі айтыстағы тақырып ауқымдылығының сан-салалы болуы уақыт 
талабынан туындап отырған құбылыс. Ақындар айтысы белгілі бір тақырыпқа 
байланысты өткізілгенімен, ол ешқашанда сол проблема төңірегінде қалмайды. 
Мысалы, «Туған тілім – ұлы рухым» атты республикалық айтыста ақындар тек 
тіл проблемасын ғана жырламайды, онда қазақ қоғамында орын алып отырған 
дін, ауыл, экология, жер тағдыры сияқты түрлі мәселелер кеңінен қозғалады. 
Мұның өзі айтыс тақырыбының ауқымдылығын танытумен қатар оның жалпы 
ұлт тағдырына қатысты барлық көкейкесті мәсеелерді қозғайтындығын 
көрсетеді. Сондықтан да айтыс тақырыбына белгілі бір кеңістік көлемінде 
немесе шектеулі ұғым шеңберінде қарауға болмайды. Айтыс тақырыбы терең 
әрі сан-салалы болып келеді. Бұл ерекшелік, айтыс тақырыбы жалпыұлттық 
проблеманы қамтитындығын көрсетеді;
- айтыста қозғалған проблема, көтерілген тақырып, ақындардың ой 
қақтығысы арқылы барынша ашылып, талдану сипатында көрініс табады. 
Мұның өзі тыңдарман қауымды ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, оның 
себеп-салдарын бағамдауға әрі одан белгілі дәрежеде мағлұмат алып, ой 
қорытуға көмектеседі;
- халықтың рухани құндылығына жататын тіл, дін, салт-дәстүр, өнер, 
мәдениет сияқты көптеген тақырыптарды жырлауда айтыс ақындарының 
эмоционалды-экспрессивті 
қырлары 
жарқырай 
көрініп, 
тыңдарманға 
эстетикалық ләззат сыйлау шеберліктері айқындалады. Айтыс табиғатына тән 
осындай ерекшеліктердің өзі тақырыптың жан-жақты танылуына әрі халық 
зердесіне үлкен ой салып, қоғамдық пікір қалыптастыруға негіз жасайды;
- қазіргі айтыстағы қандай тақырып болмасын ол ең алдымен ұлт мүддесі 
тұрғысында жырланып, қазақ қоғамының гүлденуіне, өркендеуіне ықпал етеді. 
Бұл жағдай ақындар айтысының әлеуметтік-қоғамдық маңызын арттырумен 
қатар, өнердің өмірмен етене байланыста болатындығын дәлелдейді.


229 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет