Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
Өлеңдер
•
Дастан
•
Толғаулар
АЛМАТЫ
«ДӘСТҮР»
2014
Б34
УДК 821.512-122
ББК 84(5қаз)-5
Б34
«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып
шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді»
Бегманов Қ. Күреңбел: Өлеңдер, дастан, толғаулар.
– Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; Дәстүр., 2014. – 384 б.
ISBN 978-601-7204-18-1
Бұл кітапқа Қазақстан Жастар одағы, халықаралық Алаш
әдеби және халықаралық тәуелсіз «Ильхам» сыйлықтары-
ның лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, көрнектi ақын
Қасымхан Бегмановтың бұрын жарияланбаған «Шерлі Түр-
кістан» атты тарихи дастаны мен негізінен соңғы жылдары
жазылған тың туындылары енгізілген.
«Күреңбел» – талантты ақынның поэзиядағы жаңа кезеңі,
биік белесі болып саналады.
Оқырман көңіл пернесін дөп басқан сырлы жырлардың
iшкi иiрiмдерiн айқын сезiнерi анық. Астары терең, ойлы
өлеңдер көпшілік қауымның жүрегін тербеп, нәзік сезімге
бөлеп, көңіл төрінен орын алары хақ.
Кітап поэзияны сүйетін көпшілікке арналған.
УДК 821.512-122
ББК 84(5қаз)-5
ISBN 978-601-7204-18-1
© Бегманов К. 2014.
© «Дәстүр» 2014.
© «Каратау КБ» ЖШС 2014.
3
«ТАШКЕНТПЕН ҚОШТАСУ» —
ПОЭТИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС
Әрбір әйгілі ақынның айрықша шығармашылық
паспорты, көсем көңілдің ерекше куәлігі тәрізді
бір өлеңі болады. Мысалы, Абайды алар болсақ,
менің есіме, алдымен «Қайран елім, қазағым, қай-
ран жұртым» түседі. Абай басқа өлеңдерінде де
Абай, әрине. Сөйте тұра, дәл осы өлеңінде Абай
Абайырақ.
Біздің Қасымхан ініміз елуге енді-енді толып
жатыр. Ол ел ортасы секілді елуіне «Ташкент-
пен қоштасу» деген өзінің дара өлең-куәлігімен
келді. Бұл ақынның кемеріне келіп толысқан-
дығын көрсетеді. Дарынды әріптесіміздің шығар-
машылық мінездемесі міне, осы жырда толығы-
рақ қамтылған деп батыл айта аламын. Мен
Қасымхан Бегмановпен көп сапарлас, сол са-
парларда талай сырласқан ағаларының бірімін.
Екі-үш жыл бұрын Қасымхан ақын екеумізді ұй-
ымдастырушылар Шәмші Қалдаяқовтың Шым-
кенттегі ән фестиваліне шақырды. Шымкенттен
басталған Шәмші тойы күндіз композитордың
туған ауылында, кешке Шәуілдірдегі үлкен той-
ға ұласты. Айтайын дегенім осы сапарымда мен
Қасымханды іздеп сондағы газеттерде істейтін
ұмытпасам Клара, Жазира дейтін жас журналист
қарындастарымыз келді. Себебі Қасымхан еке-
умізді күтуге бөлінген сондағы бір техникумның
директоры Ермек дейтін келісті азамат екеуміз
әлгі қыздарымызға ақын інімізді тауып бердік.
Екі қыздың бірі Қасымханның «Бесіктен бейітке
дейін» деген кітабын түгел жатқа біледі екен. Сол
4
жердегі бірге тұрған он шақты адамға Қасымхан-
ның он шақты өлеңін біз қолқалап сұраған соң, ол
жатқа оқып берді. Неге екенін білмеймін Қасым-
хан ақынға қатысты осы бір оқиға менің есімде
қалыпты. Әсіресе сондағы Қасымханның:
– «Қадыр аға, қазақтар сізді ғана емес,
інілеріңізді де жатқа оқитынына осы жолы көзіңіз
жеткен болар» – деген әдемі әзілі де орынды ай-
тылған сөздей естілді маған.
Өлеңдерін өзінен басқа ешкім оқымайтын та-
лай ақындарды да білемін. Жап-жас әдемі жур-
налист қыз оқыған өлеңдердің ішінен әсіресе
«Шүберек», «Көше ақындары», «Төрт қақпалы
Түркістанға тағзым» тәрізді өлеңдері мен мөл-
діреген моншақтардай махаббат жайлы тамаша
ғазалдары әлі есімде. Бұл оқиға ел ішінде ақын
Қасымхан Бегмановтың жырларын сүйіп оқитын-
дардың аз еместігін білдіреді.
Поэзия ғылым емес. Емес деудің өзі аз. Ол
тіпті, ғылымға кереғар дүние. Кейде тіпті, логи-
каның өзін жоққа шығаратын әлем. Бұл, әрине,
ұзақ дәлелдеуді керек ететін ұзақ әңгіме. Менің
бұл пікіріммен келіссең де, келіспесең де бола-
ды. Бірақ одан ештеңе өзгермейді. Өйткені поэзия
болмысынан субъективті дүние.
«Ташкентпен қоштасуды» әр оқырман әртүр-
лі қабылдайды. Өзбектер үшін ол экспансия, қа-
зақтар үшін – ностальгия. Солайы солай. Өкініші-
не орай, солай. Бірақ қазағы да, өзбегі де, екеуі
екі халық, екі ұлт болмаса бір тұтас түркі, көне
түркілер болса, солар боп ойланса, көп нәрсе өз
орнына түсер еді, әрине!
Ия, көне түркілер. Олар тек тұтас халық қана
5
емес, ол – тарих, ақылға сыймайтын күрделі әлем
еді ғой! Оның бір толқыны Атлант, бір толқыны
Тынық мұхитын қосып жатқан ұлы құбылыс емес
пе еді! Көне Шумер, көне Вавилион сол құдірет-
тің, сол құбылыстың ортасында жатқан шағын
ғана ел емес пе еді!? Шумерлер, көне Шумерден
қалған «Гелгемеш» дастаны бүкіл фонетика заңы-
на жүгінер болсақ, қазақша «Күлкөмеш», яки күл-
ге көміп пісірген нан емес пе?! Немесе сол көне
жыр, ескі эпостың негізгі кейіпкері Нәнқұрсақты
қайда қоясың?! Ол – эпостың негізгі арқауы, не-
гізгі қазығы, Үлкен Ана. Осы есімде тоқайласқан
екі сөз «нән» мен «Құрсақ» – екі сөздің екеуі де
түркі сөздері, мына біздерге бүгіннің өзінде өте
жақын сөздер. Жо-оқ! Қайда барсаң да, қалай
қарай жүрсең де, көне түркіге соқпай өте алмай-
сың. Осы тақырыпта біраз жұмыс істеген Олжас
Сүлейменов осы мәселеге арнаған салиқалы зерт-
теуін «Тарихтан бұрынғы түркілер» деп атаған.
Орысшасын «Турки до истории» деп шегелеген.
Бұл өзі айтса айтқандай мәселе. Сондайда бір ел
болған, сондайда бір халық болған. Ол – түркілер.
Одан кезінде бүгінгі таңда миллиардтан асып кет-
кен қытайлардың өзі қаймыққан. Қаймыққаны
соншалық – Қытай қорғанын тұрғызған. Ол бір
күнде, бір жылда бітіре салатын құрылыс емес,
адамзат тарихындағы ұлы құрылыс.
Біздер жайлы көп ертегі,
көп аңыз,
Оларды біз бар ғасырдан табамыз.
Қытайлықтар салған Қытай қорғанын,
Ал, салдырған соны біздің бабамыз.
Бұл – жай кеуде, жай мақтаншақтық емес, та-
6
рих. Тарихи шындық. Қытайлар осындай ұлы
қорғанды тұрғызып қана қойған жоқ. Сол тас қа-
малдың ішінде қамалып қалды. Бір емес, бірнеше
ғасыр бойы қамалып қалды. Өзгені кіргізбеймін
деп, өздері шыға алмай, тұтқындық халге жетті.
Қазақтың да кеудесі жоғары. Ол да өзін еш-
кімнен кем санамайды. Құшағы кең, көңілі көл.
Бірақ оның да аяқасты тарылып қалатын сәттері
болады. Сөйте тұра, ешкімді аға деп танымаған
қазақ. «Өзбек – өз ағам» деген. Бір ғажабы, содан
қазақтың кішірейген күні жоқ. Қайталап айтамын,
бәрі де көңілден.
Көңіл шіркінің толқыды-ай сол түн
толқындарындай Шыршықтың,
Қара көзімнен ыстық жасымды
неліктен тағдыр ыршыттың!
Тербеткен мынау әлдиіменен
сағыныш аттың жырдың мен,
Ислам бауыр, Сарыағаш жақтан
Ташкентке қарап тұрдым мен.
Шулы шаһардың самаладай боп
шамдары жанды жарқырап,
Көшелерінде даладай дарқан қазақтың
көне салты қап.
Алшаңдай басып алашордашыл осында
жүрді-ау асылдар,
Асылдарымды біздерден бөліп,
түбіне тартты ғасырлар.
... Бала кезімнен баураған мені
аспандай асқақ өлеңмен.
Есімнен қалған ескі соқпақты қастерлеп,
Қасымнан қалған қасқа жолменен келем мен.
Осылай деп бір адам емес, мың адам, миллион
7
адам, осылай деп бір халық емес, бірнеше халық
тебіренеді. Осыны күні кеше өткен Рысқұловтар
түсінген. Ортақ өгізден оңаша бұзау артық деп
ұққан белгілі бір жылдардың өзінде, күндердің
бір күнінде осынау бір оңаша тірліктен таяқ
жерімізді түсініп, Түркістан Республикасының
тарауына қарсы болған-ды. Оның үстіне көршілес
ауылдарды жеке-дара мақсаттарды ажырату оңай
болғанмен, тұтас атамекенді, тамырлас ата-баба-
ны, ең бастысы, әруақтарды қалай бөлесің?!
...Қала жаққа қарасам,
көзіме жас толасың,
Қалай қиып кетермін Төлебидің моласын?!
Елеусіздеу жүрген бір ақыны едім даланың
Шерге толып өзегім кері аттанып барамын.
Қош, Ташкент, аяулым,
көшімді артқа бұрамын,
Шайырлардан жайыңды
хат арқылы сұрармын.
Архивтерді ақтарып,
оңашада жылармын...
...Қайран Жиделібайсын – атамекенім баяғы,
Байбөрі бабам жайлаған өлке саялы.
Сол түні мені әруақтар түгіл,
жұлдызды аспан аяды.
Қалайша бұрын
қайшылық барын сезбедім?!
Алпамыстай түп атам менің
атасы бопты өзгенің.
Жайымды ұғар деймісің
ұпайы түгел өзбегім...
...Шыназ түгіл, Бостандық,
Қыбырай менен Сіргелі
8
Екі елге жалтақтап, не істерін білмеді...
Бірінен бірі алары ғана емес, берері де көп осы
екі елді екі бөліп тастағанда өзбек пен қазақ не
табады?! Төрелеріміз бен қожаларымызды былай
қойғанда Қоңыраттарымызды, Қыбырай менен
Сіргеліні есептеп, тыс жатқан Алшындарымызды
бөлгенде не табамыз?! Ең қиыны – арғы аталары-
мызды, тегімізді, Көкбөріні не істейміз?! Оларды
да бөлеміз бе! Қазақтар ғана осылай ойламайтын
шығар. Тарихымызды түп-тұқиянымызды жатқа
білетін бүгінгі салиқалы өзбек, білімді де зиялы
өзбек ағайындар да осылай ойлап, осылай қайғы-
ратын шығар деп есептеймін.
«Ташкентпен қоштасу» – қатардағы көп өлең-
дердің бірі емес. Бұл өзі жеке-дара дүние, поэти-
калық құбылыс. Оның жанрлық тамыры тым те-
реңде, тіптен әріде. Өткен ғасырларда өмір сүрген
көне қазақ ақындарының жырларында, қопарыла
айтылатын телегей толғауларында жатыр. Дәл
осы арада, дәл осы бір тұста айта кететін бір ерек-
ше пікір, айрықша ой-түйін: Қасымхан Бегманов
поэзиясына үстірттік, асығыстық, фрагменттік,
салғырттық мүлдем жат құбылыс. Ол, нені болса
да, жаны өртеніп, егіліп, төгіліп жазады. Ең соңғы
тамшысына шейін сарқып, таусылып жазады.
Сынаптай быт-шыт болып, шашырап, өте ұсақ
деңгейге шейін бөліне біледі. Содан кейін, бәрін
айтып болғаннан кейін, сол сынап тәрізді қайта
бас қосып, бірігіп, тұтасып түгелдене біледі. Бұл
жалпы тіршілік жаратылысына тән, табиғи заң-
дылық. Поэзия үшін, әсіресе, шынайы да құдірет-
ті үлкен поэзия үшін аса қажетті қасиет. Меніңше
ол толқымай, тебіренбей қолына қалам алмайтын
9
ақын. Қасымханның оқырманын әбден сағын-
дырып жазатыны да содан болуы керек. Жалпы
Қасымхан Бегмановтың осы кезеңдегі ұлттық
бағыттағы үлкен ақын екендігін ашып айтатын
кездің әлдеқашан келгендігін, оның осы бір өлеңі
арқылы оқырмандарға айтқым келді.
Қадыр Мырза ӘЛИ,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Қазақстанның Халық жазушысы.
«Ана тілі», №9, 28 ақпан, 2008 жыл.
«Жұрағат» журналы, №2, ақпан 2008 жыл.
10
МАХАББАТ АҚЫНЫ
Өзінің туған елін ту ғып ұстап, өтіп кеткен бала
күнін, жастық шағы, махаббатын жақсы жыр-
лап жүрген ақынымыздың бірі Қасымхан Бегма-
нов екенін бұрыннан білетінмін де, ақын інімнің
ақындығына, үлкен ағалары Әбділдаға, Қасымға
жақындығына іштей қатты сүйінетінмін. Мен да-
рынды ақын Қасымхан Бегмановтың жаңа кіта-
бын қызыға оқыдым. Жасынан жүлделі тұлпар-
дың шыққан биігін асықпай қызықтауға кірістім.
Өзінің ерекше қолтаңбасы бар ақын ініге деген
риза көңіл бір сәтте төмендеген жоқ. Кітабы-
ның әр бетін оқыған сайын ойландым, бірте-бірте
мен оның шын жанашырына айналдым. Теледи-
дар көрсетіп жатқан «Шельсимен» Ливержульдің
ойынына қарамай Қасымханды үзбей оқи бердім.
Бойыма бір жасыл көктем өзінің рахат нұрын сеп-
кендей сергідім де отырдым. Мен дүниеден өтіп
кеткен ағаларымның жыр кітаптарына өз ойла-
рымды ағымнан жарылып айтып жүрген кісімін.
Қазақтың ұлы ақындары Әбділда, Әбу, Хамит,
Қалижан, Жұбан, Сырбай, Ғафу ағалардың жыр
кітаптары жайлы сезінгенімді, ұнатқанымды
ағымнан жарылып, ол ағалардың көздерінің бар
кезінде айтқан екем-ау. Ол жазғандарым ұстаз-
дарыма деген жанымның алғысы деп те ойлауға
болатын қадам екен. Жылдар өтті. Бізден кейін де
қазақ жырына небір мықты ақындар келді.
Кешегі өткен Төлеген мен Сабырхан, бүгінгі
Мұхтар әдебиет есігін бізден кейін ашқандар. Сол
бауырларға аға болғанымызды өзімізге мақтаныш
көреміз.
11
Ал, Қасымхан Бегманов жаңағы мен атаған жі-
гіттерге іні боп келетін ұрпақтан. Өлең көктемдей
дүниені оятып, оны түрлендіріп тұратын көңіл
емшісі. Жақсы өлең жаныңды жадыратып, қуан-
тып егде тартқан жылдарыңа да қанат бітіріп қи-
яға ұшырып алып кететін құдырет. Қасымхан өз
өнеріне, ақындығына өте сенімді. Жалтақтамай-
ды. Ескіні оятуға шебер, жаңаға дос, серік. Маха-
ббат өлендері, махаббат ақыны деген осы кезде
әдебиетшілердің аузынан әңгімелер естіп қалам.
Меніңше осы махаббат ақыны деп мен Қасымхан
Бегмановты батыл айтар едім. Бегмановтың бекза-
далары аса сұлу да емес, жарқылдаған ойлы, мұң-
ды, сыпайы қарындастарым туралы, қыздарым
туралы Қасымхан терең сыр шертеді. Оның сөз-
деріне жазылған атақты Ілия Жақановтан бастап,
көптеген кейінгі жас композиторларымыз жазған
ән текстері төгіліп, мөлдіреп тұр. Ол әндерді мен
арагідік қазақ радиосы мен телебағдарламалардан
сүйсініп тыңдап жүремін.
«Он сегіздегі сезіммен,
Сүйдім мен қоңыр күзімді.
Тағы бір көктем көзімнен,
Сағыныш болып үзілді.
Көңілде сыр боп қалатын,
Сағыныш бойды тербейді.
От болып жүрек жанатын,
Жастық шақ қайтып келмейді» немесе:
«Кірпіктен шық боп суланған,
Байқалар саған енді нем.
12
Терезелерден буланған,
Елесіңді іздеп телмірем.
Адамның көзі бұлақ дүр,
Ағып бір жатқан елсізде.
Ағыл да тегіл жылап тұр,
Дүние мынау менсіз де.
Заманды тұрған сыр айтып,
Ойлы бір ұрпақ бағамдар.
Біріңді-бірің мұңайтып,
Жылатпаңдаршы, адамдар».
Мен мұндай өлең жолдарын қазақ жырының
антологиясынан оқысам аса қуанған болар ем.
Жалпы аса сезімтал ақын адам жанының тереңі-
не үңіліп керемет кемеңгерлік танытады. Адамға
бақыт әкелетін адамның өзі ғой. Демек бірін-бірі
қолдап, қорғап, жетелеп жүрсе адам өмірі де ұзара
түсетінін бәріміз де білеміз. Жақсылық та, жаман-
дық та адамның өзінен келеді. Бірін-бірі құрмет-
теп, аялай білсе бақыт өзі келіп адам құшағына
кіретінін елемейміз-ау кейде.
Жаңа айттым ғой ғашықтық әуеніне тербелме-
ген жан бар ма. Сол адам жүрегіңдегі ғашық отын
лапылдата жағып жарқырататын ақындарын ха-
лық та жақсы көріп, жандарын үзеді.
Көз жасы моншақ секілді тізіле қалған,
Тамшыдай тамған тырсылдап
жүзіме талдан.
Дүние-ай, сол сәт үн-түнсіз
дәл мендей болып,
Ғашық боп тұрды өзіңе үзіле жалған.
13
Бір-бірін қияр қайғылы шешімге барған,
Осындай мұңды туған жер
төсінде бар ма ән.
Жоғалтқам сонау аяулым мәңгіге сені,
Қос жұлдыз аққан күзгі түн есімде қалған.
Біздерді бөле алмайды ара қашықтар,
Сағынышымды қара жел, ала қашып бар.
Жұлдыздар аққан түндерде
қыдырмаңдаршы,
Ырымға жаман екен ол бала ғашықтар.
Жарайды, ары қарай Қасымхан өлеңдерінен
үзінді келтірмей-ақ қояйын. Кейде «жаман өлең»
деген сөздер де айтылып қалады. Өлеңнің алдын-
да тек жақсы, керемет деген сөздер тұруы керек.
Өлеңнің жаманы болмайды. Жаман болса өлең
емес. Қасымхан өлеңдерінің бәрі де жақсы, өте
жақсы. Ол адам жанының ең нәзік сәулелерімен
ойнайды. Адам жанына әдемі ән болып естіледі.
Адам жанын аялайды, ардақтайды, асқақтата-
ды. Перронда қалған қыздар да, басқа ауылға
келін боп кеткен қарындастар да аса бір мөлдір,
аса бір сұлу. Көкейден кетпейтін әсем жырдай,
таңғы нұрдай бейне бір сағындырған туысыңдай
жан сезіміңе тәтті мұңымен де жақсы әсер етеді.
Жалпы бұл кітаптың қадір-қасиетін білгіңіз кел-
се қайта-қайта оқыңыз. Оқу арқылы қанаттансаң
сағынған көктеміңе де, өткеніңе де, от көгіне де
ұшып жетесіз. Дүниенің керемет екенін, адамға
өмірдің аса аз уақытқа ғана берілетінін Қасымхан
інім әдемі, әрлі жыр жолдарымен өрнектей оты-
рып, сол өмірді сүюге, бір түрлі үндегендей бо-
лады. Қасымханның өлеңмен жазғандарын қара
14
сөзбен қайтып айта алмайтынымды әбден түсі-
нем. Дегенмен өмірдің ортасы елуге, жігіттік-
тің тұлпарына мінуге әзірленіп тұрған талантты
інімнің ақындығына шын риза болғанымды, өлең-
дегі ұлы Жамбыл атасындай ұзақ ғұмыр кешуіне
тілектестігімді білдіремін. Сыпайы жігіттің өнер-
дегі ұпайы түгел. Оның ақындығы қандай бәйгеге
түссе де алдымен келеді. Шаң ішінде қалмайты-
нын асқақ ақындыкқа жаныммен сендім. Ұрпаққа
серіктікке жарайтын сергек, сезімтал жырларың
көбейе берсін, Қасымхан. Келген елуің жігіттіктің
жасы болсын. Көрер жылдарың, жазар жырларың
көп болсын.
Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Қазақстанның Халық жазушысы.
«Ана тілі» газеті, №9, 28 ақпан, 2008 жыл.
«Жұрағат» журналы, №4, сәуір, 2008 жыл.
15
«ШЕРЛІ ТҮРКІСТАН» ТАРИХИ
ДАСТАНЫ ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ
Мұстафа Шоқай. Оның өмірі, Түркістан үшін
жүргізген арпалысты күресі, шығармашылық
мұрасы, кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті – бүтін
бір университет. Әнуар Әлімжанов, Айтан Нүсіп-
хан, Көшім Есмағамбетов – бұл аталған автор-
лардың әрқайсысының шоқайтануға қосқан үлесі
бар. Иншалла осы сияқты ізденістердің әлі де сәт-
ті жемістері болатындығына сенуге болады.
Міне осы көп салалы шоқайтануда, көрнек-
ті ақын Қасымхан Бегмановтың өз орны бар.
«Мұстафа Шоқай жолымен» деп аталатын екі том-
дық кітаптан тұратын айтулы еңбегі, Наршоқыдан
Берлинге дейін жүріп түсірген төрт бөлімді дерек-
ті фильмі, ең негізгісі Өскемен қаласында болып
өткен шулы сот процесінде М.Шоқай есіміне жеке
араша түсіп, сотта жеңіп шығуы оның бұл тақы-
рыпқа деген адалдығының анық көрінісі. Енді
міне, «Шерлі Түркістан», – деп аталатын тарихи
дастаны дүниеге келді.
Қасымхан ақын бір нәрсеге иманындай сенеді:
Мұстафа Шоқайдың биік тұлғасы үшін күрес –
бұл идея үшін күрес, Түркістан халықтарының
тұтастығы мен болашағы үшін күрес. Бұл мәң-
гілік тоқтамайтын майдан.
Ақын Қасымхан Бегмановтың бұл дастаны
Мұстафа Шоқайға, Мұстафа Шоқай сүйген ұлы
Түркістанға арналған. Мағжан, Шолпан, Абдул-
ла Қадыри сынды алыптар жырлаған гөзал Түр-
кістанға.
16
Ақын М.Шоқай сүйген, оның ақ жүрек серіктері
сүйген, бәрі бірігіп бақыт жолына салуды арман-
даған Түркістанды, Түркістанның сол бір биік
тұлғалы перзенттерін санамен сарылып іздейді.
Сол Түркістан, тарихи Түркістан, тұтас Түркістан
неге бізден алысқа ұзап кетті деген оқырманға
сауал тастайды. Дастанның өзегі де, дәні де осы
бәрімізге ортақ, бәрімізге таныс ғажайып ойды,
арманды дәл жұптай беріп, әлі де болса біржо-
ла сөне қоймаған ошақтағы күлге қозғау салып,
оның астындағы шоқтың бетін жалаңаштағандай
сезімге бөлеуінде болса керек! Ірі тақырыпты тек
ұлттық бағыттағы ірі дарындар ғана шебер жыр-
лай алтыны ақиқат. Менімше Қасымхан Бегманов
жан-жақты осындай ірі дарын иесі.
Ендеше, біздің қазақта кеше тебіреніп Мағжан
Жұмабаев, бүгін буырқанып Қасымхан Бегманов
толғай жырлаған, Мұстафа Шоқай шексіз сүйген,
Мұстафа Шоқай армандаған Ұлы Түркістанның
амандығын тілейікші, ағайын.
Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, алаштанушы, тарих
ғылымдарының докторы, профессор
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
17
ҚОҢЫР
Қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім.
Жұмекен
Қоңыр ұл ем, қоңыр үйде ержеткен,
Қоңыр ырғақ жүрегімді тербеткен.
Қыратында гүл теретін қоңыр қыз,
Қалды артымда қоңыр ауыл, қоңыр күз.
Түсіме еніп қоңыр күз бен қоңыр қыз,
Өмір өтті сол бір қоңыр өңірсіз,
Сырқыратты сай-сүйекті қоңыр сыз,
Өмір өтті қоңыр қызсыз, көңілсіз.
Қоңыр жолдар алып кетті жыраққа,
Жауап бермей мұңлы қоңыр сұраққа.
Үнсіз қарап аққан қоңыр бұлаққа,
Қоңыр кеште қоңырайсам... жұбатпа.
Қоңыр өлең, қоңыр ауыл, қоңыр ән,
Қоңыр бала табиғатын қорыған.
Қарапайым қоңыр ақын үлгі боп,
Салқын самал көзін сүрткен сүлгі боп.
Қарай-қарай кеткен қоңыр далаға,
Қоңыр таулы сол бір қоңыр қалаға.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
18
Бойымызда жылуы ескі күпінің,
Құдыретімен ананың ақ сүтінің.
Майын пісіп ескі қоңыр күбінің,
Қоңыр жырдың тереңдігін түбінің.
Қоңыр кеште қызыл гүлге жусаны ық,
Қара кемпір қарап тұрған күн салып.
Сырт айналған қоңыр шалы көз сүртіп,
Қоңыр бала алыс кетті сөз түртіп.
Қоңыр қойлар қыркүйекте күйектеп,
Жылдар өтті қоңыр мұңдар иектеп.
Қайран шешем жатқан қоңыр молаға,
Қарай жүрсін айтшы қоңыр балаға.
Түсінгені, ұға алғаны қай кісің,
Оралмаған қоңыр бала қайғысын.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
19
Достарыңызбен бөлісу: |