Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет14/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   249
Кәсіби қазақ тілі
2-сабақ
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ және
ЖУРНАЛИСТЕР МІНДЕТІ
«Қазақстан  2050»  даму  стратегиясы  алғаш  рет  2012  жылы 
14  желтоқсанда  Елбасының  республика  халқына  арнаған  «Қа-
зақстан-2050»:  «Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қа-
дам» Жолдауында жарияланды. 
Ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаев:  –  «Біздің  басты  мақсатымыз 
–  2050  жылға  қарай  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамын  құру.  Қа-
зақстан  ХХІ  ғасырдың  ортасына  қарай  әлемнің  ең  дамыған  30 
елінің қатарында болуға тиіс. Дамушы елдер арасында осы клуб-
тағы  орынға  бәсекелестік  қатал  болмақ.  Күн  астындағы  орын 
тек  ең  мықтыларға  арналғанын  нақты  сезіне  отырып,  ұлтымыз 
жаһандық  экономикалық тайталасқа дайын болуға  тиіс», – деп 
атап  көрсетті.  Жолдауда  Қазақстанның  даму  жолы  белгіленіп, 
ұзақ мерзімді нақты мақсаттары айқындалып, оларға жан-жақты 
талдаулар жасалған.
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев
2014  жылдың  17  қаңтарында  Қазақстан  халқына  арнаған  «Қа-
зақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 
Жолдауын жария етті. Бұл Жолдауда еліміздің 2050 жылға дейін-
гі даму басымдықтары нақтыланды. Қазақстан Республикасының 
Президенті «Мәңгілік ел» идеясын ұсынды.
«Мәңгілік Ел» идеясын уақыт сынынан өткен Тәуелсіздік құн-
дылықтар құрайды. Олар: 
Біріншіден, бұл – Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астанасы. 
Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік 
пен келісім. 
Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Төртіншіден,  бұл  –  индустрияландыру  мен  инновацияларға
негізделген экономикалық өсім.


16


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет