Живопись
(кӛркем сурет) – бейнелеу ӛнерінің маңызы бір түрі. Ол әртүрлі түстерді
беретін бояу және қоршаған әлемді бейнелейтін суретпен тығыз байланысты.
34
Живопистің міндеті – осылар арқылы табиғатты, ғарышты, адам әлемін, әлеуметтік
ортаны бейнелеу.
Живописьтің негізгі құралы – сурет. Бірақ живописьте бояудың (түстің) да маңызы
ӛте зор. Картинаның түсі белгілі бір кӛңіл-күйдің, әсердің қалыптасуында, ойды
жеткізуде маңызды рӛл атқарады. Бояу (түс – цвет) табиғатын ашуда жарықты
пайдалана білу керек. Ӛйткені, картинаның түсі жарық арқылы айқындалады.
Жарық пен кӛлеңкенің алмасуы кӛрермен қабылдауына ерекше әсер етіп,
картинадан тіршілік тынысын аңғартады.
Живопись туындыларының кӛркемдігі колорит, композиция, ритм сияқты
элементтермен айқындалады.
Колорит
(лат. Color – түс) – картинадағы әртүрлі бояулардың (түстердің)
үйлесімділігі. Колорит суретші ойын айқындап, картинаның кӛрерменге әсер етуін
күшейтеді.
Суретші
картина колоритін ойдан шығармайды, қайта табиғаттың ӛзінен кӛптеген
реңдік – түстік қатынастарды тауып, ӛмірді бейнелейтін бояулар үйлесімдігін дәл
беруге талпынады.
Композиция
(лат. Composіtіo – орналастыру, құрастыру) – картинаның мәнін,
сюжетті ашу мақсатындағы суретшінің бейнеленетін нәрсені, құбылысты
жазықтықта орналастыра білу шеберлігі.
Ритм
– қозғалыс динамикасын немесе тыныштық сипатын айқындау үшін силуэттер
мен ауқымды формалардың кезектесіп орналасуы.
Сюжет
(франц. Sujet – нәрсе, бұйым, зат) – оқиғаларды ұйымдастыру, оларды
кӛркемдік тұрғыдан толғау. Сюжет тема (тақырып) сӛзінің синонимі ретінде
қолданылады.
Перспектива
(лат perspіcere – айқын, дұрыс кӛру) – қашықтықта орналасқан
заттарды жазықтықта бейнелеудің ережелері мен тәсілдері туралы бейнелеу
ӛнеріндегі ілім. Перспектива жазықтықта орналасқан заттарды ауқымды (үштік
ӛлшемде) қабылдауға мүмкіндік береді, шындық иллюзиясын тудырады (қайта
ӛркендеу дауірінің атақты суретшілерін еске түсірейік).
Живописьтің негізгі үш жанры бар. Олар: портрет, пейзаж және натюрморт.
Живописьтің күрделі жанрының бірі – портрет. Портретте суретші бейнелейтін бет-
әлпеттің ұқсастығына ғана назар аудармайды, сондай-ақ ол бейнелген адамның
мінез-құлқын, табиғатын, жан-дүниесін ашуға талпынады (мысалы Рим
суретшілерінің портреттері).
Суретші ӛзінің қоршаған табиғатқа деген ой-сезімін, эмоциясын пейзаж
жанры арқылы білдіреді. Суретші әртүрлі табиғат этюдтерін бейнелей отырып
белгілі бір кӛңіл күйді қалыптастырады. Ол табиғат құбылыстарынан басқаларға
біліне бермейтін бір сәттерді бӛліп алып, сол сәтке қайталанбас сипат беріп, оны
мәңгілікке қалдырады. Мысалы қоңыр күз, жазғы тұры кӛктем адам бойында
әртүрлі кӛңіл-күй қалыптастырады. Пейзаж табиғаттағы мәңгілік пен ӛтпеліні,
қозғалыс пен тұрақтылықты бейнелей отырып, адамды ӛмірдің әрбір сәтінің шексіз
құндылығын түсінуге тартады.
Живописьтің тағы бір жанры – натюрморт. Натюрморт – үстел үстіндегі гүлдерді,
жеміс-жидектерді, ас түрлерін т.б. бейнелеу. Натюрморт бізге дәуір тынысын,
халықтың ӛмір салтын жеткізеді.
35
Живопись ӛнерінің тәлімділік-тәрбиелік, эстетикалық маңызы ӛте зор. Ол адам
бойында қоғамдық маңызы бар құндылықтарды қалыптастыруда үлкен рӛл
атқарады. Сонымен қатар адамның жан-дүниесін терең қабаттарын тербеп, оған
эстетикалық ләззат береді.
Мҥсін
(лат. Sculptura – қашаймын) – шындықты сомдалған пластикалық образдар
және ауқымды формалар арқылы бейнелейтін бейнелеу ӛнерінің бір түрі.
Мүсін ӛнерінің екі түрі бар. Жұмыр мүсін, оны үш ӛлшемді (биіктігі, ені, жуандығы)
деп те атайды. Ол бейнеленген нәрсені жан-жағынан түгелдей қарап – кӛруге
мүмкіндік береді. (ескерткірштер, статуялар, бюсттер). Рельеф – тегіс заттың бетіне
бедерленіп, ойылып алынған бейне. Рельефтің бірнеше түрі болады. Егер
бейнеленген фигура жазықтықта жартысынан аса шығып тұрса оны жоғары немесе
горельеф деп, ал сәл ғана шығып тұрса оны тӛмен немесе баремеф деп атайды.
Мүсіннің негізгі жанрлары – потреттік, анималистік (жан-жануарларды бейнелеу),
тұрмыстық, тарихи және орнаментальды (ою-ӛрнек, ӛсімдіктерді, геометриялық
фигураларды бейнелеу) жанрлар.
Мүсін ӛнерінің негізгі ұғымдарының бірі – пластика. Пластика – ауқымды
формалардың, жазықтықтармен пропорциялардың үйлесімді ұштасуы және адамның
бет-әлпетін, дене-бітімін, қозғалысын шеберлікпен жеткізу.
Мүсін ӛнері демалыс бақтарын, сәулет ӛнерінде ғимараттарды безендіруде кеңінен
қолданылады.
Театр
(грек. Theatron – ойын – сауық орны) – қоршаған ортаны актер ойыны және
драммалық іс-қимыл арқылы бейнелейтін ӛнер түрі.
Театр негізі – драматургия. Драматургия театр ӛнерінің даму бағытын, мазмұнын,
оның жанрлары мен кӛркемдік құралдарының жетілуін айқындайды. Театр үшін
драматургия қандай қажет болса, драматургия үшін театр да сондай қажет.
Драматургиялық шығарма ең алдымен кӛрермен үшін жазылады. Татрсыз
драматургия ӛзінің барлық мазмұндық байлығын ашып кӛрсете алмайды.
Театр ӛнерінің туындысы спектакль. Театрда шығармашылық процесс пен оның
нәтижесі спектакльді ажырату мүмкін емес. Спектакльді кітап немесе картина,
басқаша айтқанда аяқталған шығарма деп қарастыруға болмайды, ол үзіліссіз, бітпес
шығармашылық. Сондықтан актер әр спектакль сайын жаңа рӛлге еніп, кӛрермен
алдында кейіпкер образын жасайды.
Театр ӛнері – ең алдымен драмалық әдебиетті сахнада интерпретациялау
ӛнері. Бұл интерпретацияның негізгі тұлғасы – актер, құралы – оның ойыны. Актер
рӛл арқылы драматург пен режиссердің ойын ашады, сахнадағы барлық нәрсені іске
қосып, оларға театрлық кӛркемдік береді. Театр қойылысының шындыққа сәйкестігі
декорациялық безендіруге емес, актер ойынының нанымдылығына байланысты.
Сахнада пейзаж, қала кӛрінісін, бӛлме ішін дәл беруге болады, алайды, актер ӛз
ойыны арқылы оларға тіршілік тынысын бере алмаса олардың бәрі ӛлі күйінде
қалады. Сондықтан актерлік шеберлік ерекше таланттылықты талап етеді. Актер
дикция, интонация, мимика, пластика, жест сияқты кӛркемдік құрал-тәсілдерді жете
меңгеруі қажет. Ол ӛзінің ӛмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, драматугргтың
жеткізе алмағанын кӛрерменге жеткізіп, рӛл мәнін аша түседі. Бұл актердің әрі
орындаушы, әрі жасампаз тұлға екенін аңғартады.
36
Театрдың маңызды ерекшелігі – шығармашылық актінің кӛрерменнің кӛз
алдында орындалуында. Егер кинода кӛрермен шығармашылық процестің
нәтижесін ғана кӛрсе, театрда ол осы процестің ӛзін бақылайды. Кинода кӛрермен
мен актер арасында шынайы байланыс орнату мүмкіндігі шектелген, ал спектакль
кӛрерменге кӛркем шығарманың астарлы сырын танытқандай болады. Спектакльден
ляззат алудың бір құпиясы осында жатыр.
Театр табиғаты жағынан – ұжымдық ӛнер. Режиссураның пайда болуы да театрдың
осы табиғатынан туындаған. Режиссура драматуригияны бегілі бір тұрғыда
интерпретациялау және театр ұжымының күш-жігерін спектакльді идеяны, ойды
ашып, іске асыруға жұмылдыру қажеттілігінен қалыптасады.
Спектакльді дүниеге келтіруші – режиссер. Спектакльді ұйымдастырушы,
қоюшы, актердің талантын ашушы ретінде режиссердің алатын орны ерекше. Бірақ
ол спектакльді бір ӛзі жасамайды, қалай десек те, актер театр ӛнерінің басты
тұлғасы және ӛнердің бұл түрінің ерекшілігіде актермен байланысты. Қайталанбас
театр туындысы тек бір-бірін терең түсінетін, ауыз бірлігі бар ұжымды ғана дүниеге
келеді.
Кино
(грек. Kіnema – қозғалыс, grapho – жазамын) 1898 пайда болды. Осы жылы
ағайынды Луи жан және Огюст Люмьерлер кинопроектор аппаратын ойлап тапты.
Кино ӛнерінің пайда болуы ғылым мен техниканың машиналы индустрияның дамуы
мен тығыз байланысты.
Киноматографияны театрмен жиі салыстырады, оның ӛзіндік негізі де бар. Екеуі де
кеңістік пен уақыт аралығында ӛрбитін синтетикалық, ойын – сауықтың ӛнер
түрлері болып табылады. Екеуі де әдеби шығарма негізінде жасалады, бірақ
киноматографияда әдеби негіз қызметін пьеса емес, сценарий атқарады.
Кино мен театр жақындығы актер ойынынан да кӛрінеді. Алайда кинодағы актер
мен театр актерлерінің айырмашылықтары аз емес. Театр ӛнері ең алдымен актер
ӛнері. Киноматографияның актерлер мүлдем қатыспайтын түрлері де бар. Ал
актерсіз спектакльдің болуы мүмкін емес.
Спектакльден айырмашылығы фильмде сценарист пен режиссер ойы түгелдей актер
ойынында ашылмайды. Киноның тек ӛзіне тән идеялық – кӛркем ойды ашу
құралдары мен тәсілдері бар (Мысалы, кинода операторға, суретші мен
композиторға кӛп нәрсе тәуелді).
Театрмен салыстырғанда кино ӛмір құбылыстарын қең қамтып, ауқымды бейнелей
алады.
Киноның кӛркемдік құралдарының бірі – монтаж. Монтаж-кадрларды белгілі
бір тәртіппен орналастыру. Монтаж арқылы фильмді қоюшылар кӛрермен ойының
бағытын, ассоциацияларын анықтайды.
Киноматографиядағы кӛркем шығармашылықтың қаруы – камера. Кинокамераның
қозғалысы ресурс пен арақашықтықты ӛзгерту арқылы құбылыстарға жаңа мән-
мағына береді. Камера мен объект арақашықтығының ӛзгеруі кӛрерменнің
қабылдауына да ұтымды әсер етеді.
Кино актерлерге де үлкен талап қояды. Фильмнің кӛрермендік деңгейі кӛп жағдайда
солардың шеберлігіне де байланысты. Кино ӛнерінің басты кейіпкері –
кинорежиссер. Ол шығармашылық процестің әрі ұйымдастырушы, әрі жетекшісі.
37
Режиссер фильмінің кӛркемдік, идеялық бағытын анықтап, операторлар мен
суреттердің, композиторлар мен актерлердің еңбегін бір ағымға біріктіреді.
Кино жанрларының кӛптүрлігі кино ӛнерінің табиғат суреттерін, шындықтың алуан
түрлі құбылыстарын, адамның кӛңіл-күйін, толғаныстарын бейнелеудегі шексіз
мүмкіндіктерімен айқындалады.
Қазіргі киноматография негізгі үш түрге бӛлінеді: Кӛркем киноматография, деректі
киноматография, мультипликациялық киноматография.
Кино ӛнері кинодрама, киноповесть, кинокомедия және т.д. жанрлармен де
сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |