10. Ҥй – жайсыз және жайласқан дәуірлер жӛніндегі теориялардың авторы....
А) М. Бубер
В) О. Шпенглер
С) Дж. Келли
Д) А. Бандуры
Е) Б. Паскаль
Жауаптары:
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
А
В
А
А
С
D
А
Е
В
А
Реферат тақырыптары.
1. Мәдениет динамикасы.
2. Мәдени диффузионизм теориясы.
3. Мәдениет типтеріндегі діни құндылықтар.
4. Әлемдік ӛркенит және мәдени әркелкілік.
5. А.Тойнбидің аймақтық ӛркениет теориясы.
4 тақырып. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӚНЕР
1.
Ӛнер туралы жалпы тҥсінік
2.
Ӛнер тҥрлерін сҧрыптаудың негіздері
3.
Кӛркем шығармашылық және кӛркем образ (бейне)
4.
Ӛнер тҥрлері
Мәдениеттің ӛзекті саласының бірі – ӛнер. Ӛнер адамзаттың кӛркем
қажеттіліктерін
қанағаттандырады.
Адамның
жануарлар
дүниесінен
айырмашылығының бірі – ӛнер туындыларын дүниеге әкеп, одна ләззат ала
білуінде.
Ӛнер жеке тұлғаның ғана емес, қоғам ӛмірінде маңызды рӛл атқарады. Ӛнер
құндылықтар мен нормаларды, білімдер мен мән-мағыналарды орнықтырады,
адамның (адамдардың) дүниетанымымен мінез-құлқын қалыптастырады. Сондықтан
да қоғамдық ӛмірді реттеу құралдары, дін, саясат, идеология ӛнерді ӛз мақсаттарына
қызмет еттіруге талпынады. Қоғам ӛмірінің бетбұрыс кезеңдерінде ӛнерге деген
сұраныс ӛсе түседі. Бұл ӛнердің руханилықпен, мәдениетпен тығыз
байланыстылығын кӛрсетеді.
Ӛнер бір-бірімен тығыз байланысты және тарихи кезеңнің кӛркем мәдениеттің
жалпы заңдылықтарына бағынышты ӛнер түрлерінің жүйесі ретінде орын алады.
30
Әрбір ӛнер түрінің шындықты бейнелеу мүмкіндігі шектеулі және болмыстың
нақты аймақтарымен байланысты. Мысалы, музыка адамның тылсымдық
құпияларын құдіретті әуен, ырғақ, арқылы бейнелей алса, ал болмыстың кӛрнекті
жақтарын бейнелеуде оның әлсіздігі, байқалады. Әдебиет адамдардың сӛзін тікелей
бейнелей алса, живописьте мұндай мүмкіндік жоқ. Әр ӛнер түрінің мазмұндық
ерекшеліктері және образды жасау құрал-тәсілдерінің ӛзіндік айырмашылықтары
осымен айқындалады.
Сонымен қатар ӛнер түрлеріне ӛзінің салыстырмалы шектеулігінен шыға алу
мүмкіндігі де тән. Тек ӛзіне тән пәнді бейнелей отырып, кез-келген ӛнер жанама
түрде болсын болмыстың әрқилы тұстарын бейнелей алады. Музыка адам құлағына
сылдырап аққан ӛзен дыбысын жеткізгендей болса, картинадан қоңыр-салқын жел
лебін сезілгендей әсер алуға болады.
Ғылымда ӛнерді үш топқа бӛлу ертеден қалыптасқан: а) Кеңістікте ӛрбитін ӛнер
түрлері (сәулет ӛнері, живопись, мүсін), б) Уақыт аралығында ӛрбитін ӛнер түрлері
(әдебиет, музыка), в) Кеңістік пен уақыт аралығында ӛрбитін ӛнер түрлері (театр,
кино).
Кеңістікте ӛрбитін ӛнер түрлерін статистикалық (тыныштық күйдегі) деп, ал
уақыт аралығында ӛрбитіндерін – динамикалық (немесе процессуальды) деп, ал
кеңістік пен уақыт аралығында ӛрбитін ӛнерлерді – синтетикалық деп те атайды.
Бұл ӛнер топтарының айырмашылығы қабылдау, сезім, органдырының ерекшелігіне
де байланысты. Кеңістікте ӛрбитін ӛнерлер кӛзбен, ал уақыт аралығындағылары –
есту органдарымен, ал синтетикалық ӛнер түрлері екеуімен де бір уақытта
қабылданады.
Аталмыш сұрыптау терминологияларының шартты және салыстырмалы
екендігін айта кеткен жӛн. Ӛйткені, кеңістік және уақыт ұғымдарын дәл мағынада
(философиялық, ғылыми) алуға болмайды. Бұл жерде сӛз аталмыш ұғымдардың
ерекше кӛркемдік мағынасы туралы болып отыр.
Ӛнер
түрлерін
бейнелейтін
(изобразительные)
және
ойды
жеткізетін
(выразительные) деп те сұрыптайды. Бұл сұрыптаудың белгілі бір негізі болғанмен,
оның да шартты екенін айтып кеткен жӛн. Бірдеңені бейнелеумен ғана шектеліп, ол
туралы ештеңе айтпайтын (ойды жеткізбейтін), немесе айтып ештеңені
бейнелемейтін ӛнер түрі кездеспейді. Кез-келген ӛнерде бейнелеу мен ойды жеткізу
қабілеті бар. Олар бір-бірімен бірлікте, тұтастықта болып, кӛркем образдың мән-
мазмұнын айқындайды. Алайда, бұл бірліктің әр ӛнер де тек ӛзіне тән сипаты,
ерекшелігі болады.
Бейнелеу – бұл ӛнер образдарының шындыққа ұқсастығы, сәйкестігі, ал ойды
жеткізу – бейнеленген нәрсенің ішкі идеялық-эмоциялық мағынасы, мәні.
Сәулет ӛнері, әрине живопистің бейнелегеніндей бейнелей алмайды, онда нақты
құбылыстармен ұқсастық жоқ. Бірақ сәулет ӛнерінде сол дәуірдің адамдарының
тұрмыс тіршілігі, арман-мұраттары туралы кӛп мәлімет бере алады. Сол сияқты
музыкада адамның жан-дүниесін ӛзінше бейнелейді.
Сонымен, бейнелеу мен ойды жеткізу кез-келген ӛнер түрінің заңдылығы
болып
табылады.
Бұл
заңдылықтың,
бірлестіктің
бұзылуы
кӛркем
шығармашылықтың реалистік сипатынан бас тартуға әкеп соғады.
31
Ӛнерді сұрыптаудың бұдан басқа да түрлері бар. Мысалы, адамның еңбек
әрекетімен және ӛндіріспен байланысты қолданбалы – сәндік ӛнер түрлері, табиғаты
жағынан ойынға жақын, ойын-сауықтық ӛнер түрлері және т.б.
Ӛнердің мәні мен оны сұрыптау негіздеріне тоқталып ӛткен соң, ӛнердің, кӛркем
мәдениеттің маңызды ұғымдары – кӛркем творчество мен кӛркем образ
мәселелеріне тоқталып ӛтейік.
Екінші сұрақты қарастыру барысында кӛркем ӛнер туындыларын жасауда
маңызды орын алатын кӛркем шығармашылық және кӛркем образ (бейне)
ұғымдарының мәнін, мазмұнын терең де, жан-жақты аша білу қажет. Бұл ӛнердің,
жалпы кӛркем әрекеттің әрқилы заңдылықтарын, принциптері мен адам әрекетінің
тек осы түріне тән ерекшеліктерін дұрыс түсініп, қабылдап, бағалауға мүмкіндік
береді.
Кӛркем шығармашылық жаңа эстетикалық құнды- лықтарды жасау процесі кӛркем
шығармашылық адам әрекетінің барлық саласында кездескенімен, ол тек ӛнер
туындыларын жасағанда ғана ӛзінің толық сапасында ашылады. Кӛркем
шығармашылық адамнан ой ұшқырлығын, ауқымды да терең фантазияны талап
етеді. Сондықтан суретші үшін (бұл жерде біз суретші ұғымын кең мағынада, кез-
келген кӛркем шығармашылық субъектісі ретінде қолданып отырмыз) шындыққа,
дүниеге деген эмоциялық кӛзқарастың орны ерекше. Эмоциональдық шындықты
эстетикалық игерудің, оны қайта ӛңдеп, кӛркем образ бітімінде (формасында)
түйіндеудің алғы шарты болып табылады. Алайда ӛнер объектісін танып-білуде тек
эмоциялық деңгеймен шектелу жеткіліксіз, ол дүниені терең ұғымдық, рациональды
тұрғыда игеруді талап етеді, яғни суретшінің эмоциональдығы интеллектімен
байланыста болады және суретші тұлғасында эмоциялар мен қатар, дүниелі
рациональды игеру белгілері де кездеседі.
Эмоциональдылықпен рациональдылықтың бірлігінде кӛркем творчество
субъектісінің тағы бір маңызды белгісі – дүниеге жеке тұлғалық кӛзқарасы, қарым-
қатынасы, туындайды.
Дүниеге тұлғалық қатынас суретшінің әлеуметтік құрамда алатын орнына ғана емес,
сонымен қатар оның санасында шындықтың бейнеленуінің психофизиологиялық
ерекшеліктеріменде тығыз байланысты.
Кӛркем шығармашылық әрқашан ӛнердегі жасампаздық болып табылады.
Бірақ жасампаздық – мақсат емес. Кӛркем шығармашылықтың эстетикалық
жаңалығымен қатар қоғамдық ӛзектілігі, маңыздылығы болуы қажет.
Кӛркем шығармашылық барысында кӛркем образ (немесе образдар) туындайды.
Кӛркем образда ӛнердің неғұрлым маңызды ерекшеліктері кӛрініс табады.
Кӛркем образ – бейнелеу мен шығармашылықтың, сол сияқты кӛркем қабылдаудың
бірлігі. Кӛркем образ ӛнерде ерекше рӛл атқарады, онда объективті шындық ӛзіндік
бітімде кӛрініс табады. Сондықтан кӛркем образды – ӛнердің ядросы, негізгі
элементі деп қарастыру заңдылық.
Кӛркем образда ӛнер әлемі мен шындық тоғысады, яғни ӛмір сұлулығы мен
ӛнер әсемдігі тұтасып кӛркем образды береді. Сол арқылы кӛркем сана оймен,
сезіммен, нақты ӛмірден алынған әсермен толысады.
Кӛркем образ бейнелеп ойлаудан (образное мышление) бастау алады. Оны жасау,
кӛрерменге немесе тыңдаушыға жеткізуде кӛптеген кӛркем тәсілдер, метафоралар,
32
салыстырушылар мен эллипстер, сол сияқты ірі кӛркем құрылымдар – кейіпкер,
мінезді бейнелеу, кӛркем қақтығыс кеңінен қолданылады.
Кӛркем образда ойдың жалпыламалыққа, абстрактілеуге қабілеттілігі кӛрініс
табады. Алайда кӛркем абстракцияны сезім арқылы бейнелеу мен ғылыми
абстракция барысында туындайтын ұғымды шатастыруға болмайды. Кӛркем
образдың гносеологиялық табиғаты кӛркем және ғылыми ойлау тәсілдерін
салыстыра қарастырғанда айқындалады. Ғылыми ойлау қарама-қайшылықсыз,
қатаңдығымен сипатталса, суретші ойлауында мұндай қатаңдық жоқ. Ол кӛбінесе
метафоралық ойлауға жүгінеді. Екіншіден, ғалымның ойлауы жалпы адамзаттық
(планетарлық) сипатта болса, суретшінің ойлауы индивидуалды (ұлттық) сипатта
болуы мүмкін. Үшіншіден ғылымдағы жаңалық ғылыми прогресс қисынына сәйкес
келсе, кӛркем жаңалық суретші тұлғасымен, оның образды ойлау жүйесімен
байланысты.
Кӛркем образдың жасалу тәсілдеріне байланысты оның кӛп түрі бар. Бұл
процеске бірнеше факторлар әсер етеді. Кӛркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ
екі түрлі Романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ
үш түрлі: этикалық образ, лирикалық образ, драммалық образ. Жасалу тәсілдеріне
тоқталсақ, образ тағы бірнеше түрлі: Юморлық образ, фантастикалық образ,
трагедиялық образ, геройлық образ (бұл туралы толығырақ қараңыз З. Қабдоллов.
"Сӛз ӛнері").
Кӛркем образдың жасалуы бірнеше деңгейден тұрады. Кӛркем образдың ең
абстрактілі деңгейі – идеалды деңгей. Бұл деңгейде кӛркем образдың қалыптасуы
таза интеллектуалды сипатта болады, кӛркем идея тиянақталады. Сонымен қатар,
бұл деңгейде кӛркем образ субъект психикасы шеңберінен шығады. Ӛйткені, кӛркем
идеяның қалыптасуында адамзат мәдениеті, оның кӛркем тәжірибесі зор рӛл
атқарады.
Кӛркем образдың екінші деңгейі – психикалық деңгей. Бұл кӛркем сезім, эмоциялар
деңгейі. Осылар арқылы кӛркем образ қабылданады. Эмоциялар арқылы кӛркем
образ қабылданады. Эмоциялар бірінші деңгейде де маңызды орын алады. Бірақ
психикалық
деңгейдегі
Кӛркем
образдың
қалыптасуында
кӛркем
шығармашылықтағы кӛмекші сананың алатын орны ерекше. Эмоциясыз, сезімсіз
кӛркем образдың болуы мүмкін емес. Ӛйткені, олар қоршаған ортаны бейнелеудің
құралдары болып табылады.
Кӛркем образдың соңғы деңгейі – материалды деңгей, яғни кӛркем образдың
заттанған деңгейі. Бұл деңгейде автор ӛз ойын, сезімін іске асырады. Мысалы,
суретін, мүсінін салып, әнін, кітабын жазып кӛпшілікке ұсынады.
Ӛнер теориясында кӛркем образды образ-түпкі ой (образ, замысел), кӛркем
шығарма, қабылданған – образ деңгейлеріне бӛліп қарастыру кең таралған. Бұл,
әсіресе, кӛркем образдың процессуалды жағын қарастырғанда қолданылады.
Сонымен образ – ӛнердің ӛзіндік ерекшелігі. Онда адам ӛмірінің,
характерлердің, қақтығыстардың, адам сезімінің сипаты кӛрініс табады.
Біз жоғарыда ӛнер түрлерін сұрыптаудың негіздеріне тоқталып ӛттік. Енді ӛнердің
нақты түрлеріне тоқталып ӛтейік.
Музыка
– шындықты дыбыстық образдар арқылы бейнелейтін ӛнер түрі. Музыка
мүсін немесе живопись сияқты шындықты нақты заттарда бейнелей алмағанмен
33
оның ӛзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, музыка адамның жан-дүниесін, терең
сезімін жеткізеді. Екіншіден, адамның уайым-қайғысын, қуаныш-шабытын,
толғанысын үзіліссіз қозғалысты, бейнелейді.
Музыка арқылы бейнелейтін (жеткізілетін) эмоциялар шындыққа тәуелсіз,
абстрактілі эмоциялар емес. Бұл сезімдер қоршаған ортаның, ӛмірлік маңызы бар
оқиғалардың әсерінен пайда болады. Сондықтан музыкалық шығарманың негізінде
адамның пәлсафалық кӛзқарасы, дүниетанымы жатады.
Кез-келген халықтық немесе кәсіби музыканың негізі әуен болып табылады.
Әуен (мелодия) – кӛркем ойластырылған, ырғақты және интонациялық – үйлесімді
ұйымдастырылған әртүрлі биіктегі дыбыстар қатары.
Музыкада санасыз кӛп әуен түрлері бар. Әуен арқылы жеткізілетін эмоция, сезім
қырларын айтып жеткізу мүмкін емес.
Тұрақсыз дыбыстардың тұрақты дыбыстарға тартылуы арқылы анықталатын
музыкалық дыбыстардың ӛзара байланыс жүйесі ырғақ (лад) деп аталады.
Ең кӛп таралған ырғақтар – мажор мен минор. Мажорлы әуен минорларға
қарағанда ашық-айқын, қатаң болып келеді.
Әуен ырғақпен және ритммен тығыз байланысты. Ритм – созылыңқы және қысқа
дыбыстардың алмасуы, олардың арақатынасы. Ритм метрмен байланысты. Егер
ритмде дыбыстардың уақыттағы арақатынасы кӛрініс тапса, метр осы
арақатынастардың ӛлшемі болып табылады.
Әртүрлі би музыкасы осы ритм және метр арқылы ерекшеленеді (вальс, танго,
полька, мазурка).
Музыканың тағы бір кӛркемдік құралдары – регистр мен тембр.
Регистр белгілі жоғарылықтағы (жоғары, орта, тӛмен) әнші дауысының немесе
аспаптың дыбыстық диапазон бӛлігі. Тӛменгі регистр дыбыстары салмақты, ауыр,
түнеріңкі, ал жоғарғы регистр дыбыстары жеңіл, айқын, ашық болып келеді.
Регистрдің біртіндеп ауысуы әуеннің сипатын ӛзгертуі мүмкін, ал әуенді бір
регистірден екіншісіне бірден ауыстыру оның толық қайта ӛзгеруіне әкеп соғады.
Радиодан әншінің немесе музыкалық аспап дауысын тануға мүмкіндік беретін дауыс
сапасы, реңі тембр деп аталады.
Музыкалық жанрдың үш түрі бар. Олар: ән, би және марш. Кез-келген музыкалық
шығарманы алсақ та, олардың негізінде осы үш жанрдың бірі жатады.
Музыкалық жанр деп – мазмұн сипаты, мақсаты, орындаушылық типі тұрғысынан
біріктіріліп, ұйымдастырылған музыкалық шығарма түрін айтады.
Музыкалық шығарманың негізгі екі түрі бар. Егер дауыстар біркелкі болып
келсе, полифониялық кӛп дауыстылық туындайды. Ал шығарма дыбыстар
үйлесімділігіне негізделсе, гомофонды – үйлесімді құрылым туралы сӛз болады. Бұл
жағдайда музыка құрылымы жетекші рӛл атқаратын әуенге және қосымша рӛл
атқаратын сүйемдеуге (аккомпонентке) жіктеледі.
Негізгі музыка бітімділігі (формалары) – соната, концерт және симфония.
Музыка адамды жігерлендіреді, оны батыл қимылдарға жетелейді. Қоғамдық санаға
әсер ете отырып, қоғамды алда тұрған мақсаттарды жүзеге асыруға жұмылдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |