39
Сәулет ӛнерінің маңызды кӛркемдік құралы – пропорционалдық, яғни
ғимараттың немесе архитектуралық ансамбльдың бӛліктерінің үйлесімділігі, оның
қоршаған табиға-әлеуметтік ортамен жарасымдылығы.
Ғимараттың ауқымдылығы,
кеңістікте орналасуы, түсі, құрылысқа пайдаланылған
бұйымдардың сапасы адамға эмоциональды-эстетикалық әсер етудің тағы да бір
тәсілі, құралы болып табылады.
Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық
стиль бірінен соң бірі орын
алмастырды. Олар: роман, готика, ренессанс, борокко, классицизм стильдері
(Қазақстан ұлттық энциклопедия. Алматы, 1998. 459 б.)
Шығыс елдерінде сәулет ӛнерінің дамуы діни ғибадатханалар
салумен тығыз
байланысты болды. Үндістандағы Тадж-Махал мешіті, Михободхи Вихара
ғибадатханасы осыған еңзейді.
Сәулет ӛнері мүсін,
живопись, қолданбалы безендіру ӛнерлерімен тығыз
байланыста дамыды. Қазіргі кезде жаңа құрылыс бұйымдарының ашылуы,
ғылым
мен технологияның ӛркендеуі сәулет ӛнерінің кӛкжиегін одан әрі кеңейтіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: